+5 дауыс
472 көрілді
Бұндай телефондардың сапасы қазір жақсарды ма?

4 жауап

+2 дауыс
Әзірге LG жане Samsung фирмалары шығарып жатқан екі симкалы телефондар жақсы. Қолдануға да жұмыс істеуге ыңғайлы. Қытайлар шығарып жатқан 2 симкалы телефонға жоламай-ақ қойыңыз. Мен Қытайлық 4 симкалы телефонын көргенмін. Бірақ оның 3-і симка қабылдамайтын.
+9 дауыс

Сұрағыңызға өз білгенімше жауап бергім келіп отыр :)

Алматыдағы Nokia өкілдігінің мамандары Nokia телефоны ешқашан 2 симкалы телефон шығармайтынын хабарлаған. Себебі әрбір телефон айналасына радиация бөледі. Телефон өшірулі болса да одан адамда ауру тудыруға себеп болатын радиациа таралады. Екі симка болса, радиациа көлемі екі есе көп болады деген сөз.

Телефонның ісік ауруының пайда болуына себепші болатынын дәлелдеп жүрген ғалымдардың бірі - Девра Дэвис [eng] Оның "Disconnect" атты қыркүйекте шыққан кітабы осы тақырыпқа арналған.

Шетелде сонымен қатар кез келген телефоннан таралатын радиация өлшемін көрсететін www.sarvalues.com [eng] сайты бар. Ол жерде Еуропа мен Америкадағы телефондарға қатысты мәліметтер ғана көрсетілген.

Жеке өз басым, бірнеше симкалы телефонды қолданбаймын. Себебі телефонда екі симка болса, оған хабар жетуі үшін үнемі екі жақтан толқын келіп тұратыны анық.

Қазіргі кезде бұқараға телефонды дұрыс қолданбаса, бұл қауіпті аурулардың белең алуына ұласуы мүмкін екенін ескертіп отыру керек.

Телефоннан келетін радиация зиянынан сақтану үшін азғантай деректермен бөлісейін:

  1. Телефоныңызды үнемі теріден жасалған қалташада ұстаңыз.
  2. Ұзақ сөйлеспеңіз. Ұзақ сөйлесу қажет болса, bluetooth немесе наушник қолданыңыз
  3. Ұйықтағанда телефонды жастығыңыздың қасына қоймаңыз.
  4. Кішкентай балаларға телефонды бермеңіз.
  5. Тек сапалы, Қазақстанға заңды жолмен келген телефон сатып алуға тырысыңыз
0 дауыс
Олар Қытайлық болып келеді, сосын тез бұзылғыш, .jar, кейбір сурет, видеоларды көтермейді!!!
0 дауыс
Сапасы жақсарды деп айтсақ та болады.Самсунг-тың 2 чиптілері жақсы шығарылған.
...