Әдемі шаш – адамның көркі. Ал шаштың түсуі адам ағзасындағы бұзылыстарға байланысты болады. Бұл аурудың ерте қасқалану түрінде шаш 20 жасқа дейін – ақ түсе бастайды.Алғашында түскен шаштар жаңасымен ауысады, бірақ жаңа шыққан шаштар әр ауысқан сайын өзгереді, кейін тіпті түсіп қалады. Бұл көбінесе еркектерде кездеседі. Себореялық қасқалық маңдай мен төбеден басталады. Ал симптоматикалық таз қызылша, безгек, тұмаудың ауыр түрі, сүзек сияқты жұқпалы аурулардың нәтижесінде дамиды. Шаштың түсуі жедел басталып, жазылған соң шаш қайта шыға бастайды. Атрофиялық тазға көбінесе әйелдер шалдығады, бірақ сирек кездеседі. Бастың шашты бөлігінде кішірек көлемді, сопақша таз пайда болады, әдетте таз ошақтары топталып орналасады. Олар бірігіп, үлкен көлемге жетеді. Француз дерматологтарының пікірінше, атрофиялық таз өзінше ауру емес, оған терінің басқа ауруларының, қызыл жегінің, теміреткінің клиникалық белгілерінң бірі ретінде қарау керек.Тұқым қуалаушылық түрі әдетте бір отбасындағылардың шаш қапшығының және шаштың дистрофиясы.Бастың шаш бөлігінде көптеген ұсақ түйреуіш басындай, қызғылт немесе қалыпты түсте, ортасы мүйізді затқа толы қаттылау түйіншектер пайда болады.Теңбіл таз кезінде бастың шашты бөлігінде бір немесе бірнеше кішірек, дөңгелек ошақтарда шаш бірден түсіп қалады. Оның көлемі бірте – бірте ұлғаяды. Басың шашты бөлігінен басқа теңбіл таз иекте, қаста пайда болады. Қазіргі мәліметтерге қарағанда, таз ауруы жүйке жүйесінің, әсіресе симпатикалық жүйенің және эндокрин бездерінің, негізінен гипофизарлы бүйрек без жүйесінің өзгерістері салдарынап дамиды.Сонымен қатар, ауыр психикалық қасірет, бастың жарақаты, жедел жұқпалы аурулар, кейде фокальды инфекция да себеп болады. Шаштың күнделікті түсу мөлшері 150 шашқа дейін деп саналады. Егер одан асып кетсе, мазасыздануға себеп бар, Кейінгі кезде көп кездесіп жүрген шаш түсудің бірі - андрогенетикалық түрі. Кейінгі кездегі зерттеулерге қарағанда, бес еркектің ішінде үшеуі, жеті әйелдің үшеуі қасқаланудың андрогенетикалық түрімен ауырады. Шаштың күнделікті түсу мөлшері 150 шашқа дейін. Егер одан асып кетсе, онда шаш түсудің андрогенетикалық түрлерінің біріне жатады. Алдымен қасқалық маңдай мен төбеден басталып, бірте – бірте ұлғаяды. Ал әйелдерде көбінесе бірінші шүйдедегі шаш түсіп қалады. Шаш түсуді емдегенде алдымен оның дамуына тікелей себепші факторларды анықтап, оның әсерін тыюға тырысу керек. Осымен бірге тыныштандыратын препараттар және жалпы жағдайды жақсартатын ем қолданылады. Шаш түсудегі жергілікті ем – бастың шашты бөлігінің қан айналымын жақсартуға бағытталады.Қазіргі заманның соңғы жетістіктеріне сай құрал – жабдықтармен емдеу кеңінен қолданылады. Мемлекеттің негізгі көрсеткіші – халықтың салауаттылығы. Егер халықтың салауаттылығы тіршілік етіп отырған ортаның зиянды факторлары организмге әсер етпей, өмір сүруге қажетті қолайлы жағдайда қалыптасатын халықтың денсаулық жағдайы деп түсінетін болсақ, онда ең алдымен әр адам өзінің денсаулығын жақсартуға, организмінің қызмет қабілетін арттыруға қажетті шараларды жасауға, орындауға қажетті білімін арттыруы қажет. Әдемі шашымызды сол қалпында сақтау үшін оның күтіміне көп көңіл бөлуіміз керек. Шаш күтімі дегенде шашты жуып, бұйралау деп қана түсінбеу керек. Шаштың түрлеріне қарай дұрыс сабынсу таңдап, тусе бастағанын байқасақ, дер кезінде мамандардан кеңес алған жөн.
бұл жауапты бұрын да бергенмін, сонда да керегіңе жарап қалар.