+1 дауыс
4.0k көрілді
Зейнетке шықпай тұрып зейнетақы қорынан ақша алуға бола ма? Емделу үшін ақша керек боп тұр.

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Зейнетақы жинақтарын қалыптастырудың негізгі мақсаты –азаматтардың кәрілік шағындағы әлеуметтік қамсыздандыруға деген конституциялық кепілдіктерін іске асыру. Осыған орай, жұмыскердің айлық табысынан ұсталып, азаматтардың жеке зейнетақы шоттарында жинақталатын міндетті зейнетақы жарналары – ол кәрілікті қамсыздандыру мақсатында жинақталатын қаражат. Осыған байланысты, жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адамдардың оларды алуға мынадай жағдайларда құқығы бар: ер адамдар 63 толғанда, әйелдер 58 жасқа толғанда; төтенше және барынша радиациялық қатерлі өңірлерде 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілдеге дейін кемінде 10 жыл тұрған азаматтар «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес: ер адамдар – жалпы жұмыс стажы 25 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа жеткенде; әйелдер - жалы стажы 20 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа толғанда; 5 және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 53 жасқа толғанда. («Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 23-бабы 1-тармағының 1-тармақшасы). Сонымен қатар, жеке азаматтар санаттарына, атап айтқанда, 1 және 2-топтағы мүгедектерге, егер олардың мүгедектігі мерзімсіз белгіленсе, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен, кету ниетін немесе кету фактісін растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құжаттарды табыс еткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы жинақтарын жалпыға ортақ зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін төлеу көзделеді. Жоғарыда айтылғанның негізінде, Қазақстан Республикасы азаматтарының жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын зейнетақымен қамсыздандырудан басқа мақсаттарға алуы қолданыстағы зейнетақы заңнамасында көзделмейді.
Интернеттен қарап алдым, бар табылғаны осы.
көп рахмет!
0 дауыс
Менын шешем 5 баласы бар ажыраскан зейнет акыдан акша алуга болама
0 дауыс
Жиналган зейнетакынын тек жарты молшерин алуга болады. Ягни басынызда несие болса, соны жаба аласыз.
0 дауыс
Жинаған акшаны алуға болама басымызда уй жок мамам рак пен ауырады папам мугедек.
0 дауыс

Кімдер зейнетақыны ертерек алады?

  • 5 баланы дүниеге әкелген немесе асыраған және оларды 8 жасына дейін өзі тәрбиелеген 53 жастағы әйелдер мерзімінен бұрын зейнетке шығады.
  • 1949 жылдың 29 тамызынан 1963 жылдың 5 шілдесіне дейінгі аралықта (5 жылдан кем емес) Семей полигоны аймағында өмір сүрген және 25 жылдық еңбек өтілі бар және 1998 жылдан бері де жұмыс істеген  50 жастағы ер адамдар. 
  • 1949 жылдың 29 тамызынан 1963 жылдың 5 шілдесіне дейінгі аралықта (5 жылдан кем емес) Семей полигоны аймағында өмір сүрген және 20 жылдық еңбек өтілі бар және 1998 жылдан бері де жұмыс істеген 45 жастағы әйел адамдар. 

Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.

Ұқсас сұрақтар

...