+1 дауыс
2.8k көрілді
Құрметті достар сіздердің араларыңызда немесе ата-аналарыңызда отбасылық қаржылық жоспар құратындарыңыз барма?  Бар болса қандай жағдайда қалай қаржы жұмсайсыздар? Қаржылық жоспарлаудың тиімді жолдарын  бөлісе отырыңыздар

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Кіріс пен шығын алдын ала жоспарлы түрде жасалып отырудың маңызы зор. Кіріс пен шығын үнемі тіркеліп отыруы қажет. Ол қаражатты бақылауда ұстауға, отбасылық бюджетке қатысты проблеманы болдырмауға, берекенің болуына және отбасы жағдайының жақсаруына мол әсер етеді.



Отбасылық бюджетті жоспарлау кезінде келесі пункттер назардан тыс қалмағаны лазым екен:
— Шығын категориялары;
— Шығын жиілігі;
— Табыс көздері және оның көлемі;

Шығын категориялары:
— Азық-түлік;
— Жолақы, көлік;
— Жеке қажеттілік: киім-кешек, гигиеналық заттар және т.б.;
— Үйге қажетті тауарлар; 
— Білім: оқу, тренинг, жаттығу (тренировка);
— Сауық, демалыс үшін, той-думан, концерт және т.б.;
— Қосымша және кездейсоқ оқиғаларға шығындар;
— Резерв, жинақ. Бұл ақшадан қиналмас үшін және белгілі бір үлкен шығын жасайтын кезде пайдаланатын сақтандыру жинағы. 
Белгілі бір оқиға салдарынан ақша керек болып қиналғанда осы қаражат көмегіне жүгінуге болады. Таныстар қарыз бермеуі мүмкін, банк процентпен беріп, еселеп қайтарады және табыстың берекесін алуы мүмкін. Осындай қаражат бойынша қиын жағдай орын алмас үшін, бізге міндетті түрде жинақ керек. Табыстың 10% шамамен осы жинаққа салып отырыңыз.

Шығын жиілігі:
— Өте жиі, мәселен күнделікті шығындар;
— Жиі, мәселен апта, ай сайын жасайтын шығындар;
— Сирек, яғни бірнеше айдан соң, жыл сайын немесе бірнеше жылда жасайтын шығындар. Олар әрине көбіне қымбат, үлкен дүниелер;

Шығындар өз алдына тұрақты және айнымалы болып қарастырылады. Атауы айтып тұрғандай, тұрақты ол — тұрақты жасайтын шығындар, айнымалы — ол белгілі бір қуанышты немесе қайғылы жағдай болған кезде немесе өмір болғандықтан, күтпеген оқиға салдарынан жасайтын шығындар.

Сонымен қатар, кеңінен таралған отбасына кіретін табыс көздері келесідей:
— Жалақылар;
— Қосымша табыс (шабашкі);
— Зейнетақы, активтен түсетін пайда және сол сияқты түрлі үлес қаражат;
— Кәсіпкерлік арқылы келетін қаражат және т.б.

Бүгінде отбасылық бюджетті қадағалауға арналған ыңғайлы, оңтайлы компьютерлік, мобильдік бағдарламалар өте көп және адамдар қалағанын пайдалана алады.

 

Жазба Нұржол Табиғатқа тиесілі

Біздің басты проблемамыз ол қарапайым бір айлық кіріс пен шығыс есебін жүргізбейтіндігіміз деп білемін.
Кеткен шығыстытың барлығын бір қағазға түсіретін болсақ, келесі айдан бастап қажет емес шығыстардың барлығын қысқартып тастаймыз. Ол кетіп жатқан шығыстарды көз алдымызға жазып көтсетпегенше, ақшаны оңды солды шаша беретін боламыз.
+2 дауыс
Кірген кіріс пен шығысты тіркеп отырамын арнайы есеп дәптеріне. Сосын жинақты да тіркеймін, ол үйде жиналып жатқан қаражат. Есепшоттағы қаржыны есепке алмаймын. Уақыты келгенде сюрприз болсын деп, бірақ ойша жобалап есептеп қоямын қанша екенін.
Осы есепті жүргізгеннен бері сараңдау болып бара жатырмын, бұрын ешқандай есеп қисап жоқ, оңды солды шашып, көрінген адамға қарызға бере салатынмын, оның жартысы қайтпайд сосын. Ал, бұл дәптерге қарызға бергеннің өзінде сенімді адамдарға беріп, оған ескертуге тырысам тіркеп қойдым, осы датада күтемін деп. Нәтижесі ұнап жатыр. Бұл тек өзімдікі.
Рахмет, табысыңыз мол болсын!
...