Осы жаңа жылды қай жақта қарсы аласыз?

+10 дауыс
805 қаралым
Біреулер әке-шешесімен,біреулер жолдастарымен қарсы алады.Осы жаңа жылды сіз қайда,қай қалада қарсы аласыз?Әлде 22.30да көрпеге оранып жатып қаласыз ба?
• Санаты: Жалпы сұрақ | 805 қаралым

20 жауап

+18 дауыс
бұйырса Ақтөбеде!!!!
+17 дауыс

Былтыр Египетте қарсы алғанмын.

Биыл Дубайға баруды жоспарлап отырмын.

+18 дауыс
үй-ішімен бірге қарсы алып, содан кейін қаңғу ғо ))))
+19 дауыс
Былтыр оңстік полюсте болып едім алла қаласа биыл ақ аюлармен бірге сары аязда қарсы алсамба деймін. "Рас солай болса қызық боларма еді а"
+20 дауыс
Бұрнағы жылы Сиднейде, былтыр Нью-Йоркта қарсы алдым, биыл Женевада қарсы алмақ ойым бар. Не, армандауға да болмай ма? Әрине, ауылда, үйде жанұямызбен семіз түйенің сүр етіне қол салып қойып, ТД қарап отырып қарсы аламыз, Құдай Тағала бұйыртса.
*_*))))))))))))))
+19 дауыс
Үйде бала шағамен,теледидар қарап,манты жеп қарсы аламын Алла қаласа.
+19 дауыс
Топырағына аунап өскен, Қажымұқан ауылымда, анамның қасында. Бір өзінің қолынан шыққан тапа нанын жеп, маған арнап сақтап отырған қазы-қарталарын жеп дегендей. Ауылда боламын, бауырларымның қасында.
+17 дауыс
алдынғы жылы жолда карсы алғам. осы жылы құдай қаласа үйде қарсы алам.
+17 дауыс
Біз үйде Түркістанда барлық отбасы мушелерімен бірге қарсы аламыз!
+17 дауыс

Мен бұйыртса, пойызда боламын))) "Алматы-Орал"пойызында.))  Қызықты, көңілді және есте қаларлықтай өту үшін жаныма жақсы және ашық мінезді адамдар түссе екен деп тілеп жүрмін)))

+17 дауыс
Мен ата-анаммен қарсы аламын,үйде. Сосын жіберсе,достарыммен ночникке барып билеп келемін)))
+18 дауыс
Жана жыл отбасылык мереке болгандыктан отбасыммен карсы аламын)))
+17 дауыс
Үйде қарсыладым. Ата-анам, туған-туыспен! Биылғы жылы апам ерекше ойындар мен лотериялар, ойындар мен Аяз Ата мен Ақшақар киімдерін әкеліп өте қызық болып өтті. Үйдегі балалар тұрмақ бәріміз үшін де үлкен сюрприз болды)Негізі жаңа жыл деген балалық шаққа саяхат сияқты!
+17 дауыс
Dosim men sagan aitsam ba,alde aitpasam ba bilmeimin,ozim kazir bildim,ne isterimdi bilmeimin,bulai bolui mumkin emes,sen de barinwa sabirli bol,oilanip otirmin bul omirde aiaz ata jok eken. <###20###img021> <###20###img020>
+17 дауыс
әзірге еш жоспар жоқ. Мүмкін бір өзім ЖПда:) үйде жатам:))) Не болмаса Балиге бару. Негізі маңызды емес мен үшін жаңа жыл, жәй демалыс дегені болмаса
+17 дауыс
31-іне үйде болып, 1,2-сіне достарымен қыдырған дұрыс деп ойлаймын.
+13 дауыс
Әке-шешеммен, қарындасым ағаммен үйде қарсы алам!(nod)
+9 дауыс
Уйде карсы аламын аке-шешеммен агаларыммен карсы аламын!Салют атып т,б
+10 дауыс
сағат 12-ге дейін үйде әке-шеше,бауырларыммен бірге болып,қарсы аламын...Ал сосын достарыммен бірге.......
+5 дауыс
Бүгінгі адамдар: «Мерекелерде ешбір тыйым салынған нәрсе жоқ», немесе «Біз бұл мерекеге барғанда тыйым салынған барлық нәрседен тыйыламыз (арақ-шарап ішпейміз, тек қана дастарған жайып атап өтеміз)», – дейді. Пайғамбарымыз саллалаху алейхи уассалямның: «Кім қай халыққа ұқсағысы келсе, ол солардың бірі», – дегеніне сүйенсек, бұған қандай рұқсат болуы мүмкін? Немесе Алланың елшісі (с.а.с.) айтқан екен: «Сендер міндетті түрде өздеріңнен бұрын өткендердің (яхудий мен христиандардың) ізімен жүресіңдер, тіпті олар кесірткенің ініне кірсе де, сендер оларға ілесе кетесіңдер» дейді.

Егер Аллаһ тиым салған нәрседен тиыла алсақ, міндетті түрде одан абзалын береді. Алланың елшісі (с.а.с): «Аллаһ оларды сендер үшін олардан да абзал болған Құрбан және Рамазан айт күндерімен алмастырды». Аллаһ тек қана шындықты айтады. Бүкіл жаратылыстың Раббысы осы екі күнді ең абзал күндер деп атаған. Аллаға және оның пайғамбарына иман келтірген адам бұны қабылдайды да , қалғандарын тастайды.

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
5 жауап
127,953 сұрақ
322,850 жауап
153,167 пікір
72,956 қолданушы