0 дауыс
япурай әнінің сөзін қайдан тамсам болады
01.07.2012 1.6k қаралым

1 жауап

0 дауыс
Жаз болса жарқырыған көлдің беті-ай
Көгеріп көрінеді, япур-ай, алыс шеті-ай
Дірілдеп толқын басқан мөлдір суын-ай
Шайқайды жас баладай, япур-ай, желдің лебі-ей

Алтын бу айна көлдің бетін жабар-ай
Ақ сәуле көктен төніп, япур-ай, маржан тағар-ай
Есіме ақ сәулемді алған кезде-ай
Ақ моншақ жылт-жылт етіп, япур-ай, жерге тамар-ай

Жалған-оу

Ақ моншақ жылт-жылт етіп, япур-ай, жерге тамар-ай.(Бекболат Тілеухан)
.
.
.
Әлде басқа ән ба?
01.07.2012
127,963Сұрақ
322,898Жауап
153,169Пікір
73,027Қолданушы