+3 дауыс
42.3k көрілді

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қайта өрлеу дәуірінде «гуманизм» деген ұғым адамның және оның шығармалары: әдебиет, ән-күй, сурет, сәулет өнері сияқты көркем өнерлер әрі барлық ғылымдар — зерттеуге тұрарлық салалар дегенді ұстанатын. Қазіргі заманда бұған ешкімнің күмәны жоқ, бірақ бір кезде көпшілік тек Құдай және Оның шығармалары, яғни діни пәндер ғана зерттеуге тұрарлық деген пікірде болды. Әуел баста «гуманизм» жұртшылыққа діннен басқа салаларды да зерттеген дұрыс дегенді ескертті. Алайда адамдардың өздерін гуманиспіз деп атауларының басқа да мәнісі бар. Олар: «Адам баласы өзіне қажет нәрселермен өзін толықтай қамтамасыз етіп, барлық мәселелерін де Құдайсыз-ақ шеше алады» деп сенеді. Әлбетте, адам баласы көптеген мәселелерін өз бетімен шеше алатыны даусыз. Бірақ өзінің күнә жасауына және онысын Құдайдың жазалауына байланысты мәселелерін оның өз жеке басы шеше алмайды.Сенушілер гуманизмнің алғашқы түрін құшақ жая қабылдайды, ал екіншісін жоққа шығарады. Себебі бұл көзқарас ең ұлы Тұлғаны — Жаратушының Өзін мойындамай, адам баласының орнын жарамсыз дәрежеде жоғарылатады.

Байланысқан сұрақтар табылмады

...