+3 дауыс
1.9k көрілді
Мен өзіме арнап қойын дәптер сатып алғанмын енді ішіне не жазарымды, неден бастарымды білмей отырмын маған өз кеңестеріңізді айтсаңыздар! Алдын ала барлығыңызға рахмет... және де айта кетерім ішіне көңілден шығатын жақсы сөздер жазсам деймін осыған көмек қолын созсаңыздар..

5 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Жақсы сұрақ! +1. Қойын дәптеріңізге өзіңіздің көңіліңізден шыққан ақын-жазушылардың сөздерін немесе өлең жолдарын жазып,одан әрі оны өзіңіз жалғай түсуге әрекеттенгеніңіз дұрыс. Мен де күнделік те,қойын дәптер де болған. Мен көбінше қытай тіліндегі тұрақты тіркеспен келетін сөздерді жазып алатынмын. Ағылшын тіліндегі әннің сөздерін жазып,оны жаттап айтқанды жаным сүйетін. Ал күнделігімде өзіме қанат бітіріп,шабыт беретін қанатты сөздер,өлең жолдарын түртіп алып жүретінім бар! Ойыңыз жақсы екен, осы беттен тамбаңыз!
0 дауыс
Күнделік жазыңыз. Сонда жазу стиліңіз қалыптасады. Кеңірек  ойлануға тырысасыз. Паразит сөздерден құтыласыз. Жәй ғана жаза салмай, әдеби, көркем стилмен жазуға тырысасыз. Ертең дайын естелік. Қанатты сөздер, ұнаған өлеңдер, достарыңыздың қызықтарын.....ощым, көөөп қой:)
0 дауыс
Қойын дәптер... Жақсы нәрсе. Есте қаларлықтай, ой салатын ұлылардың ұлағатты нақыл сөздерінен бастаңыз. Кітап оқып отырып немесе жай ғана мақала қарап отырып та сөз маржандарын теріп алуға болады. Өз ойыңызды жинақтап, өрнектеп жазып қойыңыз, артық болмайды. Мен де бар, мен оған тек афоризмдер, қанатты сөздер, жан-дүниеммен үйлесетін сөздерді жазып қоямын.
0 дауыс
Пікір қалдырғандарыңыз үшін алғысым шексіз. Көп рахмет барлығыңызға.
0 дауыс
Қойын дәптер арнағаныңыз дұрыс болыпты, сізде мен сияқты ойланып жүрсізбе онда оның ішіне өзіңізге ұнайтын, керек заттарды жазыңыз өзіңіздің көңіліңізді түсірген жағдайларды жазыңыз. Ақындық қасиетім бар десеңіз өлеңдеріңізді жазыңыз. Тіл үйреніп жүрсеңіз сол жерге жазыңыз. Болмаса өзіңіздің білетін емдік қасиеттерді жазыңыз. Жәнеде осы өмірдеге амал дәптерін жазыңыз! ✌
...