+3 дауыс
4.2k көрілді
Қазақ қыздары шет елдіктерге тұрмысқа шыққанға қалай қарайсыз?
Мен   түпкілікті қарсымын  ,себебі  ұрпағымыз қазақ болып қалу керек.

17 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Қарсымын себебі шет елдің санын көбейтіп жатыр қазақты жоқ қылуға таяу және олардың байлығына қызығады ау дим,
Бүгінде қазақ қыздарының өзге ұлт өкілдеріне, шетелдіктерге тұрмысқа шығуы көбейіп барады. Бұған етіміз үйренгендігі соншалық, тіпті қалыпты жағдайдай қабылдайтын болдық.
Әрине, еліміз көпұлтты мемлекет болғандықтан аралас неке болмай тұрмайды. Бірақ, қазақ қыздарының өзге ұлт өкілдерімен көңіл жарастыруы көбейіп бара жатқандығы алаңдатады. Сонау 40 жылдардың өзінде үкімет басында отырғандар орыстандыру саясаты мақсатымен одақтас республикалар арасында аралас некеде тұрғандарды санамалап көрсе, бірінші орынға Латвия елі шықса, Қазақстан екінші орынға шығыпты. Сөйтіп, қазақстандық басшылар Латвияны басып озуға күш жұмылдырыпты. Содан бұл қарқын 80 жылдардың аяғы мен 90 жылдардың басында едәуір баяулапты, себебі сол кезде ұлттың оянған, рухының көтерілген кезі екен. Көрдіңіз бе, намыс оянғанда ондайға жол бермейді екенбіз. Ал, бүгінде бұл қарқын қарыштап көтерілуде. Осылай жалғасып, қазақ қыздары өзге ұлтқа тұрмысқа шығып кете берсе, бүтіндей бір ұлттың өсіп-өркендеуіне үлкен қауіп емес пе? Қазақтың ұрпағын көбейтер болашақ аналар қытайды, жапонды, түрікті, орысты көбейтіп жатса, санаулы қазақтың жағдайы атпаса да түсінікті болады. Жатжұрттықтан туған бала қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтай қояр ма екен? Сол «жиендер» қайта қазаққа шүйлікпесін деңіз. Ондай жайттар өмірде көптеп кездеседі. Қара көздеріміздің оларға үйленуіне не себеп? Жақсы өмір, жайлы тұрмысты армандаған арулар олардың етегінен ұстағанды ұят емес, мансап көретін секілді. Түптеп келгенде әлгі қыздар кімдерге кетіп жатыр? Ол арабтың «қариялары», қаптаған қытайлар, келісімшартпен елімізге жұмысқа келген шетелдіктер, Қазақстан азаматтығын алып, осында тұрақтап қалғысы келген келімсектер болып отыр. Сөйтіп, бір оқпен екі қоян атуды көздегендер. Бұлардың шаңырақ көтеруге махаббат себепші болғанына күмәнім бар. Жалпы, шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қыздарымыздың көбінің жанұялық өмірі ұзаққа бармайтын көрінеді. Бізде «жігіттер қыздарға қарағанда аз» дейді, ия, 30 жастан асқандар арасында сәл айырмашылық бар, бірақ статистикалық мәліметтерге қарағанда 29 жасқа дейінгі мың әйел адамға мың отыз жеті ер адамнан келеді екен. Яғни, бойжеткендерге өз орнымды таба алмай қалам деп қауіптенудің қажеті шамалы. «У ішсең, руыңмен іш» демекші, бақытты алыстан іздемей, «қолда бар алтынды қадірлеп», өзіміздің ел қорғар азаматтарымызды місе тұтқан жөн болар.
+2 дауыс
Қарсымын мен..................................
+2 дауыс
Әрине қазақ қыздарының өзге ұлт азаматтарының етегінен ұстап кете беруіне қарсымын..
+2 дауыс
Қазақтың жігіттері қалмапты ма? Бұзылған деген қыздардың өзінде өзге ұлтқа қиғым келмейді.
+5 дауыс
осындай қазақтың намысты,жігерлі,ақылды,көрікті жігіттері тұрғанда шетелдіктерді неғылсын қазақ қыздары?!

![enter image description here][1]


![enter image description here][2]


![enter image description here][3]


![enter image description here][4]


![enter image description here][5]


![enter image description here][6]


![enter image description here][7]


![enter image description here][8]


  [1]:
  [2]:
  [3]:
  [4]:
  [5]:
  [6]:
  [7]:
  [8]:
армандасың көк тоқты қыстың күні көк шөпті деген екен мына фотодағылар арман ғой
+1 дауыс
Осы қыздар неге шетелдіктерге қызығады екен, әсіре корейдің қызтекелеріне! Қазақтың қара домалақтарының олардан қай жері кем!? Комментарий қалдырыңдарш жауабыма қыздар!
+1 дауыс
Жігіттеріміз аз еді.....Тіпті не айтарымды білмеймін...
Енді айналадағы жігіттер үйленген ,я қыздары бар болса, не қылсың...  оларды да түсіну керек шығар.Бірақ ,әрине ,өзім ондайдан аулақпын.Құай сақтасың!)
–2 дауыс
Шетелге шыксын шыкпасын оздери биледи шаруаларын болмасын аркимнин жеке омирине араласпандар сонда сендерден руксат сурауымыз керек пе? м?
Біз өз қарындастарымыз туралы айтып отырмыз! Сенің шаруаң болмасын! Шыққың келсе кете бер! Бірақ қарындастарымыз үшін сөзді өзіміз береміз
+1 дауыс
Мен қарымын әрине себебі шет елдіктерге тұрмысқа шықса. Олар шет тілдерде үйір болады
+1 дауыс
қарсымын ,бірақ жүрекке әмір жүрмейді,шықпаймын деген қыздар шығып кетіп жатыр көбінесе шетелдік фирмаларда жасайтын арулар.олардың ештенесінде кесіп ала алмайсын
0 дауыс
Әрине қарсы мын  қазір ондайлар көпко
0 дауыс
мен қарсымын
 қазір ондайлар көпко
+1 дауыс

ну же конечно қарсымын қайдағы шетелдікті не кылады сонда қазақтын жигиттеринде намыс жокпа

толып жүрген жоқпа тепсе темір үзетін жігіттер құдайға шүкір көпппп 

 

0 дауыс

Ондай қыздардың көбі "отырып" қалмас үшін басқа елдің азаматына тұрмысқа шығады. Ол да бір жағынан дұрыс шығар.

0 дауыс
Олар оны өзі біледі.Бәлкім бай болған соң шығар
...