+2 дауыс
667 көрілді
Абай ата  Абайлар бар бірақ сені сағынды.

Ұлы бейнесі жоқ, ұрпақ сорлайдыма?
Биік ұшса қырандар болмайдыма?
Мұраларын Абайдың оқымасақ,
Өкініш мұң өзекке толмайдыма?

Орынсыз мақтанбағанда ұлы Абай,
Тұлғаң  биік санамызда тұрады-ай.
“Сегіз аяқ” сегіз түрлі ойды айтып,
Өлеңнен күмбез сарай құрады-ай.

Қоғамға таза арлы ақын керек,
Ақынды дәріптейтін халқым демек.
Заманында ұлы ойшылым хакім еді,
Бүгінгі бұл Абайлар хақын жемек.
 
Бұл  алашым қиналады күрсініп,
Бүгінгі аш  Абайлардан түршігіп.
Түршігеді ! себебі жемқор бәрі,
 Бұзылып қоғам, айныды тіршілік.

Көбейіп атақ құмар өнерпаздар,
Азайды жанға жайлы өлең саздар.
Әйтеуір  тума біткен дарындар,
Бөтен сөзбен былғаған  жағымпаздар.

Ұлы  Абайым шындықтан жасымайтын,
Бай  болатын  бірақ та  тасымайтын
Осы заманда Абайлар қаптап кетті,
Қасық  суға  еңбегі   татымайтын

Жамандықтан қашатын жүрек дейтін,
Адал  еді  нәпсісінен оқ өтпейтін.
Абайдайын ұлылар  қалмады-ау
Көріп  өскелең  ұрпақ  еліктейтін.

Қалың  елім, данаңды  ұмытпағын,
Қайран жұртым  ұлыңды ұлықтағын.
Тектіліктен  туылған  ұлы  Абайдың,
Мұрасына  ілмек  шаң  жуытпағын.

Еске  алып  Абайдайын  ақынды,
Өлеңдері  жүрегіме  жақынды.
Болыс  болған  Құнанбайдың  баласы,
Абайлар  бар, бірақ сені  сағынды.


Авторы  өзім яғни мен Мейрамбек

7 жауап

+1 дауыс
Досым менің. шынымд айтсам өшіруге қолым бармайды. Бұл Сұрақ және Жауап сайты. Ал сенің өлеңіне баға беретін http://aitaber.kz/ сайты бар. Сонда өлеңдеріңді жарияласаң болады. Барлығымыз бағасын беріп, пікірімізді қалдыратын едік.
+2 дауыс
Сөз жоқ идея мықты. Сіз қазіргі қиыннан қиыстыра алмайтын ақындарға көңіліңіздің толмайтынын осы өлеңде көрсеткің келді. Мен сізге қосылам. Адамға алдымен идея керек. Бірақ дейтін жері: ұйқастар келісіңкіремей тұрған жерлер бар, жөндеу керек. Ризамын, бауырым, өлеңің идеялық тұрғыда керемет! Маған ұнады. Менің саған ұсынысым www.massagan.com - да өзіңіз сияқты ақындардың туындылары жарияланған. Қараңыз, аларыңыз болар. Тек алға, қаламың мұқалмасын.
Рахмет  достарым Бауырларым
+2 дауыс
Жаман емес...........................................
өте жақсы!!!
0 дауыс
Талабыңызға нұр жаусын!Жақсы туынды!))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))
+1 дауыс
Өлеңнің идеясы жақсы бірақ, ұйқаспайды Абайдың өлеңдеріне ұқсастықтары да бар менің айтарым қазақи граматиканы жақсылап оқуың керек! "11 буынан тұрмай өлең ұйқаспайды"- деген болатын  Әдебиет пәнінен беретін мұғалім
+1 дауыс
Өте жақсы екен.Аитар оиыңызды,астарлы сөзбен,әдемі ұйқаспен тамаша жеткізе білгенсіз.Бірақ,моиындау керек,кей жолдарыңыздағы буындарыңыз бір-бірімен келіңкіремейді.Бірде 15,бірде 13буынды деген сияқты.Және де бір айтарым,Сіз халықтың қамын жемей малын жеген,мансапқор,жағымпаздарды  Ұлы Абаидың атымен атап көрсетіпсіз.Басқаларды білмеим,бұл мен үшін өрескел қателік!(Ойыңызды түсінем,алаида Абайды соларға теңегендей көрінесіз.Мүмкін "Абай"сөзін тырнақшаға алып жазсаңыз,дұрыс болар ма еді....)Көп сынап кетсем кешіріңіз...!
0 дауыс
Заманында ұлы ойшылым хакім еді,
 Бүгінгі бұл "Абайлар" хақын жемек.
Бүгінгі аш "Абайлардан" түршігіп.
Осы заманда "Абайлар" қаптап кетті,
 Қасық суға еңбегі татымайтын
Осы жерінде Абайдың атымен жамандарды жазып қойыпсыз, тырнақшаға алған сөздері келіспей қалған, ал қалған жерлері жақсы. 3-4 шумақ жолы ұнамағасын 80 пайыз бердім!!!
Достар   берген   ақылдарыңа рахмет  көш жүре түзеледі  мідетті түрде түзетемін
...