+1 дауыс
Пәк қыздар сиреп бара жатыр келісесіздер ме?
17.07.2012
өңдеді 1.3k қаралым

5 жауап

+4 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Өсекті қазір қыздар ғана айтпайды ғой))) Ал үй жинауға келетін болсақ барлық қыздар үй жинап үйді реттейді. Адам жанын түсінетін ,  болмашы ренжу ол әр адамның мінезіне байланысты. Барлық адам бірдей бір бірін түсіне бермейді. Әр адамның өз жанын түсінетін адамы болады. Егер бар мәселе осыда болса, онда қыздарды пәк, пәк емес деп бөлмей ақ қояық!!!
17.07.2012
үздік деді
+2 дауыс
Толық келіспеймін 25%пайыз келісем.Өйткені Иманды қыздарымыз әліде бар !!
17.07.2012
+2 дауыс
Сіз өзі пәк қыз деп қандай қыздарды айтасыз ?
17.07.2012
Пәк қыз деп көп өсек айта бермейтін үй жинап үйді реттейтін адамның жанын түсінетін босқа ренжи бермитин қыздарды айтадыы
Пәк жігіттер? бар ма? нуу хоть екі сөйлемейтін?)))
maybe.........
+2 дауыс
Пәк - девственница ма? Егер сондай болса келіспеймін.
17.07.2012
+3 дауыс
ҚЫЗДАРҒА ХАТ
Тәбиең қайда, талғамың қайда?
Намысың бар ма, арманың қайда?
Қазақтық қызы дегенге лайық,
Ибалылығың, салмағың қайда?

Қыздар-ау, нәзік қарасың қайда?
Бұрымың шолақ, жарасым қайда?
Бабаңнан қалған дәстүрді аттап,
Салтыңнан безіп барасың қайда?

Жібектей жұмсақ мінезің қайда?
Әжеңнен қалған білезік қайда?
Үлкендер айтса, ақылын оның,
Тыңдамай неге, күлесің қайта?

Шолпы мен сырға, шашбауың қайда?
Етек пен жеңді ашпауың қайда?
Ұлттың ұлы анасы болып,
Ұрпаққа үлгі бастауың қайда?

Анаңның айтқан ақылы қайда?
Бабаңның түйген нақылы қайда?
Батысты беттеп, еліктегеннен,
Ќаныңа қалқам, жақыны пайда!

Тарылттың тілдің аясын неге?
Өзгенің ғұрпын жаясың неге?
Кіндігіңді ашып жүргенге ұялмай,
Кигенге камзол ұяласың неге?

Арзандап кетті арың мен бағаң,
Мен барып кімге мұңымды шағам.
Адаспа, қалқам, адаспа бекер,
Ұлтыңнан жақын ешкім жоқ саған...
07.09.2012
Керемет, бұл кімнің өлеңі екен?
білмейм, әйтеуір менікі емес)
127,958Сұрақ
322,879Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы