+10 дауыс
513 көрілді
Біреулер әке-шешесімен,біреулер жолдастарымен қарсы алады.Осы жаңа жылды сіз қайда,қай қалада қарсы аласыз?Әлде 22.30да көрпеге оранып жатып қаласыз ба?

20 жауап

+18 дауыс
бұйырса Ақтөбеде!!!!
+17 дауыс

Былтыр Египетте қарсы алғанмын.

Биыл Дубайға баруды жоспарлап отырмын.

+18 дауыс
үй-ішімен бірге қарсы алып, содан кейін қаңғу ғо ))))
+19 дауыс
Былтыр оңстік полюсте болып едім алла қаласа биыл ақ аюлармен бірге сары аязда қарсы алсамба деймін. "Рас солай болса қызық боларма еді а"
+20 дауыс
Бұрнағы жылы Сиднейде, былтыр Нью-Йоркта қарсы алдым, биыл Женевада қарсы алмақ ойым бар. Не, армандауға да болмай ма? Әрине, ауылда, үйде жанұямызбен семіз түйенің сүр етіне қол салып қойып, ТД қарап отырып қарсы аламыз, Құдай Тағала бұйыртса.
*_*))))))))))))))
+19 дауыс
Үйде бала шағамен,теледидар қарап,манты жеп қарсы аламын Алла қаласа.
+19 дауыс
Топырағына аунап өскен, Қажымұқан ауылымда, анамның қасында. Бір өзінің қолынан шыққан тапа нанын жеп, маған арнап сақтап отырған қазы-қарталарын жеп дегендей. Ауылда боламын, бауырларымның қасында.
+17 дауыс
алдынғы жылы жолда карсы алғам. осы жылы құдай қаласа үйде қарсы алам.
+17 дауыс
Біз үйде Түркістанда барлық отбасы мушелерімен бірге қарсы аламыз!
+17 дауыс

Мен бұйыртса, пойызда боламын))) "Алматы-Орал"пойызында.))  Қызықты, көңілді және есте қаларлықтай өту үшін жаныма жақсы және ашық мінезді адамдар түссе екен деп тілеп жүрмін)))

+17 дауыс
Мен ата-анаммен қарсы аламын,үйде. Сосын жіберсе,достарыммен ночникке барып билеп келемін)))
+18 дауыс
Жана жыл отбасылык мереке болгандыктан отбасыммен карсы аламын)))
+17 дауыс
Үйде қарсыладым. Ата-анам, туған-туыспен! Биылғы жылы апам ерекше ойындар мен лотериялар, ойындар мен Аяз Ата мен Ақшақар киімдерін әкеліп өте қызық болып өтті. Үйдегі балалар тұрмақ бәріміз үшін де үлкен сюрприз болды)Негізі жаңа жыл деген балалық шаққа саяхат сияқты!
+17 дауыс
Dosim men sagan aitsam ba,alde aitpasam ba bilmeimin,ozim kazir bildim,ne isterimdi bilmeimin,bulai bolui mumkin emes,sen de barinwa sabirli bol,oilanip otirmin bul omirde aiaz ata jok eken. <###20###img021> <###20###img020>
+17 дауыс
әзірге еш жоспар жоқ. Мүмкін бір өзім ЖПда:) үйде жатам:))) Не болмаса Балиге бару. Негізі маңызды емес мен үшін жаңа жыл, жәй демалыс дегені болмаса
...