Жігіттер ажырасқан қызға қалай қарайды?

+9 дауыс
8.6k қаралым
Менин кластас дос кызым бар, Оны еркинен тыс алып кашып, келин етип тусирди, бирак ол кыз 4айдай ма турып, ажырасып кетти... Ажыраскан кыздарга жигиттер калай карайды екен? Олар туралы кандай ойда болады екен? Досыма комектесеиндеп едим, колдау корсетип!Дурыс тусининиздер!
• Санаты: Жанұя | 8.6k қаралым

7 жауап

+3 дауыс
Не деуши еди баленше байдан кайтыпты дер еди ертеде... казир кей жағдайда екі ай бұрын үйленген екен ажырасып кетипті неге? байы сабайды, енесі жаман мінезді, ауылда тұрғысы келмейді, оны сүймей басқаны сүйіп қалыты, бұрынғы жүрген жігіті күйдім талдым деп мазалайды екен...
+1 дауыс
Ажырасқанға бәрі қырындап көреді бағын сынап,ешкімге қарамаса ешкімнің шаруасы да болмайды,маңайыңтолы бойдақ болса да есік тықылдатпайды,өзіне байланысты.
+1 дауыс
негізі ондай жандарға расында да еркектердің дені жеңіл қарайды... олардың жоғалтатын ештеңесі жоқ деген қу ниеттен туған ойлары болса керек-ті... ажырасқан жандардың бәрі ардан безген емес қой..өз басым ондай жандарға аяушылық сезіммен қараймын(, құдай басқа бермесін!
Олардың кейбірі күйеуі барларға аянышпен қарайды.Алқаш күйеуден таяқ жеп,түнімен ұйқы көрмей,баласымен дірдектеп далада жүрген әйелдерге.Жаман байдан бойдағым артық,ар алдында аласармаса болды,бірақ күйеуі бар әйелдердің де ардан аттап жататындары бар,адамға байланысты,намысшыл болсаң ешкім басынбайды.
Ажырасқан әйелдер күйеуі барларды бақытсыздарға телісе,бұл енді жүйкедегі ақау болса керек, еркектің бәрі оңбаған деген стереотиптің санадағы сарқыншағы дер едім... Бәрібір жаныңда қосағың болғанға не жетсін...әлімсақта Алла ер мен әйелді қатар жаратты....ондай әйелдер  де  жанын ұғып, жүрегін жылытар бір жанның болғанын арман ететініне сенімім мол!
Мен ажырасуды насихаттап отырғам жоқ,бірақ өмірде бәрі бірдей қол ұстасып бақытты болып жүргісі келсе де,ондай бақыт бәріне бұйырмайды,тіпті күйеуге де шықпай өмірден өткендер бар,күйеуі бар болса да,жоқ болса да абройы барлар ғана сыйлы.
бұл даусыз...бірақ, қазақтың  ұлттық болмысы сол, ажырасқан әйелге деген пиғыл бәрібір бөлектеу, мейлі ол адамгершілігі зор, ары таза әйел бола берсін, әп дегенде бәрібір оған жұрт күдікпен қарайды, әрине, жүре - бара көз жеткізіп, көзқарасын өзгертер. Дегенмен, ажырасқан әйел деген жақсы атақ емес. Бұл менің еркектердің езгісіне төз, "ажырасқан әйел" деген қамыт ілуден сақтан деген сөзім емес. Жәй бұл тұрғыдағы пікірім. Бәрінен де сол ажырасқан некеден қалған балаға ауыр. Ойлап қараңызшы...Негізі қазақ бекер айтпаған...Кіммен қарайсаң, сонымен ағар...
Ажырас деген сөзді күнәлі болсам да айттым мен,бір әріптесіме.Ол шыдағанмен мен шыдамадым.Бір жолы екі адамға наурыз көже пісіруді тапсырдық,олар ертеңінде көп кешікті,біреуі жетті,көзі алақандай,екіншісін қан жоса болып жатқан жерінен жедел жәрдеммен ауруханаға жібердім деді.Ауруханаға бардық,бет ауыздан түк жоқ,бастан зақым алған,үсті басы көгала қойдай.Күйеуі алдында да жұмысқа келіп сабап күйісімізді кетіретін.Балалары әбден шошымалы болған,бір қызы уксус ішіп ауруханаға түсті,екінші рет 45 градус аязда өлем деп үйден қашып әрең тауып алдық.Балалары өжет еді,сағы сынып жасып кетті,ішетіні арақ,наркотик те тартады,осындай күйеу не үшін керек,күйеуі бар деген атақ үшін бе?Сол әйел содан құтылып балаларымен бір күн болса да тыныш ұйықтамай ма?Мен осы жерде алқаштарға қандай ем бар деп жазып жүрмін,мешітке апару керек дейді,ондай дінсіздер бара ма?Кіммен қарайсаң сонымен ағарған дұрыс,бірақ  бастан соққы алып мүгедек болып қалғанға қарсымын,балаға есі дұрыс шеше керек,тағы біреудің күйеуі әйелінің сіңілісін екінші әйел ғып алды,апайының үйіне тұрған ғой пәтерге.Қазір екеуі бірге тұрып жатыр,көретіндері қоршылық.Ал жалпы отбасы бақытын кім армандамайды,бірақ өмірде бәрінің маңдайына жазылмаған.Жақсы атақ үшін қор болған ғұмырлар көз алдымда,міне біреуі отыр жылап еңіреп,маған салса ертегідей қылып өзгертер ем өмірін.
Сөзіңіз орынды, менің жазғандарым тек оларға деген көзқарас жайында еді. Әрине, тағдыр деген алуан түрлі ғой. Бастысы  - адам тани білу керек. Бұрын керемет еді, өзгеріп шыға келді деген бос әңгіме. Әрине, түлен түртіп, жолынан жаңылып жататындар да бар-ау, бірақ бәрібір...Кейде қыздарға таң қаламын, некеге тұрмай-ақ жұдырықтың астына алған жігітке күйеуге шығып жатады. Ол ертен үйленгеннен кейін өлтіріп те тастауы мүмкін емес пе? Адам жар таңдауда және мамандық таңдауда қателеспеуі керек дейді ғой. Он жерден сүйіп - күйіп тұрсаң да, көңілің бір нәрсеге күпті болса әрі қарай қатысып не керек? Махаббат анау-мынау адамды соқыр  етеді, ендеше оның деңгейін қалай да сананың, ақылдың деңгейінен асырмау керек.
Жудырыктын астына алса да шыгатыны ,амал жоктан сол адаммен карайып койгандыктан.Адам сагы сынып калса,кайта бас котере алмай калады,арасында некен саягы болмаса.Кез келген киындыкта мужилмей туйыктан шыга билу керек.
ақыр аяғы істі ажырасуға әкеп тірейтіні бар ұзаққа созбай, сол қадамды некеге дейін -ақ жасасын жүйкесін жүдетпей...бәрібір қарайғанымен ағарып жатқан ештеңесі  жоқ қой...
Үміттенеді,саналы түрде өзін өзі алдайды,бәрі жақсы боп кетеді деп.Менің бір көршімнің күні күн емес,күнде ұрыс,таяқ,араларында балалары да жоқ,бірақ тұрып жатыр,тапқан таянғанды ішіп қояды,түнімен ұйқы бермейді,түн ортасында арақ тап деп қуады,айтқым да келмейді,жетісіп жүрген кім бар дейсің.
Барлық пәле маскүнемдіктен,сол дертті жоятын дәрі болса,жап жақсы тұрып кетер еді,жалпы сол жігіттердің көбі жай кезде жап жақсы адамдар.
ауылды арақ жұтып жатыр... куйеуімнің сөзі есіме түсіме отырғаны... ауылда қалсам, мыналарға еріп, алқаш болып кететін түрім бар екен деп еді бір күні ауылға барғанымызда... қалаға қарағанда ауылда маскүнемдік дерті ушығып тұр, қайтерсің....
қалалықтардың арақ ішетін уақыты жоқ, анда-санда бір сенбіде сыралатын өрке қаламыз сонда да
Қалада насыбайды аузына салатын мода шығыпты дейді.Тіпті 10 жастағы балалар да,насыбай құрамына кайф қатты ұстасын деп клей,тауықтың қиын қосып жіберетін көрінеді,кайфке үйренгендер одан ары әсер алу үшін нашақор болып жатқаны да бар дейді.Жастар ,балалар денсаулығын сұмдық жалмап жатқан сияқты.Ауыз қуысы рагы,белсіздік,нашақорлыққа салыну белең алуда,басқа түркімен мемлекетінде насыбай сатуға тыйым салып жатқаны тегін емес.Ауылда маскүнемдік бұрынғыдан азайды,бірақ арасында мүлде арақтың құлы болып,отбасының бала шағаның шырқын бұзып отырғандар бар.Ең қызығы осы алқаштар жәй кезде сондай мәдениетті,бастары да мықты істейтін табыскер,адамшылығы да мол жігіттер.Мен оларға қатты жаным ашиды көмектескім келеді.Арасында әріптестерім де бар,күн сайын құлдырап бара жатқанын көре тұра үміттенеді екенсің,мүмкін түзеліп кетер,қайда күннен күнге тозып барады,әйелдері де қанша шыдар дейсің.Жігіттер айтқандай оп оңай ешкім ажыраспайды.
Кездесуге келіңіз! Кездесу сайтын айтам.. әңгіме - дүкен құрып, тақырып талқылауға сол жер ыңғайлы.  www.kezdesu.com
Кездесуге барамын.
АУЫЛДАРДА ВЫТРЕЗВИТЕЛЬН   ЖОҚ, СОНДЫҚТАН  АРАҚ ДЕГЕН СУДАЙ ІШІЛІП ЖАТАДЫ.    
 АЛ, АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА, ҚАЛАДА ҚАЛАЙ АРАҚ ІШЕСІҢ ПОЛИЦЕЙЛЕР ҰСТАП АПАРЫП ҚАМАП ТАСТАЙДЫ, ШТРАФЫ ТАҒЫ БАР 100 000 ТЕНГЕ БЕРІП ӘРЕҢ ШЫҒАСЫҢ. МАС БОЛЫП ЖҮРУГЕ ТАҒЫ БОЛМАЙДЫ.
–2 дауыс
олай еркектердің бәрін жаппай жамандай берудің қажеті жоқ, тағдыры солай болған да... орыстың әдемі сөзі бар ғой "Судьба - неизбежная" ажырасқан әйел... әйелінен бала таба алмай ажырасқан еркекке үйленетін шығыр... қанша жерден ауқатты, мықты жерде жұмыстесе де бала болмаса ол үйдің мазасы қашады ғой, сондай еркекті табу керек шығыр, өмір осымен тоқтап қалмайды ғой, бұл менің өз ойым, мені дұрыс түсіндіңіз деп ойлаймын
–1 дауыс
Не қыз емес, не қатын емес. Кімге керек дейсің ондайлар. Бір-екі рет төсекте қолданып кеткісі келетін қу жігіттер пайдаланып кетпесе, ешқандай жігіттер ондай "қыздарға" оң көзбен қарай қоймас.
дұрыс, дұрыс
0 дауыс
Неге оң көзбен карамайды.менде ажырасканмын 1 бопем бар.ештемеси жок жигитим бар аке шешесипен таныстырд.туыстары бари танид.1 жыл 8 ай болд.баламды баласындай коред.кызга байланысты егер жырпыл болса конечно жатуды ойлайд жигиттер.тып тыныш журсен жигит жаман ойламайд.жел турмаса шоптин басы кимылдамайд.ажырастым екен деп бойдактарга ерип кетудмн кажети жок.уйде отсан жаксы жигии кездесед
0 дауыс
Өз әйелінен де жақсы қарайды ғой, өзінен 15-20 жас қыз емес қыз ажырасып кеп отырса, қуанбайтын еркек бар ма? Өздерің біліп отырсыңдар.
мен түсінбедім.               .

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
16.08.2021 • Санаты: Заң Аноним сұрақ қойды
127,937 сұрақ
322,803 жауап
153,169 пікір
72,927 қолданушы