Психологиялық білімім жоқ болса да, кей жандарға психологиялық кеңес беріп жүрмін?

+1 дауыс
502 қаралым
Менің арнайы Психологиялық білімім жоқ болса да,кей жандарға психологиялық кеңес беріп жүрмін.Менің бұл әрекетім дұрыс па???
Психологиялық кеңес Белгісіз

3 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап
"Жақсы сөз жарым ырыс,  Жақсы сөзге жан семіреді,жаман сөз жүйкеңді кеміреді,  Жылы-жылы сөйлесең жылан да інінен шығады   т.с.с."- мақалдарды халқымыз диплом дегенді білмейтін,психология дегенді естімеген ықлым заманнан айтып келеді емес пе? Демек психологияның да, философияның да түп негізі арнайы білімде емес, адамның тұла бойындағы қаннан келе жатқан жылт етер қасиетте,ал арнайы білім соның көзін ашушы,толықтырушы, дамытушы һәм тура жолға бағыттаушы қызметін атқарады. Бойында еш таланты жоқ адамда қаншама арнайы диплом болса да ол ағынсыз қақ сумен тең болып қалады. Сондықтан шамаң келіп жатса, қөмегің өтіп жатса бойыңдағы барды еш дипломсыз ақ көппен бөліскеннің еш сөкеттігі жоқ деп ойлаймын, бірақ сол дарыныңды тереңдету үшін түбі арнайы оқу орнында оқып диплом алғаның әрине абзал болар еді..
0 дауыс
*Дұрыс қой әрине)
Кейде болады, өзгелерге көмектескің келіп, ақылыңды айтып.
Менде кейде сөйтемін, бірақ өз басыма келгенде олай жасай алмай қаламын ;)*
Пікірлеріңізге рахмет,СЖ қолданушылары.
0 дауыс
Осы сайттағы көп адамдар біріне қол үшін беріп көмек көрсетуде.  Егер ақыл айтқан кісіңізге  залалы тимей керісінше пайдасы көбірек болса. Жалғасытра беріңіз,  сауапты іс деп ойлаймын, өзгеге көмектесу.
127,680 сұрақ
322,222 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы