+3 дауыс
3.0k көрілді

2 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сай кәмелет жасқа толмау жазасын жеңілдететін мән-жайға жатады, дегенмен кінасы дәлелденсе толық жауапкершіліктен құтылу мүмкін емес заң бойынша.
 96-бапқа сәйкес адам өлтiру үшін жауапкершіліктер қарастырылса.

      *1. Кiсi өлтiру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтiру -
      алты жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      2. Кiсi өлтiру:
      а) екi немесе одан көп адамдарды;
      б) осы адамның қызметтiк iс-әрекетiн жүзеге асыруына не кәсiби немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын;
      в) дәрменсiз жағдайда екендiгi айыпкерге белгiлi адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен ұштасқан;
      г) жүктi екендiгi айыпкерге белгiлi әйелдi;
      д) аса қатыгездiкпен жасалған;
      е) көптеген адамдардың өмiрiне қауiптi тәсiлмен жасалған;
      ж) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жүзеге асырған;
      з) пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалданып не қарақшылықпен, қорқытып алушылықпен не бандитизммен ұштасқан;
      и) бұзақылық ниетпен;
      к) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңiлдету мақсатымен жасалған, сол сияқты зорлауға немесе жыныстық қатынас сипатындағы күш қолдану әрекеттерiмен ұштасқан;
      л) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпендiлiк немесе араздық не қанды кек себебi бойынша;
      м) жәбiрленушiнiң мүшелерiн немесе тінiн пайдалану мақсатымен жасалған;
      н) бірнеше рет жасалған адам өлтіру;
      о) көрінеу кәмелетке толмаған баланы өлтіру -
      мүлкiн тәркiлеу арқылы немесе онсыз он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не мүлкiн тәркiлеу арқылы немесе онсыз өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.*


Ал кәмелетке толмағандарға *бас бостандығынан айыру он жылдан аспайтын,* ал ауырлататын мән-жайларда *кiсi өлтiргенi* үшiн немесе қылмыстардың жиынтығы бойынша қылмыстардың бiреуi ауырлататын мән-жайларда кiсi өлтiргенi үшiн - он екi жылдан аспайтын мерзiмге тағайындалуы мүмкiн. Кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасаған немесе орташа ауырлықтағы қылмысты бірінші рет жасаған кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.
Кәмелетке толмай сотталған адамдар бас бостандығынан айыруды:
      а) бас бостандығынан айыруға бiрiншi рет сотталған еркек жынысты кәмелетке толмағандар, сондай-ақ әйел жынысты кәмелетке толмағандар - жалпы режимдегi тәрбиелеу колонияларында;
      б) бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген еркек жынысты кәмелетке толмағандар - күшейтiлген режимдегi тәрбиелеу колонияларында өтейдi.
*Қоғамдық қауiптiлiк сипатына және дәрежесiне, кiнәлi адамның жеке басына және басқа да мән-жайларға қарай сот қабылданған шешiмнiң себебiн көрсете отырып, еркек жынысты кәмелетке толмай сотталған адамның бас бостандығынан айыруды жалпы режимдегi тәрбиелеу колониясында өтеуiн тағайындауы мүмкiн.*
+1 дауыс
Колонияға тығады 18 ге толғасын түрмеге тығады!
Ақшаны ваше ойлама, адам өмірі ақшамен салыстыруға келмейд!
Сен не адам өтірдің бе не үшін одай сұрак?Осы сен бірдеңе бүлдірген сыйяқтысың
l_a, Пікіріңіз пікірге келмейді. Жеке жауап ретінде жазыңыз.
...