+1 дауыс
4.1k көрілді
Менің руым Қаратоқай Беріш сол туралы мәлеметтер тауып берсеніздер?

1 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Құлбарақ батырдың алтыншы атасы Қаратоқай (1625-1715 жылдар). Би, батыр қалмақтарға қарсы жорықтарға шыққан адам. Оның ұрпақтары Тайсойған, Қарабау, Бүйрек, Сарыкөл, Қаракөл, Жем, Сағыз өзендерінің бойы, кейіннен Нарын құмы аймағы, Арал теңізінің солтүстігінде орналасқан «борсық» құмында қоныстанған делінеді.
Қаратоқай бабамыздың зираты Қызылқоға ауданы, Қарабау-Тайсойған өңіріндегі биік төбедегі «Қарабала» қауымында. Қарабала Қаратоқайға 8-ші атадан тараған. Қаратоқайдың балалары – Андағұл, Байқожа, Айтқожа, Саназар және Көшетер.
Ресей архивінен алған кейбір зерттеушілердің мәліметі бойынша, Қаратоқай 22 жасында Астрахань қаласында елшілік қызмет атқарған делінеді. Бұл Борис Годуновтың заманымен дәл келеді.
...