Қалада насыбайды аузына салатын мода шығыпты дейді.Тіпті 10 жастағы балалар да,насыбай құрамына кайф қатты ұстасын деп клей,тауықтың қиын қосып жіберетін көрінеді,кайфке үйренгендер одан ары әсер алу үшін нашақор болып жатқаны да бар дейді.Жастар ,балалар денсаулығын сұмдық жалмап жатқан сияқты.Ауыз қуысы рагы,белсіздік,нашақорлыққа салыну белең алуда,басқа түркімен мемлекетінде насыбай сатуға тыйым салып жатқаны тегін емес.Ауылда маскүнемдік бұрынғыдан азайды,бірақ арасында мүлде арақтың құлы болып,отбасының бала шағаның шырқын бұзып отырғандар бар.Ең қызығы осы алқаштар жәй кезде сондай мәдениетті,бастары да мықты істейтін табыскер,адамшылығы да мол жігіттер.Мен оларға қатты жаным ашиды көмектескім келеді.Арасында әріптестерім де бар,күн сайын құлдырап бара жатқанын көре тұра үміттенеді екенсің,мүмкін түзеліп кетер,қайда күннен күнге тозып барады,әйелдері де қанша шыдар дейсің.Жігіттер айтқандай оп оңай ешкім ажыраспайды.