+2 дауыс
3.4k көрілді

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Адамдар өмірден түңілген кезде,бәрін тастап,құтылып,мәңгіге көз жұмғысы келеді ...
Солай өз өздеріне қол салады.
Адам ешуақытта өмірден түңілмеуі керек,Аллах Тағаланың  берген қысқа ғана ғұмырын мәнді де,мағыналы өткезе білуі керек.
Қандай қиындық кездесседе,бәріне Сабыр сақтауға тиіс.
Ешбір қиындық адам басына мәңгі қонып тұрмайды.Таңғы түннің артынан шуағын төгіп жарық күннің шығуы қандай заңдылық болса,қиындықтың соңы да жеңілдікке ұласатыныда сондай шындық.
Жалпы,өмірдің өзі тұтастай өткінші ғой,өткінші нәрсеге бола,өмірдің соңына дейін түңілу бұл ақылға қонбайды.Аллах Тағалы құранда көптеген аяттарда:Сабырлы болуды айтқан,сабырлы құлдарын жақсы көретінін және үлкен сый сияпатқа бөлейтінін жеткізген-ді.
Сондықтан САБЫРЛЫ БОЛЫҢЫЗДАР,БОЛА БІЛІҢІЗДЕР ...
0 дауыс
Өмірден түңілудің қажеті жоқ,,,Көңіліңіз көтеріңкі, шат болсын! Жалпы, барлық қиындық артта қалады,,,Бәрі жақсы болады деп, жақсы нәрсені ойлау керек,,Позитивті ойлаған адамның регенерациясы ойдағыдай, лезде жүреді!
+1 дауыс
Ол адамның жігеріне, шыдамдылығына байланысты, әлсіз адамдар ішімдікке қайғыға салынып кетеді, жігерлі адамдар қанша құласа да сүрінсе де қайта тұра алады. Эмоцияға қатты берілетін адамдар сыртқы көмексіз бұрынғы қалпына келе алады деп ойламаймын.
0 дауыс
Сабырлы болыңыз және кешірімді болыңыз. Бұл өмір сынақ екендігін ұмытпаңыз. Өмір болған соң таршылықпен молшылық қатар жүреді. Бір қуаныш бір өкініш дегендей. Біз үшін осы екі жағдайда да мол сауапқа кенелудің мүмкіншілігі бар. Ол қалай дейсізғой? Оның жауабын пайғамбарымыздың (с.ғ.у) мына бір хадисінен таба аламыз.

   "Менің үмметім екі жағдайда да ұтылмайды. Басына қуаныш келсе Аллага шүкір етеді, ал қайғы қасіретке тап келсе сабыр етіп Алладан пана тілейді. Сөйтіп екі жағдайда да мол сауапқа кенеледі"

   Шынайы мұсылманның тағдыр ісіне деген ұстанымы осылай болуы тиіс.

   Сонымен қатар туыстарыңызбенде қарым қатынасыңызды үзіп алмаңыз. Ол өте ауыр күнәлі іс болып табылады. Бұл жайында да аяттарда, пайғамбарымыздың хадистерінде де өте көп айтылған. Соның бірі: "Іштерінде туған туысқандарымен қарым қатынасын үзген адам бар болған қауымға Алланың рахметі жаумайды" деген. Ал кешірімді болу жайында:

"Үш тамаша мінез кімде болса Аллаһ Тағала сол адамды мейіріммен жәннатқа кіргізеді олар, саған бермегенге сен бер, саған келмегенге сен бар, саған зұлымдық жасағанды кешір " - делінген.
мәліметіңізді қай жерден алдыңыз? айтып жібересізбе?
...