Кеше кім едік ? Бүгін кімбіз ? Ертен кім боламыз?
Көкірегі ояу азаматтарға хат.
Қартайып кәрі қайың қайысады,
Қасқайып бізбен кімің сайысады?
Болсада заман көлбең өтірікшіл,
Сынбайды ақиқат тек майысады!
Кешегі күніміз:
Елім-айлап зарлап откен күндер-ай! Жау болып жоңғар жағадан алғанда, бөрі болып орыстың саяасаты балақтан жармасты.Шөлге біткен қаңбак сыиақты дүйім жұртшылық әр жерде тоз-тоз болып көшіп қонып жүрді.Айдынынан айрылған аққу амалсыз өзге елдің айдынын мекен етті,қаз қоналмай көліне қысқасы бұл қазақтан береке мен тыныштық қашты.Ел сөзін сөйлер даналарым жазықсыз жаланың құрбаны болып, талай бабаларым, наркескен тұлғаларым жат жердің аядауында жүріп қаза тапты.Сол қиын қыстау кезеңде аруақ деп атқа қонған батыр бабаларым мен елдің тағдырын таразыға сап, басын бәйгеге тігіп, болашақты болжап, қазақ ұлтын қалыптастырған ұлы тұлғаларымызды айтпасқа болмас.Бөгенбай мен Қабанбайдың қарасы көрінгенде жау жағы аңырап қашқан деседі,ақырып атқа қонған Абылайда жоңғардың басын кеседі, тарихты таразылап, зердеменен оқысақ қашанда құдай деген бір ел өседі.Үш биім төреліктің көсемі,дауға түссе қара тілдің шешені.Исатайдан айрылып жалғыздқты дос еткен Махамбеттей батыр бар ма бұл фаниде? Алаш қонған ақорда қаңырып бос қалды. Халел, Міржақып,Мағжан,Дулаттар алаш үшін тау сіліміндей еңбек етті,жазықсыз опат болды.Дегенмен қазақтан шыққан батырда дана ойшыл тұлғаларымыздың арқасында осы күнге жеткеніміз бар.Бабалар рухына тағзым!
Бүгінгі күніміз:
Қыран ұшып көгімде, бақыт бейбіт елдің төрінде!
Мақтан алаш кешгі қазақ бүгін азат.Көк байрағымыз көк аспанда желбіреп қазақстан дейтін ұлы елдің ірге тасын қаладық.Сарарқаның ортасынан ойып тұрып алемге әйгілі Астанамызды салдық.бүлдіршіннің жүзінде күлкі, қарияның жүзінде мейірім. Бұлда бір ынтымақ пен татулықтың белгісі. Қазақя дейтін халқын биіктерге жетелеген Нұр ағамыз жүз жылда бір келетін ғасыри тұлға.
Елдігіміз бекем бірақта мені мазалайтын сауал мыналар.Келешек тізгінді ұстайтын жастарымыз жайлы.Көпке топырақ шашпайын ибалы да иманда патриот жастарымыз баршылық.Көңіл қынжылтатыны басын көпшілігі тілімен, дінінен безгендер.
Дискатеканы мешіт деп оиынхана мен сауықхананы үиім деп, шет елдің әуеніне иіліп, телехикясына жылап жатқан жастардан не үміт не қайыр. Шылымға басын иіп, есірткіне сүйіп, салиқалы қаряаны теуіп жатқан ұрпақтың түрі мынау.Бірін –бірі жүзге бөліп, түнгі көшені кезіп иттей үріп жатқан болашақтың жүрген жүрісіне мояын бұрып қараңыз.
Арын ақшаға сатқандарды атап айтпасақта мына қоғамға белгілі.
Келер ұрпаққа насихат, ақылын беретін ақсақалың анау, құранды емес шарапты дос етіп, баласымен жасты қызбен төсектің дәмін татып жатыр. Балық басынан шіріп жатса, аңғал ұрпағың не болмақ.
Сырты бүтін-іші түтін деп осыны айтса керек.Жастар оиланайық толғанайық. Қазақ дейтін айбарлы елдің намысын еш уақытта таптатпайық.
Ертенгі күніміз:
Бұл арине болашаққа самғау. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтатын болсам. « Не ексең соны орасын», «Ағаштыңда діңгегін ақтап тұрсаң өріктің өзегінде құрт болмайды,»
Мақала иесі: Суюнов Мейрамбек пікірлеріңізді жазыңыздар