+3 дауыс
877 көрілді
Мұнда [сауалнамадан қате шығып][1] тұрған еді. Соны тексеру мақсатында қойылып тұрған сауалнама! :)


  [1]: https://surak.baribar.kz/181321/

9 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Көңіл күйдің жақсы және жаман болуындағы себептерді анықтау керек. Жалпы, жақсы көңіл күйді қазбалап керегі жоқ шығар, бірақ нашар көңіл күй неліктен солай екендігін анықтау керек. Әр нәрсенің өз себебі болады. Көңіл күйдің нашар болуы, денсаулыққа зиян. Тікелей адам өз денсаулығына зиян келтіруі мүмкін, егер көңіл күйін түсіре берсе. Қандай жағымсыз жағдай болсын, оған бола көңіл күй түсіріп қайғыру мақсат емес (мен қуану керек деп тұрғаным жоқ), оған түсіністікпен, сабырмен қарау керек. Көңіл күй түссе, назарды басқаға аударып, көңіл күйді көтеретін жақсы іспен айналысу, болмаса өткендегі жақсы оқиғаларды еске алуға болады.
Қартайған адамдар (қазірде кейде жастар арасында) түрлі қан қысымы, нервтық жүйелер сырқаттары, әлсіздік сияқты белгілер байқалуда. Көп адамдар өмірде жолдары болмады деп мойындап қояды. Бірақ бұлардың барлығы бірінші кезекте өздерін өздері төмендету болып саналады. Шындығында, адам өзін өзі көңіл күйін түсірмесе, сырттан ешкім оның көңіл күйін түсіруге құқы жоқ. Кей адамдар сырттан келетін нашар сөздерге, әзілмен жауап беріп жатады. Бұл жақсы әрине, кей адамдар ренжіиді, ол жақсы емес. Шындығында, көңіл күйді түсіргеннен ешқандай пайда жоқ, зияны әрине бар.
–1 дауыс
көңілім түсіп,ашуланған кезде, бір орнымда тұра алмай кетемін Ербол. ары-бері жүріп, не істерімде білмей кетемін!
+1 дауыс
Мен үшін ең дұрысы көшеге шығып таза ауада серуендеп қайтканды жөн санаймын
+3 дауыс
көңілім құлазып,ашуланған сәттерде ренжіп  жылап алам.сосын көңілім қалаған іспен айналысам.....
+2 дауыс
*Көңілім түскен кезде  көшеге шығып серуендеуді жөн санаймын!!!*
+1 дауыс
Көңілім түскен кезде наушникпен яғни құлаққаппен ән тыңдаймын .
0 дауыс
Әсем ән тыңдаймын.
ешкім жоқ бөлмеде.....................................
0 дауыс
Көңілім түскенде барынша жалғыз қалғым келеді. Көңілім жабырқаған кезде көбіне сол жайында жазу әдетіме айналған.
0 дауыс
көңіл-күйім бұзылған сәтте қимылыма өзгешелік енгіземін. тұрып тұрған болсам, отырам. отырсам, жатам. жатсам, тұрып кетем. қимылсыз болсам, жүруге тырысам анда-мында. шама келсе, ұйқтауға тырысамын. бұл енді барлық жағдайда көмектеседі маған.
...