Менің руым Қаратоқай Беріш сол туралы мәлеметтер тауып берсеніздер?

+1 дауыс
4.9k қаралым
Менің руым Қаратоқай Беріш сол туралы мәлеметтер тауып берсеніздер?
• Санаты: Тазалық

3 жауап

+3 дауыс
Жақсы жауап
Құлбарақ батырдың алтыншы атасы Қаратоқай (1625-1715 жылдар). Би, батыр қалмақтарға қарсы жорықтарға шыққан адам. Оның ұрпақтары Тайсойған, Қарабау, Бүйрек, Сарыкөл, Қаракөл, Жем, Сағыз өзендерінің бойы, кейіннен Нарын құмы аймағы, Арал теңізінің солтүстігінде орналасқан «борсық» құмында қоныстанған делінеді.
Қаратоқай бабамыздың зираты Қызылқоға ауданы, Қарабау-Тайсойған өңіріндегі биік төбедегі «Қарабала» қауымында. Қарабала Қаратоқайға 8-ші атадан тараған. Қаратоқайдың балалары – Андағұл, Байқожа, Айтқожа, Саназар және Көшетер.
Ресей архивінен алған кейбір зерттеушілердің мәліметі бойынша, Қаратоқай 22 жасында Астрахань қаласында елшілік қызмет атқарған делінеді. Бұл Борис Годуновтың заманымен дәл келеді.
0 дауыс
2000 және 2003 жылы жарық көрген "Қаратоқай шежіресі" кітабының авторы Мажит Мұхтаровтың ұлы Темірбек Мажитұлымын. Қаратоқай шежіресін толықтырып жаңарту үстіндеміз. Хабарлассаңыз болады. *Emails are not allowed*
0 дауыс
Қаратоқай шежіресі 2000жылы жарық көрген және түзетіліп, толықтырылып 2003 жылы қайта шыққан. Екеуінде де 1500 данамен. Сол шежіреде біраз мәліметтер бар. Шежіре авторларының бірі әкем Мұхтаров мәжит 2012 жылы дүниеден өтті. Сол шежірені сұраныс бойынша толықтырып, қалып қойған аталықтарды, кейінгі ұрпақтарды енгізіп, қайта шығарғымыз келіп жұмыстанып жатырмыз. Маған хабарласыңыз. 8 702 665 74 39 Темірбек Мәжитұлы

Ұқсас сұрақтар

127,812 сұрақ
322,409 жауап
153,154 пікір
72,859 қолданушы