Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (ерекше бөлім) 716-бабында заем шартының нысаны (форма) жайлы айтылған.
Заем шарты заемшының облигациясы, қолхаты немесе оған заем берушiнiң белгiлi бiр соманы немесе заттардың белгiлi бiр мөлшерiн бергендiгiн куәландыратын өзге де құжат болған жағдайда да тиiстi жазбаша нысанда *жасалды* деп танылады. Яғни қолхат арқылы борышкерлік міндеттеме алды деуге толық негіз бар.
Ал сіз өз кезеңізде 290-бап бойынша сізге егер ақшаңызды қайтарған жағдайда, мiндеттеменiң орындалғанын қабылдай отырып, несие берушi борышқордың талап етуi бойынша оның толық немесе бiр бөлiгi орындалғаны жөнiнде оған қолхат беруге мiндеттiсіз.