+2 дауыс
4.8k көрілді
QR код деген не? Ол не ушiн кажет. Тусинбедiм

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
QR кодтары. Осы QR кодтарын қалай пайдалануға болады? Жауап берейік.

Қала тұрғындары көшедегі жарнама баннерлерінен мынадай суреттерді көрген болар.

![enter image description here][1]
Ол QR код болып табылады. Қазір қолданысқа осы кодтарды енгізу жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Смартфоныңызбен осы суретті сканерлеу арқылы жарнамаға, түрлі ақпаратқа қол жеткізіп, өзіңізге қажетті мағлұматты ала аласыз. Біздің елде бұл жүйенің енгізілуі енді ғана қолға алынып жатқан болса, Корея мен Жапонияда қолданылып жүр.

Оңтүстік Корея азаматтары QR-кодтарды қолдану арқылы азық-түлік пен түрлі тауарларды енді метрополитеннің ішінен де сатып ала алады. Бұл идея HomePlus дүкендер желісінде жұмыс істейтін маркетологтардың басына келді. Нарықтағы жағдайды сараптап, зерттеген сарапшылар, Оңтүстік Корея азаматтарының жұмыс істеуге уақытты көп жұмсайтынын айта келіп, олардың дүкенге баруына мүмкіндіктері жоқ деген қорытынды жасаған.
![enter image description here][2]

Әйтсе де, аптасына бір рет дүкенге бару керек. Онсыз болмайды. Ал халықтың ең көп жиналатын жері қайда? Дұрыс! Қоғамдық көліктердің аялдамаларында. Метро станцияларының ішіне Tesco жұмысшылары жарнамалық баннерлер орнатып қойған.

Сатып алушы өз телефонынан бағдарламаны іске қосып, виртуальды дүкеннен керекті тауардың QR-кодын сканерлеп алады. Содан кейін, таңдалған тауар автоматты түрде тұтынушының онлайн-жәшігіне түседі. Тауар телефонның ішіне енгізілген қаражат арқылы, не болмаса онлайн-төлемдер арқылы жүзеге асып отырады. Ешқандай кезексіз, оңай шаруа. Тек смартфон қалтаңызда болса болғаны. Осылайша, адамдар өз уақыттарын үнемдеп, ойлаған шаруаларын бітіре алады.
![enter image description here][3]

[Мәлімет Массагет порталынан алынды][4]


  [1]:
  [2]:
  [3]:
  [4]: http://massaget.kz/tehno/faq/1556
+2 дауыс
[мына жерден оқып ал орысша][1]


  [1]: http://ru.wikipedia.org/wiki/QR-%D0%BA%D0%BE%D0%B4
...