0 дауыс
542 көрілді
Бұрынғы осыдан 2-3 жыл бұрынғы қалпыммен салыстырғанда қазір мүлде жігерсіз адамдаймын.Не істеймін? Не қылам?

2 жауап

0 дауыс
Бар кінә инетте болса,кірмеңіз оған.2-3жыл бұрын қандаи едіңіз?Жігерлі ма едіңіз.?Ендеше ойланыңыз, сол кезде жігеріңізді жанитын не нәрсе еді?Мүмкін спорт болар , айналаңыздағы адамдар шығар немесе басқа нәрсе..сонымен айналысыныз..интернетке кірмей біраз уақыт санаңызды демалтыңыз..Спортпен шұгылданыңыз қайратыңыз тасып,қуатыңыз артады..
0 дауыс
кәсіп пен әуестіктің айналысын қоршап, арасына шекара сызу керек. ажырату шарт емес, шенбер күйінде елестетейік. енді арман-мақсатына қарай екеуіне шаруаларыңды үлестір. кәсіп пен әуестігіңнің неғұрлым көп үйлесетінің қалдырып, артығынан арылуға тырысу керек. кәсіпті тек қана жұмыс деп түсіну - жеткіліксіз. нан табуға ықпал етіп қана қоймай, күнделікті тіршілікте әжетіңе жарайтыны да - кәсіп. бұны әуестенбесең, меңгере алмайсын. ұнамды істі жасаудағы құлшыныс әр бастамаңа драйв берсе, оң нәтижесі келесі белестерге ерекше стимул сыйлайды. бұны эмоцианал түрде сезіне білу еркекке ауадай қажет. осындайды пепсидің слоганы өз орнын табады. виртуалдың мұндағы дозасын белгілейсін шамаңа қарай. айтпақшы, өз-өзіңді жақсы тану - шарт! күнделікті өмірде шарттануға етін үйреніп кеткен болсаң, режиміңе де сәл өзгеріс енгізген дұрыс. әр істі бар ықыласыңмен алғаш рет жасап тұрғандай кейіп танытудан баста. Джим Керридің энтузиазмы керек, ең болмаса Джеки Чанның :) жалпы, әр сәттің "ақысын берерліктей" әрекет ету жауакершілікті арттырады. ал жігер жауапкершілікті құйқа шымырлатар дәрежесінде сезінуде (рухтандырғыш музыкадан да тез және ұзақ әсерлі) жылдам оянады көбіне.
ұнамды істі жасаудағы құлшыныс әр бастамаңа драйв берсе, оң нәтижесі келесі белестерге ерекше стимул сыйлайды. бұны эмоцианал түрде сезіне білу еркекке ауадай қажет.
Қалай түсінуге болады?
қазақы ұяң мінезімізге кейбір еркектерге арналған стереотиптерді қоссақ, эмоцияны аса көп елей қоймайтын халықпыз. бұл - жақсы емес.
ұнамды іс онсыз да сенің әуестігіңмен көбіне қатысты болады. оны құлшына жасағанда, инстинкті түрде "тәбетіңді ашады". драйв деген осы. ал сол ісің оң нәтижемен аяқталса, келесі белестерді бағындыруға іштей итермелеп тұрады. стимул деген осы. іштей керемет бір сезім туындайды. осыны сезінудің орнына еркектер көбіне тұншықтыруға тырысады. бұл өз кезегінде организмге кері әсерін береді. эмоцияның пассивтілігі адамды әбден шарттандырып, адамды автоматтандырады. жігердің жоғалуы осыдан басталады.
Қандай мысал келтіресіз?Түсінбей қалдым.
қарапайым күнделікті тірліктеріңде, мысалға, етің үйреніп кеткен болса да, соны бірінші рет жасап тұрғандағыдай эмоция таныта білу қажет. әйтпесе павловтың тәжрибесіндегідей боп кетеді.
...