+3 дауыс
3.3k көрілді
Көзілдірікті ұзақ кисе ол адамның көзін сорып алады.Яғни, көздің көлемін бірте-бірте кішірейтіп тастайды деген қаншалықты шындыққа жанасады.Бұл дұрыс па?

6 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Меніңше жәй айтыла салған қауесет.
Емдік (лечебный) көзілдіріктер бар ғ ой қазіргі кезде, оны белгілі бір уақытқа дейін ғана киеді де ары қарай көзілдіріктің қажеті болмай қалады. Оның бағасы да тәуір-ақ.
+2 дауыс
*Көзілдірік – көздің оптикалық кемістігін түзету, Күн сәулесінен, шаң-тозаңнан, химиялық заттар әсерінен қорғау үшін қолданылатын құрал. Көзілдірік шынысының сәулені жинайтын (“+”) (алыстан көргіштікті түзету үшін) және сәулені шашырататын (“–”) (алыстан көрмеушілікті түзету үшін) түрлері болады. Көзілдірік екі жағы ойыс (“–”) не екі жағы дөңес (“+”) шыныдан жасалады. Сонымен қатар, Көзілдірік шынысы көздің қасаң қабығына жапсырылып та киіледі (жапсарлы линза). Көздің көруі өте нашарлағанда 2 – 3 қатар линзадан жасалған Көзілдірік қолданылады. Кейбір адамдардың алыстан көргіштігі де, жақыннан көруі де нашарлайды. Мұндайда екі Көзілдірік кимеу үшін жоғары бөлігімен алыстағыны, төмен бөлігімен жақындағыны көруге болатын шыныдан жасалған құрама Көзілдірік беріледі. Жастың ұлғаюына байланысты (40-тан асқан адам газет, кітап оқу үшін) әр түрлі шынылы Көзілдірік киюге тура келеді. Көздің көру кемістігін қалыптастыру үшін киілетін Көзілдіріктің қай түрін болса да дәрігердің нұсқауымен кию керек. Көзді күн сәулесінен қорғайтын Көзілдіріктің шынысы қоңыр, қара, көк, күлгін, жасыл түсті болады. Мұндай Көзілдіріктер қолданылуына байланысты әр түрлі пішінде жасалады. Болат қорытушылар, химиялық өндіріс жұмысшылары үшін арнайы қалың шыныдан екі бүйірі жабық Көзілдірік шығарылады.*
0 дауыс
Көз көлемі визуально кішірейгені болмаса, табиғи қалпын өзгертеді дегенге сенбеймін.
0 дауыс
Очки адамның көзін өзгертіп тастайды. Бұл рас адамның көзі кішірейіп қалады. Бұның дәлелі мысалы Дәулет Бижановтың көзі очки кигенде білінбейді ал очкиді шешкенде ұзқынсыз болып қалады. Себебі очки көздің әдемілігін өзіне тартып алады. Мен осы жақында ғана очки кие бастадым (-0,75) сложное зрение деген линзасынмен бірге менің де көзім алысты нашар көреді очкиды шешкенде көзім кішірейіп қалады. кИМЕСЕҢ ҚЫЛИ БОЛЫП ҚАЛАСЫҢ ДЕЙДІ. Не істеуге болады түсіне алмадым неге линзамен неге сложное зрение:??? Жасым бар болғаны 13
0 дауыс
Я ол шындық көзілдірікті көп кие берсең көзікді жеп қояды дейді яғни көлем" кішіриеді.
0 дауыс
Бұл шындыққа жанаспайды, жай айтыла салған өтірік қой мынау
...