0 дауыс
8.0k көрілді
Тіл, көз өткенде не істеу керек?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
http://www.info-tses.kz/red/article.php?article=73329
Жер бетіндегі бірқатар ұлттар мен ұлыстарда көз тиюге байланысты наным-сенім, ырым, әдет-ғұрып бар. Соның ішінде қазақ халқы жақсы адамға, сұлу қызға, жүйрік атқа, жас нәрестеге, тіпті, өзінің дәулеті мен атақ-абыройына да көз тиюі мүмкін деп ойлайды. Сол себепті хас тұлпарларды бәйгеге қосарда, жүлде алған соң үстіне жеңіл жабу салып, елге көрсетпей ұстауға тырысады, көрікті бойжеткенін үйінен көп шығара бермейді, жаңа туған нәрестені келген қонақтан, көрші-көлемнен тасалайды, өзінің атақ-даңқын біреу мақтаса, «түкір», - деп жатады.
«Түкірудің» сыры

Жас сәбиді көз тиюден емдеуді – «үшкіру», «түкіру» деп атайды. Көптеген халықтар бірқатар магиялық және діни әдет-ғұрыптарды орындағанында түкі-ру, үшкіруді кеңінен қолданады. Бақсылар ғана емес, ел ішіндегі тәуіптер де ауырған адамды сумен үшкіріп, оған, оның жан-жағына түкіру шарасын жасағаны белгілі. Олар осылай істесе, ауру адамның бойын жайлаған жын-шайтанды қашырып, дертінен аластауға болады деп ойлаған, оған халық та сенген.

Біз кейде көп мақтанып кеткен кісіге үлкендердің: «көп мақтанба, көз тиеді. Сол иығыңнан асыра түкір де ағашты тоқылдат» деп айтқан сөздерін де естіп қаламыз. Сондай-ақ қариялар, таным-тү-сінігі кең кісілер біреуді мақтағанда ешкімге айтқызбай-ақ: «Тфә, тфә! Тіл-аузым тасқа», - деп жатады. Жас келініне, нәрестесіне, тұлпарына сұқтана, қызыға қараған адамға да қазақтар «көзің тиеді, түкір», - деп еріксіз түкіртіп алады. Оған ол кісі ренжімейді. Өйткені қазақтар көзі өткір, көз қарасы жаман адамның көзі тиеді, адамның көзінде сиқырлы күш бар деп сенеді. Және де түкіртіп алса, көз тимейді деп өзін-өзі жұбатып, қайғырмайды.
Көз тиюге сенетін халықтар
Зерттеушілердің пайымдауынша, көздің өткір-лігіне, оның тиетініне, яғ- ни құпия күшінің сиқыр-лап тастайтынына ежелгі египеттіктер өте қатты сенген көрінеді. Содан олар түрлі көз бояғыш бояулар мен далаптар ойлап тауып, қолданыпты, оны жағып, жақсылық әкелмейтін көздің нұры көз бен ауыздан өтпесін деп қамданыпты. Христиан дінінің кітаптары – «Көне өсиет» пен «Жаңа өсиетте» де өткір көздің қасиеттері туралы жа-зылғандығы «Інжілде» де айтылады.

Әлемде көздің өткір нұры болатынына, оның адамға тиетініне Еуразия, АҚШ, Канада, Африка, Түркия, Иран, Үндістан елдерінің көп халқы иланады. Көз тиюге сену Монғолияда, Жапонияда, Қытайда сирек кездеседі. Соған қарағанда, көз тиюге байланысты таным, түсінік әрқилы. Оны мына деректерден-ақ айқын аңғаруға болады: эфиоптар ерекше қоғамдық топтағы адамдарға ғана көз тиеді деп ойласа, үндістер адам түгілі, аруаққа, жануарларға да көз тиеді деп есептейді. Гректер шайтанның көзі- нен сақтанса, орыс жерін-де халық ежелден-ақ қыли көздер мен қарашығы тө- мендей орналасқан көз-дерден қауіптенген, жақсы көрмеген. Оңтүстік елдерде көкшіл көзді адамдарды ұнатпаса, Солтүстік елдер- дің халқы қара көзді адам- дардан сақтанады. Ал, ка- релдіктер болса, лопар-ліктерді шайтан санайды, лопарліктер шведтерді солай деп ойлайды.

Көптеген елдердің халқы жаман көздің сәулесі қыз-ғаныштан түседі дейді. Көз тию сырының бір құпиясы осында жатқан тәрізді. Осыған орай атақты қол-басшы Александр Ма- кедонский былай депті: «Адам әлемге қарап тұрған кезде, оны құ-марлық жеңеді екен. Тек адамды құмға айналдырар өлім ғана, оның көзіндегі күшті, қызғанышты өлім ғана жоя алмақ».

Зерделеп, пайымдасаң, адамның басқа мүшелерінен гөрі көздері ғана оның ішкі сезімі мен санасынан хабар бере алатын күшке ие. Яғни, көз адам бойындағы магиялық күштің ортаңғы нүктесі. Ал одан жақсы көру мен жек көру, қуану, қорқу, ашулану, құптау, наразы болу, кемсіту, мейірлену тәрізді сезімдер көрініп тұ- рады. Адам көзінен байқал-ған сезімдердің қай-қайсы да екінші адамның өміріне өз ізін қалдырмай кетпейді де.

Көз тиюге қатысты қазақ ырымдары Нәрестені тіл-көзден сақтау Қазақ ырымында нә-рестені тіл-көзден сақтау үшін оның бесігіне, киіміне тұмар ретінде жыланның басын, үкінің талын, тоғыз моншақ күміс тиындарды іліп қояды.

«Көз тиді» деп секемдену Егерде адам «көз тиді» деп секем алса, бұрындары сол көзі тиді деп секемденген адамның үйінен бір нәрсені әкеліп түтететін болған. Халықтың ежелгі сенімі бойынша, сол
Өте жақсы жауап..рахмет көп
...