Сауап - жөн, шын, лайық. Ислам дінінде жасалған игілікті іс үшін Алла тағала тарапынан берілетін сый. Кімде-кім ислам парыздары мен бұйрықтарын орындап, Алла ризалығына сай жақсылықтарға лайық істер атқарса сауап жинайды, құдайдың шексіз мейірім шапағатына иеленеді. Көптеген аяттар адам баласын Аллаға сенуге, күнәдан сақтанып сауап жинауға шақырады.