Көңіл күйдің жақсы және жаман болуындағы себептерді анықтау керек. Жалпы, жақсы көңіл күйді қазбалап керегі жоқ шығар, бірақ нашар көңіл күй неліктен солай екендігін анықтау керек. Әр нәрсенің өз себебі болады. Көңіл күйдің нашар болуы, денсаулыққа зиян. Тікелей адам өз денсаулығына зиян келтіруі мүмкін, егер көңіл күйін түсіре берсе. Қандай жағымсыз жағдай болсын, оған бола көңіл күй түсіріп қайғыру мақсат емес (мен қуану керек деп тұрғаным жоқ), оған түсіністікпен, сабырмен қарау керек. Көңіл күй түссе, назарды басқаға аударып, көңіл күйді көтеретін жақсы іспен айналысу, болмаса өткендегі жақсы оқиғаларды еске алуға болады.
Қартайған адамдар (қазірде кейде жастар арасында) түрлі қан қысымы, нервтық жүйелер сырқаттары, әлсіздік сияқты белгілер байқалуда. Көп адамдар өмірде жолдары болмады деп мойындап қояды. Бірақ бұлардың барлығы бірінші кезекте өздерін өздері төмендету болып саналады. Шындығында, адам өзін өзі көңіл күйін түсірмесе, сырттан ешкім оның көңіл күйін түсіруге құқы жоқ. Кей адамдар сырттан келетін нашар сөздерге, әзілмен жауап беріп жатады. Бұл жақсы әрине, кей адамдар ренжіиді, ол жақсы емес. Шындығында, көңіл күйді түсіргеннен ешқандай пайда жоқ, зияны әрине бар.