Өмірде менің ойымша ең басты 3 принцип бар:
1) Әрқашан, қайда болмасын, қандай жұмыс болмасын, қандай оқу болмасын, қандай өмірдегі жағдай болмасын әрдайым мүлтіксіздікке (совершенство) талпыну. Себебі, уақыт өту барысында жаңа нәрселер ашыла береді, ескі көнере береді, адамдар да уақыт өте өзгере түседі, тек қана уақыттан артта қалмай мүлтіксіздікке талпынған адам, өзін тоқтаусыз дамытып отырған адам ғана, бұл өмірде мүлтіксіздіктің қандай дәрежесіне жету мүмкін болса, өз талпынысын тоқтатпағанша, мүлтіксіздіктің ең жоғары дәрежесінде болады.
Ондай дәрежеге жеткен адам аса қиын жұмыстарды өте қарапайым құрал-жабдықпен, аз уақыт ішінде бітіре алады, шешуі мүмкін емес деп есептелген есептерді шешеді және т.б.
Мысал: Д.Керрис сияқты керремет программист, даже Brainfuck программалау тілінде де ДНҚ-ны расшифровка жасай алады.
Мысал: күшті дизайнер қолында MS Paint-та Фотошопқа айналады:
2) Адамның талпынатын ЕҢ БАСТЫ, ЕҢ МАҢЫЗДЫ арманы бұл өмірде қол жеткізе алмастай болуы қажет деп ойлаймын. Мысалы адам, бұл өмірдегі емес, келесі өмірдегі бақытты ойлауы қажет. Себебі, өмірдегі ең басты мақсатыңа жетіп қойып, одан басқа маңызды арманың болмаса, өмірден түңіліп кету де ештеңе емес. Сондықтан, дұрыс діни идеологиямен өмір сүретін адам бақытты болады деп сенемін.
Мысал: өмірден түңіліп есірткі мен араққа беріліп, әбден быт-шыты шығып жатқан адамдарды күнделікті теледидардан да, өмірден де көріп жүрміз. Бірақ, қызық үшін бірнеше мысал келтіре кетейін: Эмми Уайнхаус, Джия Каранджи, Элвис Пресли, Бриттани Мерфи т.б.
3) Өмірде ардайым жақсыға талпыну, өмірді, өзіңді, айналаңдағыларды жақсылауға тырысу, басқаларға үлгі болардай адам болуға тырысу. Себебі, кім болсаң да бұл өмірден өтесің, ал артта қалған жақсы істерің, басқаларды жақсылыққа шақырғаның, ел аузында қалған жақсы атың бұл өмірде және келесі өмірде Жаратқанның алдына барғанда абыройың болады деп сенемін:)))