анығын бір Алла біледі. дінге жақын әдебиетте осы тақырыппен байланысты бір-екі дерек кезіктіргем. Адам атаның бойы +24 метр болған екен. қайта тірілгенде де адам баласына атасының бойы беріледі екен. қазақта "тұқымы ұсақталған" деген сөзді көңілі толмағанда айтатыны бар. адамдар ақырзаманға таяу көбейетіні және ұсақталатыны туралы хабар берілген. білгіштердің өлшемі бойынша, "палтарашка" бойлы бір қауым заманақырға себепкер болады екен. бұл Алланың әмірі. өмір бар жерде өлім бар, бастауы бар нәрсенің соны бар секілді құлдырау деген нәрсе адамды және соның ішінде оның бойын айналып өтпейді.
заманына қарай адамы демеші, әр дәуірде физикалық ерекшеліктердің түрлі болуының мәні бар. бұл қазіргі бір көзі соқыр ғылымға беймәлім боп тұр. құдды Алла құдіретін паш еткендей. онсыз да, қасиеті ҚК-де адамдар бірдей болғанда, оларды жойып басқа өркениет жарататындығы сөз етіледі. яғни сынақ болмаса, бұл дүниенің мәнісі жоқ. бізге түсетіндігі - осы күйінде қабылдау.
уақытқа келер болсақ, 60-70 жылдық өмірде баяғының мың жылдық амалына татитын шаруалар тындыруына мүмкіндік берілген. заманауи технология соған дәлел. қазіргі адам аз өмір сүрсе де, көптеген бонустарға ие :))))