Ғашық болу бір басқа, шынайы сүю бір басқа сияқты маған. шынайы сезім дейтіндей ұлы сезім өткермедім, бірақ ғашық болып көргенмін,біртүрлі керемет сезімдер орнайды бойыңда,дәл сол ғашық болған жаннан басқа ешбір адамды көзің көрмейді, бірақ жеткізуге намысың тағы жібермейді, ақылың сырыңды айтпа дейд, жүрегің айт дейд, сондай екі оймен қаншама күндерді атырасың, ішіңді бірдеңе тесіп бара жатады күнде, радио тыңдайсың, өлең шығарасың немесе ойларыңды қағазға төгесің, кейде қиялға батасың, кейде өзіңмен-өзің сөйлесіп дайындалып жүресің ( егер жаныма келе қалса не дейм деп), суреті болса, телміріп қарап қоясың, лекцияларда общ тетрадьтың артына, мұқабасына соның аттарын тізіп жазып коясың, оны ойлаған сайын сол тізілген аттарды усті-үстіне жаза-жаза қалыңдатасың,телефонына звондап ундемей тұрасың, бірақ сырыңды білдірмейсің....Ақыры ұмытасың...