Дін - адамға екі дүние де дұрыс өмір сүрудің, Хақтың разылығына бастайтын ереже қағидаларын толық қамтыған иләһи бұйрықтар мен тыйымдар жиынтығын құраса, діл – халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан дүниетанымы мен салт-дәстүрін, менталитеті мен әдет-ғұрыптарын, тұрмыс-тіршілігінің ерекшеліктері мен өзіндік ойлау жүйесін, жан дүниесін, адамдардың белгілі бір қоғамдастығына тән, нақтылы тарихи-мәдени ортада қалыптасқан мінез-құлық пен іс-әрекеттердің біркелкі сипатын білдіреді. Бүгінгі күні дін жанашырларының алдында тұрған міндет - осы екеуінің біріккен тұсын таба біліп, халыққа діннің де, дәстүрдің де ортақ тіл табысатын иігіліктерін ашып көрсету болып отыр.
Қайрат Жолдыбайұлының "Дін мен діл" кітабынан алынған