+1 дауыс
4.0k көрілді
Қандай сөз болса да, ата-әжелер көбіне "Әдіреңқалғыр" десе керек, осы жердегі "әдірең" деген не?

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақтың «бәтшағар» деген сөзі  «пашша» (патша) және «қар» (қатын) деген сөздің қосылуынан шыққан.

Әдірең қалсын - Иесіз қал, саруарсыз - сүйеушісіз қал деген мағынада.
рахметіміз..))
ож) ___Әдірең қалмасын, бәтшағарлардан аулақ бол )
0 дауыс
Өтірік. Бәтшағар деген парсының "бачча" - "ұл бала", + "қор" - өзімізге түсінікті "еңбек-қор" мағыналы жұрнақтан құралған. Мағынасы - еркекқұмар, педераст. Қазақта одай сұмдық болмағасын, парсыша айтқан. "Әдірең" деген парсыша "адрам" - жалаңбас, яғни, орамалсыз дегеннен. Қатын екі жағдайда "адрам" қала алады - байы өлсе, ашынғаннан орамалын жұлып тастайды, не, байының көзіне шөп салса, байы жұлып тастайды. Екеуі де жақсы емес. Біле жүр, ағайын.
0 дауыс
Мынадай көне сөздердің мағынасын біліп өте ризы болдық.Мың да бір алғыс айттық,білгіш азамат!
...