Росомаха - жыртқыш аң. Қазақша атауы - жанат.
Сыртқы келбеті. Жанат тектес ит (енотовидная собака) – шамамен итке ұқсас аң. Денесінің ұзындығы – 65-80см, құйрығы – 15-25см, салмағы – 4-10 келі. Денесі жауырынды, ұзын. Табаны қысқа.
Тұмсығының түсі.
Тұмсығы мен терісінің түсі бойынша бұл жыртқыш аң жанат аңына келеді. Терісі қара-қоңыр, төменгі жағы ашықтау, ұзын және қалың, бірақ қылшықты. Арқасында қара-қоңыр жолағы бар. Тұмсығында "жанаттық" қара-қоңыр қалқаға ұқсас сурет айқын білінеді. Ұртында күлгін-сұр сақалы бар. Құйрығы қысқа, үлбіреген, көлденең жолақсыз. Күрең түстілері де кездеседі. Сондай-ақ альбиностар (ақ терілі) туралы да айтылады.
Таратылуы. Жанат тектес иттердің таралу аймағы – Үндіқытайдың Солтүстік-шығысында, Қытайдың, Жапония және Кореяның жарты аралының орманды және таулы-орманды аймақтарында таралған. Жоғарыда аталған жыртқыш аң Ресейде бұрын Уссурия өлкесінде және Амур облысының оңтүстік аймақтарында ғана кездесетін. Ал 1927 жыл мен 1957жылдар аралығында аңшылық шаруашылықтарды молайту мақсатында 10 мыңға жуық жанат тектес иттерді Кеңес одағының бұрынғы 76 облысына жөнелтілді. Бұл аң еліміздің Азиялық аймақтарында және еуропалық бөлігінде тез өсіп-жетіліп, әрі қарай Батыс Еуропаның Финляндия, Эстония, Швеция, Польша, Румыния, Чехия, Германия және Франция елдеріне таралған. 2013 жылдан бері Швецияда Ресейден келген жанат тектес иттердің санын азайту бағдарламасы жалғасуда.
Тұрмыстық қалпы және тамақтануы.
Жанат тектес иттердің мекендейтін жері – батпақты ойпаттардағы ылғалды шалғындар, өзендердің қопалы жайылмасы және өзен жағасындағы орманды бұталар. Тұрғылықты жерін таңдауы қарапайым. Баспана ретінде әдетте борсықтың және түлкінің апанын пайдаланады. Інін сирек қазады. Сонымен қатар ағаш қуыстарын, жартастың саңылауларын, т.б. жерлерді мекендейді. Кей кездерде ашық жерлерде де орналаса береді. Қорғану мақсатында жолға немесе ауылдарға жақын орналасуы жиі кездеседі. Жанат тектес иттер көбінесе ымырт үйірілген шақта және түнде жорыққа шығады. Азықты жинау тәсілі бойынша – ол кәдімгі жинаушы, өзіне қор іздеу барысында барлық түкпір жерлерді шарлап шығады. Орман, су айдынын, тайызда неме-се теңіз жағалауында кезіп жү-реді. Жылдың жылы мезгілдерінде бір жорығы 7-10 шақырым жерді қамтиды, алайда қармен жүрген кезде табандарының қысқалығынан батып қалады. Жанат тектес ит тұқымдастарының ішіндегі айлакері. Қауіп төнген жағдайда қарсыласпайды, тығылады немесе өлген болып жата қалады. Біршама уақыт (апта) торда өмір сүрген кезде бұл әдісті қолданбайды (бірақ жабайы табиғатқа шыққанда айлаға көшуі мүмкін). Торда ұстағанда адамның қолынан тәтті тағамдарды алады, алайда, оның жабайы аң екенін ұмытпаған жөн! Тыныш жатқан аңды тордан алып шыққанда жайдан-жай сіздің қолыңыздан немесе аяғыңыздан тістеп алуы мүмкін. Ал бос жүргенде бұл аң керісінше жуас. Еш қорқынышсыз бірнеше шақырым жерге дейін қолда ұстап апаруға болады. Жанат тектес ит қолға да үйретіледі. Әрине күшік кезінде үйреткен дұрыс.
Мәліметтер ашық ақпарат көздерінен алынды.