+1 дауыс
3.6k көрілді

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
сталин өзінің қарамағындағы археологтерге Әмір Темірдің қабірін ашуды бұйырады.содан ашқан кезде ертеңіне фашистерден хабар келді соғыс туралы .ал Әмір Темір өлер алдында егер кімде кім денемді ашса екінші дүниежүзілік соғыс басталады деп айтып кеткен
Понятияңа сөз жоқ!...

Айболат, Әмір Темур заманы XIV-XV ғасырлар (1336-1405), ал екінші ДЖ соғыс XX ғасырдың ортасында болды(1939-1945). Миың жетіп тұрса, 2 ші Дүние жүзілік соғыс былай тұрсын, 1 Дүние жүзілік соғысқа дейін 600 бұрын өмір сүрген адам қалай менін қабірім ашылса 2 - ші Дүние жүзілік басталады деп айтады?
0 дауыс
Әмір Темірдің денесі табылғанда 2-ші дүниежүзілік соғыс болды дейді.
+1 дауыс
Алтын Орданы ыдыратқан Әмір Темірдің денесі Самарқандта дегенге Сталин қатты қызығады ! Сөйтіп археологтарға айтып шынында қабірде Әмір Темір жерленгенба әлде жоқпа соны білуге қызығада және 35жыл билік жүргізген Әмірдің артында ұлкен байлық қалуы керек еді соғанда қызыққан болар. Соны мен археологтар Түнде 21 мамырда зиратты ашады ,Таң ертен Германия Мәскеуге шабуыл жасайды !! Әмір Темір өлер алдында менің зиратым  ашылатын болса ұлкен соғыс болады деп кеткен екен !!
0 дауыс
негізі тарихта әмір темір былай деген "кім менің бейтімді ашса сол жылы үлкен оқиға болады" деп айтып кеткендейді,толық есіме түсіре алмай тұрғаным анық қалай дегенін білмеймін әйтеуір сондай бірдене деген, жазып қалдырып кеткен сияқты,сол оқиға ұлы отан соғысы болуы мүмкін
0 дауыс

Сталиннің арманы

Сталин мен әмір темірХалықтың қолдауымен емес, коммунистік партияның қалауымен билік басына келген Сталиннің шындығында Лениннің кенеттен қайтыс болғанын пайдаланып, өзін соның идеясын жалғастырушы-мұрагері етіп жариялауынан көсем атанғаны белгілі. Халықты тек қорқытып-үркітумен ұстап тұруды ойлаған оның қатыгездігі ескі заманғы билеушілерден асып түспесе кем соқпаған болар. «Генерал болуды армандамайтын сарбаз сарбаз емес» демекші, ол әуелі қатал билеушіге лайық өзінің бет-бейнесін, аты-жөнін (қазіргі тілмен айтқанда имиджін) өзгертуге тырысты. Қалың сұсты мұрт қойып, үстінен сұрлы түсті әскери формасын тастамады. Кеңес Одағы сияқты алып мемлекетті билеу үшін әскердегідей темірдей тәртіп керек деп ұғынды. Темірдей демекші, бір заманда Әмір Темірдің қол астында болған Темір мемлекетінің бірі – Гүржістанның (Грузия) тумасы Иосиф Виссарионович ұлы жаһангердің есіміне ұқсас өзіне ат іздеді. Несі бар, ол Ақсақ Темір болса, бұл да сылтып басады. Бірақ, Ақсақ Темір десе жараса қоймас. Ал, жай темір болғысы жоқ. Оның үстіне Темір десе қайталау болады, мұсылман не шығыс халқының өкілі еместігі, діні, тілі басқа екендігі тағы бар. Тоқта, Болат (орысша – Сталь) десе қалай болады? Ол да темірдің бір түрі ғой, бір түрі болғанда, нағыз қаттысы, темірдің өзінен де мықтысы. Сонымен, ат табылды, Джгуашвилиді Болат-Сталь-Сталин ауыстырды. Әмір Темірге еліктеу, оны дәріптеу мұнымен аяқталған жоқ, әйгілі әміршінің өмірбаяны, оның жасаған соғыс жорықтары жөніндегі тарихи деректерге мән бере қараған Сталин ұлы жаһангерді Кеңес одағының тарихи оқулықтарына, мектеп пәндеріне енгізуге бұйрық береді. Негіз де жоқ емес, Әмір Темірдің Ресейді үш жүз жыл билеген Шыңғысхан ұрпақтарының Алтын Ордасын тас талқан қылып жеңіп, бодандықтан құтқарғаны тарихи шындық. Жарты әлемді дірілдеткен Шыңғысхан мен Османның алып империяларын тізе бүктірген құдіретті күштің иесі Ақсақ Темір қандай адам болған?
Сталин енді дүниені дүр сүлкіндірген жаһангердің бет-бейнесін көргісі келді. Ол өзінің тікелей жарлығымен Әмір Темір жерленген Самарқанға ғылыми экспедиция аттандырады.

Самарқанға сапар

Темір мазарыЕскі Самарқан қаласы Әмір Темір мемлекеті кезінде қатты өркендеген еді. Ұлы билеуші мемлекет астанасы ретінде оған үлкен мән берген. Қала ортасындағы Регистан, одан оңға қарай Гүр Әмір кесенесі, Ақсарай, Рухабат және оңтүстік шығысында Ишаратхан мазарлары қазіргі күнге дейін сақталып, өзінің көркемдігімен көздің жауын алады. Самарқанда, сондай-ақ, қазақтың Жалаңтөс Баһадүрі салдырған Ширдор медресесі де шығыс сәулеті өнерінің әсемдігін танытады.
Тағдырдың жазуымен Әмір Темір Самарқан қаласындағы өзінің немересіне арнап салдырған Гүр Әмір кесенесіне жерленген еді. Кейін, оның қайтыс болған ұрпақтары – ұлдары мен немерелері де осында жерленеді. Дегенмен, кейбір жазба деректеріне қарамастан ғалымдар арасында Әмір Темірдің денесі Самарқаннан бөлек Шахрисабыз бен Отырарда да жатуы мүмкін деген жорамалдар бар еді. Бар құпияны Гүр Әмірде басталған жұмыстар ашуы тиіс болатын.
1941 жылдың маусым айында Самарқанға келген ғылыми эспедицияның құрамында танымал шығыстанушы-ғалым Т. Н. Кары-Ниязов, белгілі шығыстанушы А. А. Семенов, атақты антрополог-ғалым, мүсінші М. М. Герасимовпен бірге Орта Азияның белгілі тарихшы-жазушысы тәжік С. Айни және осы сәтті кинотаспаға түсіруге келген жас кинооператор өзбек Мәлік Каюмов бар еді. Ғылыми топтың не мақсатпен келгендігі туралы хабар ел құлағына лезде жетеді. «Орыс экспедициясы Әмір Темірдің көрін қазбақшы екен. Әулиелі аруақтың киесі мен қарғысына ұшырайтын болдық. Басымызға қара бұлт төнеді!». Көшеде, базарда гу-гу басталған осындай әңгіме соңы жаппай наразылыққа ұласады. Ислам діні ішіндегі сопылық бағытты ұстанған Самарқанның дін басылары әруақты қозғағандарың үшін Алланың кәріне ұшырайсыңдар деп, тіпті, қабір қазушыларды шариғат заңы бойынша жазаламақшы да болады. Жанжалдың ушығып кетуінен қорыққан Өзбекстанның сол кездегі басшылары келіп, дін басыларымен кездеседі. Олар қабір қазудың ғылым мен тарих үшін қажеттігін, бұл тапсырманы Сталиннің жеке өзі бергенін айтып, құжатты қағаздарды алға тартады. Кейін бәрі тынышталғаннан кейін Өзбекстанның сол кездегі басшысы У.Юсупов болған жанжалды Сталиннен жасырып, ғылыми экспедицияның жұмысқа белсене кіріскенін ғана айтады.
Қалың жұртшылықтың қарсылығына қарамастан, жоғары басшының бұйрығын екі етпеуге тырысатын, оның жолында ешкімді аямайтын биліктің әрекетін тоқтату мүмкін емес еді. Гүр Әмір кесенесіндегі қазу жұмыстары 16 маусым күні басталады. Әуелі Ұлықбектің ұлдарының қабірлері ашылады. Содан кейін Әмір Темірдің ұлдары Мираншах пен Шахурхтың сүйектері алынады. 18 маусым күні Әмір Темірдің немересі Ұлықбектің қабірін бірден ашу оңайға түсе қоймайды. Қабірдің бетін жапқан көк тастың ауырлығы сонша, кесене еденінің біраз бөлігін бұзуға тура келеді. Барлық жердегі жазулар араб және парсы тілдерінде болғандықтан, көне жазуды оқып-түсіне алатын көнекөз ақсақалдардың көмегіне жүгінеді, бұзар алдында кейін бәрін қалпына келтіру мен құжаттау үшін сурет пен кинотаспаға түсіріледі.
Ұлықбектің бас сүйегін көрген ғалымдар ондағы жарақат іздерін тексеріп, сүйектің иесіне тиесілі екенін дәлелдейді. Атақты ғалым Ұлықбектің дүниежүзінің астрономия ғылымына қосқан орасан зор үлесін әлемнің түпкір-түпкіріндегі ғалымдардың әлдеқашан мойындағаны белгілі. Оның астрономия, сурет, математика, овсерватория саласындағы еңбектері ұшан теңіз. Ескі Самарқанда салынған өзінің овсерваториясы арқылы Ұлықбек аспан әлемін жіті зерттеп, мыңдаған жұлдыздарды ашқан. Кейіннен әлемнің әр мемлекетіндегі астроном-ғалымдар өздері ашқан ғарыш жұлдыздарын Ұлықбектің еңбектерімен салыстырып, оның жаңалықтарын одан әрі пайдаланған. Әрине, өзі діндар бола тұра оның ғылыми жұмыстармен айналысуы таң қаларлық нәрсе еді. Біреу таң қалса, біреу қызғанды, ал, енді, біреулері оның ізіне шам алып түсті. Сол кездегі асыра діншілдер Ұлықбектің бұл әрекетін шайтанның ісі деп көрсоқырлық танытты. Ақыры олар Ұлықбектің басын шауып тынды.
Бірнеше жүз жылдан кейін ашылған қабір осы деректі қайтадан алға шығарған еді…

«Әруағымды қозғамаңдар!»

Темір мазарын қазуҒалымдар Әмір Темірдің қабірін ашуды 19 маусым күні бастайды. Алдымен қабір бетіне жабылған үлкен үш тонналық көктас көтеріледі. Мазар іші ауыз-мұрынды тұншықтырар иіске толып, қабір қазушы жұмысшылар мен ғалымдар сыртқа қашып шығады.
Әмір Темір Қытайға жорыққа бара жатқанда 1405 жылы Отырарда қайтыс болған еді. Самарқанға бұзылмай жеткізу үшін оның мәйітіне түрлі өсімдік шырындарынан жасалған бальзам жағылған деген деректер бар. Өлген адамның денесін бальзамдау, оған бал жағуды пайдалану ежелгі Мысыр елі мен Орта Азия халықтарына тән дәстүр екені белгілі. Дегенмен, әруақты мазалап, қабір ашқандарды киесі ұрсын деп қайтыс болған адамдардың жеке заттарын, тұншығып өлсін деп түрлі улы шөп шырындыларын қоса көмген қабірлер де кездеседі. Қалай болғанда да басталмай жатып бас айналдырған жайлар жұмысқа кедергі болады. Түрлі сылтаумен кейбір жұмысшылар қабір қазудан мүлде бас тартса, енді, бірі біз мұсылманбыз, мына, иіс бізді әруаққа тиіспеңдер деп ескертіп тұр деп ашығын айтады.
Келесі күні таңертең екінші көк тасты көтеріп жатқан кранның темір арқаны үзіліп кетеді. Жұмыс тағы тоқтайды. Түске таман әупірімдеп жүріп әрең жалғап, қабір аршуға қайта кіріседі. Жан-жақтан құм суылдап аршыған жерді қайта-қайта көміп тастай береді. Ақырында табыт көрінген сәтте ғалымдардың қуанышында шек болмайды. О, тоба, қабір ашқанға да қуанатын пенделер болады екен ғой. Бұл оқиғаны жоғарыға баяндау үшін Абдрахманов, Ахунбабаев деген жергілікті партия басшылары келіп кетеді. Түстен кейін жұмыс қайта жалғасып, табыт бетіндегі жазуларды оқуға да біраз уақыт кетеді. Көне парсы тілінде Әмір Темірдің толық аты жазылған екен. Әмір Темірдің арғы атасы Қаражер бек, одан Ижил бек, одан Әйліңгір бек, одан Беркел бек, одан Мұхаммед Тарағай бек, одан Әмір Темір тарағаны белгілі. Әмір Темірдің толық аты: Әмір Темір Құтбуддин Темір Гүркан Сахиб Қыран Ағзам Жанат Макан…
Кезінде ұлы ақынымыз Мағжан Жұмабаев Әмір Темірдің шыққан тегі туралы былай деп жырлап еді:
Тұранның билері бар Тарағайдай,
Сол биден Темір туған от боп ойнай.
От шашып жер жүзіне Ақсақ Темір,
Жарқ етіп өте шыққан найзағайдай.
Әмір Темірдің есімі жазылған жазудың астына Құран аяттары жазылыпты. Оны оқу да ғалымдарға қиынға түсе қоймайды. Ал, одан кейінгі жазу… Иә, одан кейінгі жазуды оқығандардың бойлары тітіркенбеуі мүмкін емес еді. «Біздің бәрімізді де бір өлім күтіп тұр. Уақыт келеді, бәріміз де жер қойнына кіреміз. Бізге дейін де ұлылар болған, бізден кейін де ұлылар болады. Егер, біреулер астамсынып не болмаса біреуден асып түскісі келіп, әруағымның қабірін қозғаса, ондайларды әруақты бабаларымыздың киесі оңдырмай ұрады, қантөгіс басталады!».
Қабірді ашқызып, табытқа үймелеп, осы жазуды оқыған ғалымдар бір сәтке сілейіп тұрып қалады. Кенет мазар ішіне жағып қойған шамдар да жалп етіп сөніп қалғанда ғана естерін жиып, сыртқа қашып шығады. Мәлік Каюмов ғалымдарға жақын маңдағы шайханадан шай ішіп, көңілдерін басуды ұсынады. Олар сен барып шай ала бер, біз соңынан кіреміз дейді. Малик Каюмов шайханаға кіргенде алдыңғы дөңгелек жер үстелдердің бірінде бастарына сәлде ораған, үстерінде ескі шапандары бар үш ақсақалдың шай ішіп отырғанын көреді. Олар жалма жан орындарынан бір кісідей ұшып түрегеліп: «Балам, Әмір Темірдің қабірін қазуға келгендердің ішінде сен де барсың ба?» дейді. Ақсақалдардың ашулы түрін көрген Мәлік Каюмов әуелде сасып қалады да, іле шала жастығы ма, әлде өзінен үлкен ғалымдарға сөз естіргісі келтірмеуді ойлағаны ма, әйтеуір: «Иә, оларды Мәскеуден бастап әкелген мен едім, олар менсіз жұмыс істей алмайды» дейді. Ақсақалдың бірі жанында жатқан ескі үлкен бір кітапты көрсетіп, «мынада ұлы әмірші Темірдің қабірін ашуға болмайды, әруақ қозғалса, бұрын-соңды көрмеген қырғын соғыс басталады деп жазылған» дейді. Мәлік олардан «осы кітапты оқып көруге бола ма?» деп, сұрайды. Ақсақалдар сен әуелі арабша оқи аласың ба дейді. Мәлік болса «мен ғана емес қазір осында келетін ғалымдардың бәрі де арабша оқи алады» деп жауап береді.
«Ұлы жаһангер әмірші Темірдің әруағы қозғалса, қантөгіс басталады!». Жаңа ғана Әмір Темір табытының бетіндегі осыған ұқсас жазуды өз көзімен оқыған Мәлік Каюмов шошып кетеді. Осы кезде шайханаға С.Айни мен А.Семенов бастаған ғалымдар да кіреді. Сталиннің арнайы тапсырмасымен келген оларды ешнәрсе де тоқтата алмасы анық еді. Кітаптағы жазуды оқып шыққан олар: «Жай сандырақ сөз, жаза береді, қабірді ашуымыз керек», – дейді. Бұған ашуланған ақсақалдар басқа сөзге келместен сыртқа бет алады. Бірі шығып бара жатып, қолындағы таяғын сілтеп қалады: «Оңбайсыңдар, қарғысқа ұшырайсыңдар, қантөгіс болады!». Мәлік Каюмов олардан кешірім сұрамақшы болып, іздерінен ұмтылады. Бұл кезде ақсақалдар көшенің бір бұрышына жетіп қалған екен. Мәлік қуып жеткенше олар бұрылып көрінбей кетеді. Кімнен сұраса да ешкім үш ақсақалды көргеніміз жоқ, олар бұл жерден өткен жоқ деп жауап береді.
Әмір Темірдің қабірі 20 маусым күні кешкісін толық ашылып, сүйектері сыртқа шығарылады. Оның оң аяқ сүйектеріндегі жарақат ізін көрген Садриддин Айни: «Айттым ғой, Әмір Темір осында жатыр» деп балаша қуанады. Оны естіген А. Семенов болса: «Өз ата-бабаларыңның сүйектері қайда жатқанын өздерің білмесеңдер, біз қайдан білеміз», – деп әзілмен жауап береді.
Әмір Темірдің қабірі ашылғаннан кейін тура екі күн өткен соң — 22 маусым күні таңертең Кеңес Одағының барлық радиоторабы: «Бүгін таңғы сағат төртте фашистік Германия Кеңестар Одағына жарияланбаған соғыс ашты» деген суық хабар таратады.
Самарқан да сең соққандай болып: «Әмір Темірдің киесіне ұшырадық» деп шошып оянған еді…

«Әруақты қайта көміңдер!»

Әмір темір және соғысҰлы Отан соғысы басталғасын Самарқандағы ғылыми экспедиция қалған жұмысын тез аяқтап, Әмір Темір мен оның ұрпақтарының сүйектерін Мәскеу қаласына жібереді. Іле-шала өздері де жолға шығады.
Мәскеу қаласында антрополог-ғалым, мүсінші Михаил Герасимов күндіз-түні Әмір Темірдің бас сүйегін зерттеп, портрет-мүсінін жасауға кіріседі. Соғыс жүріп жатқанына қарамастан Сталин Әмір Темірдің бет-бейнесінің жасалуын өз бақылауында ұстайды. Сондықтан, М. Герасимовтың бас сүйекпен күндіз зертханада, түнде өз пәтерінде жұмыс жасауына тура келеді.
Соғыс болса беті жаман, Кеңес Армиясы барлық майданда жеңіліс тауып, тек шегінумен болады. 1942 жылы жаз айларында Қырым түгел жау астында қалып, Кубань мен Кавказға үлкен қауіп төнеді. Күзге таман жау Сталинград пен Мәскеуге тақап келіп, қиян-кескі шайқас жүріп жатады.
Әскерге кинооператор ретінде шақырылған Мәлік Каюмов бұл кезде Калинин майданында жүрген еді. Алапат соғыстың эпизодтарын түсіріп жүрген оның ойынан Әмір Темір кетпей қояды. «Мына соғыс біздің кесірімізден» деп өзін іштей кіналап жүрген ол бір күні майдан шебіне даңқты қолбасшы Г.К.Жуковтың келгенін естиді. Осы сәтті пайдаланып қалғысы келген ол қолбасшының ставкасына барады. Кинооператорға барлық жерде жол ашық. Блиндаждағы майдан штабында отырған атақты қолбасшы оны жылы қабылдайды. «Иә, әскери оператор, қал қалай, суретке түсіріп жүрсің бе, әзірге мақтанар ештеңеміз жоқ», – дейді ол. «Жолдас қолбасшы мен Сізге басқа бір шаруамен келіп едім», – деп ол Әмір Темір қабірін ашқандағы бастан кешкен оқиғаларын түгел баяндап береді. «Күнәмызды жууымыз керек – Әмір Темір мен оның ұрпақтарының сүйектерін өз қабіріне қайтаруымыз керек», – дейді ол.
Жуковтың талантты қолбасшылық қарымдылығымен қатар ақылдылығы, парасаттылығы мен қарапайым адамгершілігі осы тұста да көрінеді. «Бұл жәйтті Сталинге міндетті түрде жеткіземін», – деп уәде береді ол.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Сталин маршал Жуковтың пікіріне құлақ қойған деген сөздің растығын осы оқиға тағы бір дәлелдей түскендей. Қалай болғанда да, Сталин Әмір Темір мен оның ұрпақтарының сүйектерін Самарқанға апарып өз қабіріне қайта жерлеуге жедел тапсырма береді. 28 қазан күні Герасимов те өзінің жұмысын аяқтағанын жоғарыға баяндайды. Сталиннің бір арманы орындалады. Ол ұлы жаһангер, ұлы әміршінің бет-бейнесін әлемде бірінші болып өз көзімен көреді. Жүздеседі. Кім біледі, ол өзінен сұсты, өзінен күшті адамды көріп бойы тітіркенген болар. Жаһанды билеген Ұлы Қолбасшымен таласа алмауын ұғуы да ғажап емес. Бәріміз де өлеміз, бізге дейін де ұлылар болған, бізден де кейін ұлылар болады, астамшыл болма, аруағымды қозғама деген ұлы әміршінің киесінен қорқуы да мүмкін ғой. Қалай болғанда да шындық сол – Сталин Әмір Темірдің сүйегін жай көміп тастамай, шығыс дәстүрі, мұсылман дәстүрімен құрметтеп қайта жерлеуге тапсырма береді. Тапсырма берер алдында ешкімнің ойына келмеген тағы бір істі қолға алады… Ақсақ Темірдің әмірлі, қолбасшы күшін соғысқа пайдаланып қалғысы келеді. Ол талай жорықтағы жеңіске жеткен ұлы қолбасшының сауабы тисін, мұсылман жауынгер бауырларына рух берсін, жеңіске жігерлендірсін деген оймен Әмір Темірдің сүйегін ұшаққа салып Мәскеу маңындағы ұрыс шебіне, одан әріректегі майдан алаңдарына алып баруға бұйырады. Бұл операция бірнеше рет қайталанады. Көк Тәңірден Әмір Темірдің өзі көмекке келді деп естіген жауынгерлердің тозақтың қай отына да қаймықпай кіретінін Сталин осылай дөп басады… Кейіннен Әмір Темірдің сүйегін майдан даласына алып ұшып, жауынгерлерге рух бергізген ұшқыштардың барлығы медальдармен марапатталады.
1942 жылдың 20 желтоқсанында Әмір Темір мен оның ұрпақтарының сүйектері Самарқан қаласындағы Гүр Әмірдегі қабіріне қайта жерленеді. Мемлекеттік комиссия бұл туралы акт жасап, оны парсы, өзбек, орыс және ағылшын тілдерінде жазып, арнайы қорапқа салып, сүйекпен бірге көмдіртеді.
Әмір Темірдің сүйегі өз қабіріне қайта түскен күннен бастап Ұлы Отан соғысындағы жеңісті күндерге жол ашылады. Көктен Әмір Темір қараған майдан шебінің бәрінде ойсырай жеңілген жау шегіне қашады. Мәскеу мен Сталинград түбіндегі қиян-кескі шайқастарда ондаған мың жау әскері қолға түседі…

Әмір Темір және Курск шайқасы

Сталинді қанша жерден коммунист, атеист десек те оның да пенде, пенде болғанда да іштей бір тылсым күшке, бір құдайға, тәңір мен әруақ иесіне сенген адам болғанын жоққа шығаруға болмайды.
1943 жылы Ұлы Отан соғысы тарихында Курск доғасы деген атаумен қалған қиян-кескі шайқас жүріп жатқан кезде Сталинге тағы бір ой келеді. Бұл шайқасқа да ол Ұлы Қолбасшы Әмір Темірдің күшін пайдалануға бел буады. Қалай дейсіздер ғой. Тағы да әруаққа құрмет көрсету, оның рухынан жігер алу. Бұл жолы Сталин қазынадан бір миллион рубль ақша бөлгізіп, тағы бір ғылыми экспедицияны Самарқанға аттандырады. Тек бұл жолы қабір қаздыруға емес, сол бұрын өзі қабір қаздыру кезінде бұздырған кесенелердің ескерткіштері мен құлпытастарын қайта қалпына келтіру үшін. Ол кезде бір миллион дегенің орасан зор ақша. Оның үстіне соғыс жүріп жатыр, халық аш-жалаңаш, соғыс техникалары мен оқ-дәрі жасауға да қаражат керек. Бірақ, Сталиннің аты Сталин. Оның табан астында қандай шешімге баратынын ешкім болжап білмеген.
Гүр Әмір кесенесі толық жөндеуден өткеннен кейін Курск доғасындағы шайқас та Кеңес әскерінің жеңісімен аяқталады.
Кеңес одағын билеген қатал Сталиннің Ұлы Отан соғысы кезінде жасаған осындай әрекеттері Ұлы Жеңістің 60 жылдығы қарсаңында Ресейдің НТВ телеарнасы арқылы «Темірдің қарғысы» атты деректі фильмінде де көрсетілді. Онда оқиғаға себепкер болған М.Каюмов болған жайды өзі әңгімелейді.
Иә, қатыгез Сталин Әмір Темірдің кім екенін кеш болса да түсінген. Әруақты ердің әруағынан қорыққан. Кейін өзі де уақыт өте келе Ленин жатқан қызыл мазардағы табытқа қатар жататынын білген болар… Бірақ, көп ұзамай өзінің астамшылдығы үшін әруағы қозғалып, басқа жердің топырағын құшатыны, талай адамның жазықсыз қанын төккені үшін атақ-даңқы мен абыройдан біржола айрылары мың ұйықтаса түсіне кірмеген шығар…

Соңғы сөз орнына

Ұлы Отан соғысы Ұлы Жеңіспен аяқталғаннан кейін Сталин Әмір Темір мен оның ұрпақтарының әруақтарын қозғамапты. Санкт-Петрбургтегі атақты Эрмитажда темуридтер көрмесін өткізуге де тыйым салған. Эрмитажға Герасимов жасаған Әмір Темірдің мүсіні мен ұлы жаһангердің Тоқтамыс ханды жеңдім деп жазып қалдырған көк тасын ғана қойдырған. С.Айни да әйгілі жазушы-тарихшы атанғанымен ұлы әмірші туралы тарихи роман жазуға батылы бармапты. Бірақ, Кеңес өкіметі С.Айни, М. Герасимов, А. Семенов, Т. Кары-Ниязов және басқа тарихшы ғалымдардың барлығын да мемлекеттік марапаттаулардан кенде қалдырған жоқ. Олардың бәрі де академик атанып, еңбектері жоғары бағаланды. Ал, Мәлік Каюмов болса Ұлы Отан соғысының басынан аяғына дейін қатысып, ерлік шежірелерін кинотаспаға түсіргені үшін Кеңес Одағының Батыры атанды. 1945 жылы Мәскеуде өткен Жеңіс парадында болып, оны да тарих шежіресіне қалдыруға өзінің үлесін қосты. Кеңес Одағының Халық артисі деген атаққа да ие болды.
Әрине, әруақты қозғау ешқандай марапаттармен өлшенбесі анық. Әр нәрсені тарих пен уақыт қана өз орнына қояды. Әруақты ердің үлкен-кішісі жоқ. Әлі ойланар, қолға алар нәрселер баршылық. Атамекенімізді қорғау жолында өзінің ерлігімен, көрегенді билігімен қазақтың құрметіне бөленген Кенесары ханның да қабіріне түсіп, бас сүйегін Мәскеуге жөнелткендердің де марапаттан құр қалмағандары анық. Әттең жоқтаушылары аз болды ма, ардақты ханымыздың, ел үшін аттан түспеген батыр қолбасшымыздың бас сүйегі туған жеріне әлі оралған жоқ.
Елі үшін күрескен асыл ердің әруағына өз атамекенінің топырағын бұйыртса, өліміз тіріліп, өшкеніміз жанар еді. Кейбір шатқаяқтаған тірлігіміздің оңынан басып, рухымыздың көтеріле түсуіне сауабы тиер еді…

...