+17 дауыс
2.4k көрілді
Осы қыз балдары ер балдарға ғашық болады ма екен. Қандай күйде боласыздар, іштей тұнып ауырасыздар ма? Әлде сіздерде ондай сезім жоқ, махабатты сезіне аласыздар ма? Ер жігіттер сөз салса, жоқ дегеннен басқа сөз ия деген сөз білесіздер ма? Қатты кетсем кешірерсіздер, бұл жай ғана сұрақ. Қыздардың ойын білейік деген.

14 жауап

+18 дауыс
ия,әрине бізде ғашық боламыз! Бірақ қыз баласы болғасын сезімдерімізді сіздердей ашық айта алмаймыз, "қыз балаға жараспайтын қылық" деп айтқан өзіме! айтадығо мужчинам легко признаться в любви дейдіғо и қыз балдар ұяң болғандықтан сезімдерін ашық айтпайды,себебі сезімі безответный болса күлкі болуы мүмкін немесе ұлдар пайдаланып кетуі мүмкін!тек күтеміз біздер...
Әрине ғашық бола аламыз. Қыздарда адам баласы ғой сезіне аламыз әрине өз ойымызды айтуға құқығымыз бар. Аллахқа шүкiр бәрiмiзде пендемiз ғой дәрежемiз тең оның ешқандайда ұяттығы жоқ бірақ сезімге мықты беріліп кетпейміз сабырмен жігіттің өзімізге деген ой өрісін байқап көреміз,себебі ойын жеткізе алмайтын ұялшақ жігіттерде бар ғой!
бір әріп үлкен, бір әріп кіші, адамның көзін ауырттыңыз ғо".
орысшаны қосып әдемі сөйлейді екенсіз )))
кешіріңіз мында інімнің ойнап отқан ойыны болса кейбір әріптерді shift ті басып тұрума тура келед өйткені ол әріптер жазылмай қалад айып болмасын
safiya дурыс айтады
Белгісіз
+13 дауыс
бір сөзбен орысшалап жауап беріп кетсем:Сердце девушки секрет, хоть и любит, скажет НЕТ.дер едім)))
+9 дауыс
Қыздар шынайы жауап бермей отырған тәрізді.Әрине ғашық болады және ғашық болған кезде мәйісіп қалады,күліп тұрады,тым еркін бола алмай қалады.Нетті де айта алмай қалады,қатты ұялып тілі байланғанда мүмкін басын шайқай берер.
+10 дауыс
ой, қазір махаббаттың парқы тым арзандап кеткені соншалық "сүйем" деген сөздің де құны арзандап бара жатырғандай...қазіргі қыздардың дені сүйгеніне тіке қарап, сезімін білдіре алатын жағдайға жетті, тіпті соның бірі - өткен апталарда арналар жарыса көтерген 14 жасар бойжеткеннің сүйгені жолында бағанадан секірмек болған әрекеті... Өз басымда ондай болып көрмепті. Жігітіңді сүйетініңе иландырудың қажеті жоқ, керісінше, оның көңілінде "расында да сүйе ме екен?" деген күпті ойдың болғаны оң. Жұмбақ болуымыз керек!
Біздің кезімізде жігітке сүйем деп айту ,артынан жүгіру барып тұрған масқара саналатын.Біржағынан өздері жақсы жігітті айналдырып алғаны мүмкін дұрыс та шығар,отбасы мәселесінде адаспаған жақсы ғой.Бірақ өз жүгірген соң қадір бола ма?
+9 дауыс
хехе,ғашық болғанда қандай.Бірақ әркім әр түрлі ғой.Мен мысалы,"жоқ" деп айта алмаймын,бірақ тура келеді,жігңттердің жанын тусінеміз ғой=).Әрине,сырттай ғашық болып жүріп,сезімімізді білдіре алмаймыз,мумкін ол баладан күткенін болмайтын шығар...дегендей...әр түрлң ойлар келеді ғой,өзіміз де сөз сала алмай жүреміз,қыздар өйтпейді ғой,амал жоқ,сырттай ғашық болып жүре береміз.

сырттай ғашық болған қиын! ол сенің сезіміңді аяқ асты таптап кетуі мүмкін! көп жағдайда осылай келеді! сырттай ғашық болғандар ғашығын басқа біреумен кездейсоқ көріп қалса, күйзеліске түседі! ғашық бола тұра, сезіміңді білдірмесең кешігіп қалуың да мүмкін! жігіттер, ғашық болған сәтте-ақ ойланбай сөз салса болады! ал қыздар мейлінше  сырттай ғашық болудан сақтану керек! өйткені қыз жүрегі нәзік келеді! көп нарсені көтере алмай қалуы ғажап емес!

+9 дауыс
Әрине қыздар сүйе де, ғашық бола да алады. Бiрақ қыз журегiн түсiнетiн ешкiм жоқ.Әр адам әр түрлi.Бiреуi шын сүюі мүмкiн,ал кейбiрi жай алдауы мүмкiн ғой. Сондықтан болар қыз бала өз сезiмiн айта да,түсіндiре де алмайды. Қыз бала сүйем деп сезiмге берiлiп кете алмайды "ар","намыс" бар дегендей.
өте дұрыс айтасыз! ар, намыс...
Қандай күйде боласыздар дегенге мен ол білсін, білмесін, бәрібір оны көрген, даусын естіген сәтте қанат біткендей, бірдеңе сұраса н/е жымиса төбем көкке екі елі жетпей жүрем деп айта алам..
+5 дауыс
хех,қызық! мен басымнан өтпегесін нақты жауап бере алмаймын! но если сүймесең "жоқ" деп жауап бересің ғой!и ондай кездер болған....!
+5 дауыс
Жігіттердің бәрі бірдей болмайды,
Кейбіреуге махаббат қонбайды.
Ал, біреулер жалған ғашық болып ап,
Қыз жүрегін мәңгілікке алдайды.
Құласада дәл сол күні тірегі,
Жылап тұрып бақыт саған тіледі.
Қайғығада,қуанышқада шыдаған,
Неткен ғажап ҚЫЗ шіркіннің жүрегі - деп жауап берсем болама?
+6 дауыс
Неткен жігіт адамды байқамайтын,
Махаббат сезім емес айқайлайтын.
Әттең, қызбын намысым тілден биік,
Сүйгеніме "сүйем" деп айта алмайтын.

Ғашық болдым сол бір жанның жанарына,
Салмақты, ақылы сай ажарына.
Білмеймін, сүйеді ме, сүймейді ме,
Мені кез ғып махаббаттың азабына.  деп қыздар да өлең шығарған ғой,,)))) Ғашық болады, бірақ сезімдері ішінде кетеді. Және жігіттер сияқты мәңгі жүректе сақтай бермейді, себебі ертен олар ана атанады, демек махаббаттары балаға ауады деген сөз. Сізді де анаңыз қатты жақсы көреді емес пе?
+4 дауыс
Қыздар ғашық бола білседе қазақ қыздарығо.Неге жігіттерді алдайды
 (fubar)
+4 дауыс
Ой,Ербол,қатырдыңи))))
Тағы  не болып қалды?
Әрине ғашық боламыз. Бірақ сендерден ерекшелігіміз,бізге сөз айтып,сезімімізді білдре алмаймыз. Сондықтан қиынырақ,балдарға қарағанда)
+5 дауыс
Ғашық боламыз ғой,бірақ айта алмаймыз,жігіт сүйсе сүйгенін алады,қыз сүйсе қалады.
+7 дауыс
Ғашық болу бір басқа, шынайы сүю бір басқа сияқты маған. шынайы сезім дейтіндей ұлы сезім өткермедім, бірақ ғашық болып көргенмін,біртүрлі керемет сезімдер орнайды бойыңда,дәл сол ғашық болған жаннан басқа ешбір адамды көзің көрмейді, бірақ жеткізуге намысың тағы жібермейді, ақылың сырыңды айтпа дейд, жүрегің айт дейд,  сондай екі оймен қаншама күндерді атырасың, ішіңді бірдеңе тесіп бара жатады күнде, радио тыңдайсың, өлең шығарасың немесе ойларыңды қағазға төгесің, кейде қиялға батасың, кейде өзіңмен-өзің сөйлесіп дайындалып жүресің ( егер жаныма келе қалса не дейм деп),  суреті болса, телміріп қарап қоясың, лекцияларда  общ тетрадьтың артына,  мұқабасына соның аттарын тізіп жазып коясың, оны ойлаған сайын сол тізілген аттарды усті-үстіне жаза-жаза қалыңдатасың,телефонына звондап ундемей тұрасың, бірақ сырыңды білдірмейсің....Ақыры ұмытасың...
0 дауыс
Ал, мен сіздерге керісінше қоямын, сіздер тормоз болмай сөз айта аласыздар ма, әдемі қыздар болса?
Алдымен, сіздер сөз айтуды да білмейсіздер гой, әдемілеп айтсаңыздар, келісім бермей қалмайды..
бас жағында айтылған ғой.Қызда ар-намыс деген болады. Қыздардың өзі жаратылысымен табиғаты сондай. менің өзім де сондаймын. Қыз бала сүйгеніне сезімін білдірсе, ал ол оны елемей теріс қарап кетсе не болады? Міне,нағыз бақытсыздық сонда болады!
...