0 дауыс
Аймақтану деген қандай мамандық, 4 мамандығым осы еді?
Университет, колледж 26.07.2012 7.1k қаралым

1 жауап

0 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Аймақтану мамандығы бойынша бакалаврдың негізгі мақсаты төмендегідей болып табылады:

 

Елді немесе топтық елдердің аймақты кешендік зерттеу;
Аймақ елінің тарихын, этнографиясын, ұлтын, экономикасы мен саясатын, ғылым мен мәдениетін, діні мен тілін, әдебиете мен дәстүрін үйрену.
 

Сен төмендегідей елдердің экономикасына, саясатына, мәдениетіне, біліміне, тіліне, дәстүріне,тарихында маманданасың:

 

АҚШ, Канада
Еуропа елдері
Азия-Тынық мұхит елдері
Таяу және Орта Шығыс Азия елдері
Орталық Азия елдері
 

Сен іс-тәжірибеден төмендегідей мекемелерде өтесің:

 

Сыртқы Істер Министрлігінде;
Туристтік агенттіктерде;
Адам құқықтары бойынша бюрода;
Әкімшіліктер мен Білім департаменттерінде
 

Сенің қызмет атқаратын аяң:

 

Аймақтық саясат пен экономика саласындағы кеңесші;
Әлемдік саясатшы, дипломатшы, ұлттық және аймақтық сыртқы саясатшы бойынша эксперт;
сыртқы саясатқа шолушы;
аудармашы (аудармашы-референт) шет тілін білуші жергілікті өкілетті органдарда, мемлекеттік органдар мен мекемелерде;
орта және жоғарғы оқу орындарында мұғалім.
 

 

Тек сенде шет тілін аптасына 12 сағат көлемінде үйренетін мүмкіндік бар.

 

Тек ҚазХҚжәнеӘТУ саған шетел тілін толық меңгеруге мүмкіндік береді!

 

ЕСТЕ САҚТА: таңдау пәні – Шет тілі.
26.07.2012
Рахмет.............................................................
Грантқа түсу үшін қанша балл керек?
127,956Сұрақ
322,864Жауап
153,167Пікір
72,967Қолданушы