+6 дауыс
2.9k көрілді
Құрметті бауыр! Сізідің мамандығыңыз қандай? Не үшін осы мамандығыңызды таңдадыңыз? Осы мамандықта жұмыс жасау сізге ұнайма не үшін?

12 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Менің оқыған мамандығым - қаржыгер. Ал жұмысым - инженер-жылу технигі. Бауырларым менің, экономикалық мамандықтарды сырттай оқыған дұрыс па деген ойға келіп отырмын. Ал күндізгі бөлімде техникалық мамандықтарды игерген дұрыс деп ойлаймын. Ең бастысы өз мамандығыңызды ұнатып, жан-тәніңізбен меңгеріп жұмыс жасағаныңыз дұрыс.
+4 дауыс
машиностроение. әлі студентпін =))
Машшала жол болсын студент!
рахмет !!!
men kudai bere salgan audarmawymyn agylwyn fransuz kazakhskiden
+5 дауыс
Научная информатика, былайша айтқанда программистқо. Қызығып таңдадым, болашақтың бәрі компьютер болады деп, тереңірек оқу керек деп шештім.

3-ші сұрағыңа 3 жылдан соң жауап беремін құдай қаласа)) Студентпіз әлі!
Қазақстанға сендер сияқты мықты програмистер керек болады болашақта!
+6 дауыс
Менікі де Ғылыми информатика. Ерлан өзіміздің ініміз. Ұрысып айтсақ та тыңдамайды, әлі балалықпен қоштасқысы келмейді.)))) Оны жақсы Системшик қылайын десек қашқылап жүр. Линукске үйретпекшіміз.

Кезінде анам өзі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалі болған соң, мені қазақ тілі мен әдебиеті пәніне, не музыкальный колледжге түс деп үгіттеген (5 жыл музыка мектебіне баянға барғанмын). Менің ойым бала кезден қызығушылық компьютер еді, 9 сыныптан кейін програмистке түсем дегенде, музыкальныйға түсесін, не оқымайсын деген. Мен де қырсығып оған түспедім. Ақыры көзі жеткен соң осы ғылыми информатик  мамандығына түсуге рұқсат берді. Қазір құдай қаласа 5-6 айдан кейін маман атанамын. Таңдаған бағытым Веб-програмирование, қазақ тілді сайттарды жасау. )))
+4 дауыс
Менин коледжде битирген мамандыгым эксперт-оценщик. Мектеп битиргесин апкем осы мамандыкта окып жатыргасын мени де тусире салды, 2курска деин не екенин билмеи журдим, 2 курста спец сабактар окыганда тусиндим жане унады, типтен кызылга битирип шыктым. Битиргесин ЖООга кайда барсам деп ойланып, Озинин жеке ТООсы бар нагашы агамнан акыл сурагамда Учет и аудитке бар деди. Негизи менде мектеп битиргенде осыган баргым келген... Соитип казир Актобеде Учет и аудит мамандыгы бойынша сыртай болимде окып жатырмын! Али истеп кормедим еки мамандыкпенде, уксаитын  жумыстар истеп жатырмын , коремиз али...
Окуынды жаксы аяктауга тилектеспин!
+4 дауыс
Мен болашақ менеджермін,факультетім: Бизнес-администрирование.1 жылдан соң диплом аламын.Шынымды айтсам,ойланбай бара салдым. Маған журналистика,психология жағы  ұнайды. Алдағы өмірде көре жатармыз,алған мамандығым бойынша,өзім фирма ашып,іс жүргізгім келеді.Алла жазса
+3 дауыс
Кітапхана саласындамын.Бала кезімнен кітапқа құмар болдым,кітапхана жұмысы рахат,жан қиналмайды деп ойлап ,әдейі таңдадым.
+4 дауыс
Мен мектепте мұғаліммін!
Ұстаздер сіздерге иіліп бас иеміз. (шірік деп түсінбеңіз, жай сыйлағандықтан) Рахмет сіздерге! Анам да мектеп мұғалімі. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
менің де мамандығым педагог. қазір эекономикалық білім алып жатырмы. ал жұмысым жайында айтсам нотариалды кеңседе жұмыс істеймін. Етік тігетін де өнерім бар.
+3 дауыс
Болашақ мұғалімбіз.

Ата-анамның кеңесімен.

Иә, мұғалім болған қызықты, мектепте жүргенде "өзін-өзі басқару" деген болатын. Сонда бір күнде 4-5 сабақ қатарынан қоятын, және бір пәннен емес, бірнеше түрлі пәннен алып сабақ беретінбіз. Өте қызық болатын.
Ісіңізге сәттілік тілеймін. Тек оқуыңызды жақсы оқыңыз. Әйтпесе қазіргі балалар біліп туғандар.

Рахмет,тырысып бағамыз...wink

+2 дауыс

Менің мамандығым- радиотехника,электроника және телекоммуникация.Бұл мамандық Қазақстанға қазіргі уақытта керек мамандықтың бірі.Енді дамып келе жатыр.

Қай қалада және қай Университеттесің? Екеуміздің мамандығымыз бірдей боп тұр ғой!!!
Мен Алматыданмын.ҚазҰТУ-да оқимын,Арслан.
+1 дауыс
менің мамандыгым Есеп және аудит.ата-анамның таңдауы осы болды,қазір ең сонғы жылым қалды бітіремін!!!маған бұл мамандық мүлдем ұнамайды!!!(((
+1 дауыс
Мамандығым фельдшер. Өзім қалап түскендіктен ұнамауы мүмкін емес. Өлмейтін мамандықтардың бірі.
_
Құрметтілерім! Ең болмаса ұятқа қалмай қатесіз жазсаңдаршы.
...