+2 дауыс
28.8k көрілді
Жалпы апта күндерінің неге осылай аталғанын білгім келеді?
Дүйсенбі
Сейсенбі
Сәрсенбі
Бейсенбі
Жұма
Сенбі
Шығу тарихына тоқталып,нақты жауап берсеңіздер?!

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазіргі қазақ тілінде қолданылып келе жатқан жеті күндік апта күндері дүйсенбі, сейcенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі жәнежексенбідеп аталады. “Көбіміз бұлардың арасынан Ислам әлемімен тікелей байланысты жұма күнінің ғана мағынасын шамалап болса да білеміз. Ол — арабтың сөзі” десем, қателеспейтін шығармын.
Қазақ тілінде дүйсенбі деген сөз тек аптаның бірінші күнінің атауы ретінде ғана қолданылады. Оның ешқандай жағдаймен байланысы жоқ. Аптадағы алты күннің атаулары парсы тілінен енген. Әр күннің соңындағы “сенбі” сөзі парсының “күн” дегенді білдіретін “шамбэ” сөзінен шыққан. Мысалы:
Сенбі — шанбэ (шанбә) (شنبه)
Жексенбі — йекшанбэ (йек — 1, یکشنبه)
Дүйсенбі — душанбэ (ду — 2, دوشنبه)
Сейсенбі— сешанбэ (се — 3, سه شنبه)
Сәрсенбі— чаһаршанюэ (чаһар — 4, چهارشنبه)
Бейсенбі — пан(д)шанбэ (пан(д)ш — 5, پنج شنبه)
Жұма — арабтың “жиналу, басқосу (جمع ,الجمعة)” сөзінен шыққан.
Бұрынырақта апта қазіргідей дүйсенбіден емес, сенбіден басталған.
Парсы тіліндегі сөздердер сонай Қыпшақтар өмір сүріп тұрған кезде келген болса керек. Олай дейтінім, Қыпшақтардың “Кодекс Куманикус (Қыпшақтар кітабы)” кітабында қыпшақ тіліндегі апта күндерінің атаулары былай деп келеді:
Сабат күні —сенбі,
Йекшанбе — жексенбі,
Тушанбе — дүйсенбі,
Сешанбе — сейсенбі,
Чаршанбе — сәрсенбі,
Паншанбе — бейсенбі,
Айна —жұма.
Қыпшақтар аптаның ең соңғы күнін — жұма күнін — ”айна” деп атаған. Қазіргі түркімендер жұма күнін “Анна” деп атайды.
Жоғарыдағы екі нұсқа да қазақтың тілі қалыптаспай тұрып қыпшақ даласына енген екен. Ал қазақ тілі қалыптасып болғаннан кейін өзінің төл сөздерінен апта күндеріне атаулар берген. Қазақ тіліндегі апта күндері былай аталады:
Бүгін — бірінші күн;
Ертең— екінші күн;
Бүрсікүні — үшінші күн;
Арғыкүні — төртінші күн;
Ауыркүн — бесінші кү;
Соңғыкүн — алтыншы күн;
Азына — жетінші күн.
Қазақтың төл сөздерінен тұратын апта күндерінің атауларының кейбірі қазір де қолданылады. Бірақ мағыналары біраз өзгеріске ұшыраған.
Мәлімет көзі:malimetter.org
+3 дауыс
Апта – 7 тәулікке тең уақыт аралығы. Ол алғаш рет Шығыста пайдаланылған. Б.з.б. 1 ғасырда Римде қолданылды, кейінірек бүкір Еуропаға таралды. Аптаны пайдалану Сатурн, Күн, Ай, Марс, Юпитер, Шолпан, Меркурий сияқты 7 аспан денесінің сол кезде белгілі болуына байланысты пайда болды. Сонымен қатар кейбір елдерде 5 тәуліктік және 10 тәуліктік апталарда пайдаланылады.
0 дауыс
Апта – 7 тәулікке тең уақыт аралығы. Ол алғаш рет Шығыста пайдаланылған. Б.з.б. 1 ғасырда Римде қолданылды, кейінірек бүкіл Еуропаға таралды. Аптаны пайдалану Сатурн, Күн, Ай, Марс, Юпитер, Шолпан, Меркурий сияқты 7 аспан денесінің сол кезде белгілі болуына байланысты пайда болды. Сонымен қатар кейбір елдерде 5 тәуліктік және 10 тәуліктік апталарда пайдаланылады.
0 дауыс
Алла әлемді 6 күнде жаратты ғой

Дүйсенбі - дүй(дауыл) ең алғашқы күні дүйберең болып басталған

Сейсенбі(сейіл) одан кейін дүйберең сейілген

Сәрсенбі (сәре) таңның шығып келе жатқан уақыты ең тыныш уақыт сәре
Бейсенбі (бейне) адам бейнесі жаралған
Жұма (тіршілік басталған күн)
Сенбі (сенетіндер) яғни мұсылман бауырларымыз бар кез
Жексенбі - ұмытып қалыппын бұл күнді
Ағайымыз солай түсіндірген болатын
...