+1 дауыс
764 көрілді
Сіздер "махаббат" дегенді қалай түсінесіздер ? Өз ойларыңызды толық жолдасаңыздар екен...

7 жауап

+1 дауыс
Махаббат-ол екі ғашықтың шын бірін-бірі сүюі.Бұл әлемді өзіне бағындырған ұлы күш. Адамды ақылға сиғысыз әрекетке апаратын құдырет иесі. Махаббатты бастан өткізудің өзі бір бақыт.

Махаббат адамды:
-мейірімділікке
-қайырымдылыққа
-ғажайыпқа сенуге
-игі істер жасауға
-қызғаншақтыққа
-сыйластыққа ,-үйретеді.
Алайда ыстығы мен суығы, ащысы мен тұщысы, қуанышы мен қайғысы бір мезгілде ұштасқан махаббатты бағалай алу керек.


*Махаббат деген қазына,
Күшін жетіп қаза алсаң.
Махаббат деген оралмас,
Күтіп қанша сазарсаң.
Махаббат деген торда бар,
Шыға алмассын қамалсаң.
Махаббат деген өлмейді,
Найза да болып қадалса.
Осының бәріне төзгейсін,
Махаббат үшін жаралсаң.*
0 дауыс
Махаббат деген


Өмірдің нарқы,
Келу де кету бір сурет,
Жүректе мұңмен,
Көңілде қайғы мың бөлек,
Өзгерту үшін өмірдің сырлы келбетін,
Жүректі емдер,
Көңілді тербер ән керек.

Сағыныш толы,ғашықтық күндер көрікті,
Біздерге тағдыр махаббатты сыйғып беріпті.
Алламыз бізді бір-бірімізге жұп қылып,
Сүйіскен жастар бір-бірін серік еріпті.

Махаббат деген тіл жетпес асыл бір сезім,
Әнімен тербер, ғашық боп жүрген кездерің.
Мәңгілік менің жүрек төрімде қалар-ау,
Көңілім құлап,ғашық боп жүрген кездерім.

Өмірдің көркі,
Махаббатта ғана деседі,
Махаббат қана мәңгілік ғұмыр кешеді.
Елінің мәңгі есінде қалды емеспе,
Қозы мен Баян,Ләйлі мен Мәжнүн кешегі
0 дауыс
Махаббат 8 әріп,1 арман
махаббатты адамдар түрліше түсінеді менімше мбт жүректе ойнайтын ұлы сезім мұның астында керемет ұғым жатыр оны тек ғашық жандар түсінеді.Махаббат мәңгі болсы десен оган 2 қанат керек ол сенім мен махаббат деп соққан журек керек....
Махаббат!!!
Өлме дейді, тіріл дейді.
Жалған суйген ешқашан тірілмейді.
Ғашығыма көздерім жолыққанда,
Өн бойым ток ұрғандай дірілдейді.
О! Махаббат!
Сен келдің .
Ызғар қайтты таң қаламын.
Күйі енді күмбірледі кең даламның.
Жолым менің өрім шаштай шиленеді.
Адассам ой шимадан сандаламын..........
0 дауыс
Махаббат құмарлық пен ол екі жол. Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол...(АБАЙ)  Махаббаттын бісмілләсі ғашықтық.
–1 дауыс
[Қайталанған][1]
[Қайталанған][2]
[Қайталанған][3]


  [1]: https://surak.baribar.kz/98103/
  [2]: https://surak.baribar.kz/17841/
  [3]: https://surak.baribar.kz/120608/
+1 дауыс
Мен сұраққа Абай атамыздың мына өлең шумақтарымен жауап берсем деймін:

Ғашықтық келсе, жеңер бойыңды алып.

Жүдетер безгек ауру сықылданып.

Тұла бой тоңар, суыр үміт үзсе,

Дәмеленсе, өртенер күйіп - жанып.
Махаббатқа - ғаділет көзімен  қарайық құрметті ағайындар!!!
0 дауыс
Махаббат деген не??? Хммм, арине, ундемейсін.... Жай гана козді жумып кулімдейсін. Кей кезде суйгеніне ренжігенде. Суйу деген : «Ен азап, олім» дейсін. Бірак, махаббат олім де емес, кулу де емес. Кеш батканда кол устасып журу емес. Махаббат ол бал татыган еріннен суйу емес. Суйгеніннін отына куйу емес. Ол мунайса сен гул болып солу емес. Ол каласа жанында кону емес. Сагынып жапырактай солу емес. Суйгеніннін алдында дарменсіз болып калу емес. МАХАББАТ===>БАГАЛАГАНГА БАК, БАГАЛАМАГАНГА БОС ЕЛЕС!!!
Рахмет достар! Жалпы "махаббат" дегенде қос ғашық еріксіз ойға оралады, бірақ әр адамның өз пікірі өз ұстанымы болады... менде өз ойыммен бөліскенді жөн көрдім.
меніңше "МАХАББАТ"-деген бірғана қыз бен жігітпен шектелетін тақырып емес.
мысалы:
 Анаға деген махаббат
 Отанға деген махаббат
туған жерге деген махаббат
Отбасыңа деген махаббат   т.с.с...........
...