+1 дауыс
449 көрілді
кез-келген әке ұлының басқаның алдында тізе бүгіп, мойынсұнбағанын, өз-өзін толық қорғай алатындай дәрежеде болғанын қалайды ғой, ал кішкентай жастағы балалардың сөзге тоқтауды біле қоймайтындығын ескерсек, баланың "духы" мықты болу үшін қалай тәрбиелеу керек? Жалпы баланы дұрыс тәрбиелеудің жолын айтсаңыздар алғысым шексіз. Әсіресе психолог мамандардың көмегіне жүгінгім келеді.

1 жауап

+2 дауыс
Балаңыздың өз әрекетіне жауакершілікпен қарайтын батыл азамат болуы немесе айналасындағы адамдарға жалтақтап, өзіне сенімсіз адам болып қалыптасуы сіздің оған қалай көңіл бөлуіңіз бен дұрыс ой-пікірін қолдап отыруыңызға байланысты.
*
Ата-аналардың біразы баласына "сен өскенде президент боласың"  десе, енді көпшілігі "сенен адам шықпайды", - дейді. Бірақ олар бұл сөздердің баланың әрі қарай дамуына және тағдырына тікелей әсер ететінін ескере бермейді. Кішкентай бала ата-анасы оны қалай бағаласа, ол өзін солай сезінеді. Оның болашағы да ата-ананың (ересек адамдардың) осындай бағалауының ықпалымен қалыптасады. Әрбір ата-ана баланың өзін-өзі дұрыс бағалауы бір жарым жасқа толғаннан басталатындығын есте ұстаған абзал.
*
Сіз балаңыздың өзгелердің кертартпа сөзі мен пікіріне құлақ салмауға және өз-өзіне сенімді болуға үйретіңіз. Егер сіз балаңыздан тек жақсылық күтсеңіз, әрдайым позитивті болыңыз.
ОЙланып көріңізші! Сіз балаңыздың жетістікке жетуіне қалай ықпал етесіз? Әлде "Сен ешнарсе түсінбейсің! Тым болмаса үшінші орынды алсаң болар еді! Үш болса да - күш. Бізге осы да жетеді" деген секілді сөздерді айтып, оның өзін-өз бағалауы мен сенімділігін бәсеңдетесіз бе? Баланың өз күшіне деген сенімділігін төмендететін "Қашан сенде жауапкершілік пайда болады екен?", "Емтиханнан төмен балл жинадың ба? Оқасы жоқ, бізге бола береді", "Көршінің баласындай пысық болу саған өқайды!", "Сен қателестің бе? Әй, сен осындайсың ғой" деген сияқты баланың талабын, духын басып, өзіне деген сенімділігін төмендететін сөздерді қолданбаған дұрыс.  
Барлық ата-ана өзө баласына жақсылық тілейді және оның бақытты болғанын қалайды. ОСы орайда "онда неге көп балалар өзін қорғансыз, бақытсыз сезініп өседі?" деген сұрақ туындайтыны белгілі. Сауатсыз әрекеттеріміз бен ойланбай жасаған ескертулеріміз балаларымыздың өзіне деген сенімділігін жойып, ұяң, тұйық болуына әкеліп соқтырады.
*
Балаңыздың батылырақ және белсендірек болғанын қаласаңыз, оған үнемі "Сен достарыңмен тіл табыса аласың", "Сен бұрынғыдан жақсы оқи бастадың", " Тағы да тырысып көрші. Қиындықтарға берілме", "Мен сені мақтан етемін, қиын болса да сен жеңіп шықтың", "Сенің бас алмай еңбектенгеніңді байқадым", "Сенің қолыңнан барлық нәрсе келеді", "Достарыңнын сені бағғалап, құрметтейтініне өте ризамын" деген сияқты сөздермен мақтап отыруға тырысыңыз.
*
Әрбір ата-ана баласын қателіктен қорықпай, олардан нәтиже шығаруға дағдыландырып отыруы қажет. Сәтсіздіктің үлкен тәрбие екенін ұқтыра білген жөн. Сонда кішкентай балаңыз да ер жетіп, өз бетінше өмір сүруді бастағанда кез келген кедергілерге қарсы тұрудан қорықпайтын батыл да тәуекелшіл болады. Сүрініп құлап қалса, сол орнында жата бермей, орнынан қайта тұрып алға талпынатын болады. Әрине мұндай батылдылық баланың кішкентай кезінен қалыптасатынын есте ұстаған дұрыс болар. Осы орайда төмендегі мысал-аңызға назар аударыңыз.

*"Бір күні патша өз сарайындағы қызметкерлерін сынап көргісі келеді. Осы мақсатта ол барлық уазірлерін бұрын олар көрмеген бір есіктің алдына жинайды. "Бұл патшалықтағы ең үлкен құлып. Осыны кім ашып берсе, ең үлкен лауызымға ие болады", - дейді. Сарай қызметкерлерінің біразы есікке жақындамай, тек басын шайқаған күйі "аша алмайды екенмін" дегендей тұра береді. Олар қателік жасап аламын ба деп қорқады. Ал, біразы құлыпты жан-жағынан қарап, ұстап көреді деаша алмайтындықтарын мойындайды. Тек бір уәзір ғана құлыпты асықпай әр түрлі тәсілдермен ашып көруге тырысады. Құлыпты тартқылайды. Бірақ ашылмайды. Сонда да кері кетпей бар күшімен тартып қалады. Құлып ашыла кетеді. Сөйтсе, құлып толық жабылмаған екен. Бұл жерде патша құлыпты әдейі толық құлыптамай, уазірлерінің қайсысы мәселенің соңына дейін зерттеп, батыл қадамға бара алатынын байқап көрмек болған екен. Патша бір ғана уәзіріне риза болып, "Сен сарайдың жоғарғы лауызымынав ие болдың.  Өйткені көзіңмен көргенің мен естігеніңе сеніп қана қоймай, өз күіңе де жүгіндің, талпынып көрдің", - дейді.*
Мүмкін әлгі уәзірдің балалық шағы өзгелерге қарағанда өзгерерк болған шығар. Балалық балаға тән батылдық пен тәуекелшілдік оның бойында сақталып қалған.  Сондықтан ол қателік жасаудан қорықпайды.
Міне, өмірде де алдымыздан ашылмастай көрінетін үлкен есіктер шығады. Оны ашу үшін батылдық пен тәуекелділік керек.  Балаңызға осыны үйретіңіз.
...