Логикалық есептер, логикалық сұрақтар керек?

+12 дауыс
85.6k қаралым
Жалпы, қазақ халқы ойға жүйрік қой. Осыны тағы бір дәлелдейікші. Оның үстіне логикалық есептерді шешкен басқа да пайдалы. Ендеше, іске сәт ! Білетін есептерімізді ортаға салып, кімнің ойы жүйрік екенін байқайық бір.

1. Сіз Алматыдан Мәскеуге ұшатын ұшақты жүргізесіз дейік. Бұл ұшақтың жылдамдығы сағатына 150 шақырым болса, қарсы соғатын жел жылдамдығы сағатына 30 шақырымды құрайды. Жол ұзақтығы 550 шақырым. Ұшақ салонында барлығы 24 адам бар. Ұшақ жүргізушісі, стюардесса, және жолаушылар. Стюардессаның жасы 22-де. Жолаушылар жастары 7 мен 48-дің арасында. Сонда ұшқыштың жасы нешеде болуы керек?

2. Бөлмеде бар болғаны екі адам отыр. Оның біреуі - екіншісінің әкесі де, алайда, екіншісі біріншісінің ұлы емес. Сонда кімі болғаны?

3. 3 шофер болыпты. Олардың Самат деген інісі болса керек. Бірақта Саматтың ағалары болмапты. Сонда қалай?

4.Үш жолаушы келе жатырса керек. Алдарынан көл кездестіреді. бірінші жолаушы көріп көлді кешіп өтеді, екіншісі көреді бірақ кешпейді өтеді, ал үшіншісі көрмейда кешпейда өтеді. Сонда қалай өткен?

5. Бір қаз ұшып келе жатса, қарсы бір топ қаз кездеседі. 1 қаз сендер нешеусіңдер?-деп сұраса, аналар "Біздің санымызға тағы осынша қосса, сосын тағы жартысын қосса, сосын ширегін қосса, сосын сені қосса жүз болады деп жауап беріпті. Сонда неше қаз болғаны?

6. Бильярдтын көлемдері, түстері бірдей 9 шаригы бар. Оның 8-і 300 грамм да, біреуі 290 грамм. Таразыға екі рет қана тартып, жеңіл шарикты табыңыз.

7. Әдетте адамдар бас киімін кімнің алдыңда шешеді?

8. Сол жақтан оқысан да, оң жактан оқысан да бірдей сан қайсы?
• Санаты: Қызық сұрақтар
Арман компьютер алуы керек еді, 90000 тг-ден. Екі досынан  45000,45000 тг ден сұрап алды. Барса компьютер 85000 екен. 5000 тгені алып келе жатқанда бір досы 3000 тг сұрап алды, екі досынан 1000 тг 1000 тгден таратып берді. 44000 болды. 44000+44000+3000( досына берген )ақшасы=91000=? 1000 тг қайдан шықты?

42 жауап

0 дауыс
қаздар туралы суракта 24
0 дауыс
4 Жүкті әйел және қолында баласы бар.
0 дауыс
2. қызы 3. 3шофер қыз 7 шаштараздың 8 қырық
0 дауыс

 Сол жақтан оқысан да, оң жактан оқысан да бірдей сан қайсы? Жауабы, қырық

0 дауыс
1.Ұшқыш мен болсам яғни ұшқыштың жасы мен нешеде болсам сонша жас
2.қызы
3.онда 3 шофер Саматтың апалары
0 дауыс
алты болуы мүмкін
+1 дауыс

Ұрғашы кенгуру қандай жағдайда қатты ашуланады? баласы бұтына жіберіп қойған кезде)

0 дауыс
отиниш жауаптарын дурыстап тусиндириниздерши.Басым катып кетти кейбір есептерге.Дым түсініксіз.
0 дауыс
Жауабы керек еді көмектесіңіздерші шеше алмадық: 12 минуттық және 9 минуттық құн сағаттарымен ұзақтығы 15 минуттық уақытты қалай анықтауға болады?

Пакетте 7кг жарма бар, 200г 1 тасты кірді пайдаланып табақналы таразымен 3 рет өлшеп 2кг жарманы қалай бөліп алуға болады?
0 дауыс
Балмуздак кафесындегы 16 устелдын  по кайсысындагы орындыктар саны 3, 4немесе 6га тен. 3жане 4 орындыкты устелге 36 адам отырады да ал барлык устелдерге 72 адам отырады алады.Кафедегы 3орындыкты устелдер саны нешеу? Маган осыны шыгарп бериниздершы отинем алдын ала рахмте)
0 дауыс
1.Төрт түйеқұс ұшып бара жатыр біреуін атты нешеуі қалды?

2)Кімнің шашына жауын жауғанда мүлдем су тимейді?

3)Бір ауылға келіп жүрген туристтер, сол жердегі бір ақымақ шалдың қылығына таңданады. Шалға жылтыраған 50 теңгелік тиын мен 500 теңгелік қағаз ақша ұсынғанда, ол ылғи 50 теңгені таңдайтын.Оның себебі неде?

4)Бір қыз отыр.Ол тұрып кеткен жағдайда да сіз оның орынына отыра алмайсыз.Ол қай жерде отыр?

5)Сіз доп лақтырдыңыз делік.Қай жағдайда доп ештеңге соғылмай, тимей өзіңізге қайтып келеді?

6)Мына есепті калькуляторсыз, ештеңге жазбай, ойша шешуге тырысыңыз.
1000 оған 40-ты қосыңыз.Таңы бір мың қосыңыз.Оған 30-ды қосу керек.Тағы 1000.Қосу 20.Қосу 1000.Және тағы 10-ды қосыңыз.Неше шықты?

7)Бір ағылшын саяхатшысы үндістер тайпасының қолына түсіп қалады, да өлтірмекші болады.Бірақ, тайпаның көсемі оған мынандай шарт қояды: Саяхатшы бір сөйлем айту керек.Егер ол сөйлем шын болса, оны жардан лақтырады.Ал егер өтірік болса, оны арыстандармен бірге торға қамайды.Бірақ саяхатшы бір сөйлем айтып,құтылып кетеді.Ол қандай сөйлем айтты?

8)Біраз ішіп алған ер адам үйіне қайтып бара жатыр.Ол құмды, ауыл арасындағы жолмен жүріп келе жатыр.Жолға айдың жарығы жарығы түсіп тұрған жоқ, оған қоса ол жерде ешқандай шам жоқ болатын.Ер адам қара киімде болатын.Кенеттен жолда фары жағылмаған машина пайда болады.Ең соңғы сәтте жүргізуші ер адамды көріп, бұрылып кетеді.Жүргізуші оны қалай көрді?
0 дауыс

8-ші сұрақтың   жауабы 0 сол жақтан да  оң жақтан да 0

Ұқсас сұрақтар

127,759 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы