+6 дауыс
15.7k көрілді
Алматы қаласындағы О.Жәутіков атындағы физика-математика орта мектеп-интернаты туралы мәлімет керек еді! Сол туралы біраз ақпарат берсеңіздер рахмет!

9 жауап

+3 дауыс
О. Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды баларға арналған физика-математика орта мектеп-интернатының іргесі 1972 жылы Алматыда қаланды. Республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар сайысынан жүлделі орындарға ие болып, жоғары көрсеткіштерге жеткен Қазақстан мектептерінің бірі болып табылады. Аталған оқу орнында 9-11 сынып оқушылары білім алады. Директоры: Қайрош Бексейітұлы Мақышов Құрылған уақытынан бері 39 жыл ішінде О.Жәутіков атындағы РМФМОМИ-ды 7000-нан астам түлектер бітірген. Олардың ішінде экономика, ғылым, бизнес салаларында өз орындарын тапқан, сонымен қатар ҚР Президентінің аппаратында, ҚР үкіметінде жауапты жұмыстарды атқаратындары бар. Мектеп оқушыларының ішінде Қазақстан аумағынан тыс жерде де танымал болған “Яндекс” компаниясының негізін қалаған бұрынғы сыныптастар – Аркадий Волож бен Илья Сегаловичты атап өтуге болады.
2007жылдың 10 қаңтарынан бастап РМФМОМИ түлегі Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы Қазақстан Үкіметін басқарып келеді.
2005 жылдан бастап оқушылардың қысқы демалысы кезінде мектеп математика, физика және информатика пәндерінен Халықаралық Жәутіков олимпиадасын өткізеді.

Мектепке облыстық физика және математика олимпиадасының жеңімпаздары мен арнайы іріктеу сынағынан өткен оқушылар қабылданады.
 Оқу мерзімі математика, физика, информатика және ағылшын тілі пәндерін тереңдетіп оқытудың мемлекеттік стандартқа сай бағдарламасы бойынша 4 жыл (8–11 сыныптар) және 2 жыл (10–11 сыныптар).
 Сабақтар қазақ және орыс тілдерінде жүреді.
 Мәкішев Қайрош Бексейітұлы – мектеп директоры.
2004 жылдан мектепте математика және физикадан Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өткізіліп отырады.
 Шетелдік танымал мектептермен тығыз байланыс орнаған.

Мектеп мекен-жайы
Мекен-жайы: Қазақстан, 050040, Алматы, Бұқар жырау, 36
Телефоны: +7 727 395 01 85, +7 727 395 01 83
Факс: +7 727 395 01 77
Эл. почта: [email protected]
Сайты: www.fizmat.kz
0 дауыс
Биыл Алматыдағы Жәутіков атындағы мектепке қабылдау тесті қай уакытта және қандай құжаттар керек?
0 дауыс
Адресі:Буқар Жырау 36
Сол жаққа барсаңыз бəрін түсіндіреді.
Маусымның орталарында болуы керек.
Жәутіков мектебіне құжат тапсыру  қашан?Және тест күні қашан?Қандай құжаттар керек?
0 дауыс
қай сыныптан бастап  қабылдайды
0 дауыс
Менде физика тандаймын осы мектепке қатты түскім келеді.
0 дауыс
Жәутіков мектебі 8-11 сыныптан
0 дауыс
Менде Жәутіков мектебіне түскім келеді
0 дауыс
Саламатсыздар ма? Биз Астана каласынан тургынымыз, июнь айында барганда кешигип калдыныздар деди,августта келиниздер деди, 8 сыныпка тусуге мумкундик бар ма? Балам математикадан жаксы, сиздерден отиниш кетип жаткан балалар болса сол орынга хабылданыздаршы,мен коп балалы анамын женилдик болатын шыгар
0 дауыс
Саламатсыздарма менин баламда осы мектепке катты тускиси келеди биз Турар Рускулов Кулан ауылынан боламыз кай кезде кужат жинауга болады оиткени балам осы сабакты онлайн окып келди
...