0 дауыс
641 көрілді
Мен қалай өз стилімді қалыптастыра аламын? Толығырақ мәлімет берсеңіздер деймін... P.S. Жасым 14-те.

1 жауап

0 дауыс
Көйлекті қалай киген дұрыс?

Әр қыздың киім қорында тым құрығанда екі не үш көйлек (рубашка) болады. Олар ешқашан сәннен шыққан емес, стильдері өзгертілгенімен, рубашканы киіп жүрсеңіз, сізді ешкім сәннен хабары жоқ қыз дей алмас... Көйлектер әмбебап, сондықтан оны жұмысқа да, кездесуге де, серуенге де киіп шығуға болады. Бастысы астыңызға көйлегіңізге сәйкес киім мен аяқ киім таңдаңыз.

Джинсы көйлектерді ішінен жейде не майка киіп киюге болады. Биік өкшелі аяқ киім де, аласа тақалы аяқ киім де келе береді.


Көйлекпен бірге әдемі моншақтар тағып, оны ұзын, қысқа белдемшелермен кигеніңіз дұрыс.


Ал ақ көйлегіңіз болса, оны жеңіл бедемшемен бірге киіп, стильді сөмке ұстасаңыз, жарасып тұрады. Жұмысбасты ару болсаңыз, ақ көйлектерді биік өкшемен және жинақы шалбармен не жинақы белдемшемен кисеңіз, стильді көрінетініңізге күмәніміз жоқ.


Торлы көйлекті белдемше мен жакетпен бірге киген дұрыс. Тек белдемшеңіз рубашкаңызға қарағанда, күңгірттеу болсын. Көзге үйреншікті көрінсе де, торлы рубашканы джинсы шалбармен киюге болады. Торлы көйлектер мүсініміздің кемшіліктерін жасырып тұрады. Әсіресе, үлкен торлы көйлектер мүсін кемшіліктерін жұтып алады.


Егер бойыңыз қысқа болса, ұзын көйлектерді үстіңізден тастамаңыз. Бұны еш жерін ашпай, тиектерін салып, жинақы тұратын шалбарларымен кисеңіз болады.


Шаш жетпейтін ақшаға киім сатып алсаңыз да, оны жарастырып кимесеңіз, құны көк тиын. Киім киюде түстер үйлесімділігіне және ол түстің сізді ашатын-ашпайтынына баса назар аударғаныңыз жөн. Және үстіңіз бен астыңыз бір-бірін толықтырып, бір-біріне сәйкес келіп тұруы керек. Сіздің стильіңіз - сіздің брендіңіз. Талғаммен киініп, әдемі болып жүріңіздер!

Ұқсас сұрақтар

...