+5 дауыс
7.6k көрілді
Бұл сұрақты  қою себебімді түсіндіре кетейін:Мен былтыр жазда автобуста кондуктор болып 1 ай жұиыс жасадым.Сол кезде күнделікті азанда және кешке 2 қыз мінетін,олар студент 1 курс.Екеуіде намаз оқиды  және үстерінде хиджап,сұлулықтарына көз тоймайды.Солай жүре мен ол қыздар мен жақсы дос болып алдым.Олардың маған дін жайлы ислам шариғаттарын айтқаны қатты ұнайтын.Мен оларды періштеге баладым және менің ойлағаным намаз оқитын хиджап  киген қыздың барінің жүректерінің таза екеніне күмән келтірмедім.Сондай қыздармен дос болған өзімді бақытты сезіндім және сол екеуімен сөйллесем жеңілдеп қалатынмын.Осылай уақыт өте берді мен Шымқалаға қайтатын болдым,Алматы да қыдырып қалу керек болды.Ол күнді ешқашан ұмытпаспын 20.06.2011 жыл болатын.Жұмыстағы менен үлкен әріптестер түнгі клубка барайық деп,сол жерге бардық.Іші өте шу.кірдікте кабинаға кірдік,біраз отырдық.Билеу залына кірдік сол кезде жаңағы мен үшін періште болған 2 қызға көзім қатты түсті жүрегім ауырды үстерінде  хиджап жоқ екеуіде өте қысқа киіп алған.Тәлтіректеп зорға билеп жүр мас екендері анық.Қасымдағы жігіттер  ол екі қызды жақсы танитын біз оларға таң қалып тесіле қарадық және мүлде түсінбедік.Мен өз басым одан кейін хиджаптағы қыздарға бір түрлі қарайтын болдым...иә  жалпы белгілі 5 саусақ бірдей емес...Сондықтан сіздердің ойларыңызды білгім келді.Жалпы бұл мәселеге не қосып аласыздар?мұндай адамдар бар оны жоққа шығара алмаймыз...Мүмкін ол 2 қыздың өзгеруіне үлкен қала кіналі мекен...я айтқандай мен ертесіне қайтіп кеткендіктен ол 2 қызды қайта көре алмадым.Мен істеген автобуста істеп жүрген  жолдасыма хабарласып сұрасам:хиджаптарын киіп алып жүр ғо иманды күнаһарлар деп мысқылдап күлді...Ал достар ой қосайық?мүмкін осы айтқан ойларымыз  көп жандарға сабақ болар...)))

9 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Ассаламу алайкум! Аладымен өзімді таныстыра кетейін мен Сарыағаш медресесінің түлегімін бірақ жұмысым IT саласында дінге қызмет аталмыш медресенің ресми сайтында админмін таныстырған себебім діннен хабары жоқтар аузына келгенін құсып мазамды алған.
Алдымен періште деген кім соған тоқталайық: Періште Алла тағалының нұрдан жаратқан мақлұқтары оларда нәпсі, жыныс деген болмайды яғни алтын көрсе жолдан таймайды нәпсіге беріліп немесе еркек, әйел болып бөлінбейді олар күна жасамайды себебі Алланы көріп тұрып оған құлшылық жасайды, төрт ұлы періште бар
1. Жәбірейіл  Алламен пайғамбарлардың арасында байланыс орнатушы
2.Әзрейіл Жан алушы
3.Микайл табиғаттағы құбылыстарға қарайды жауын жашын ыстық суық т.б
4.Исрафил қияметте сұр үрлеуші
басқада періштелер көп.
Енді қыздарды періштеге теңеу қалай болады соған тоқталайық , кімде кім қызды періштеге теңесе ол діннен шығады яғни ол мұсылман емес, еркекке теңесе үлкен күнә болады себебі періштелер пайғамбарларға сондац кейіпте түскен бірақ еркек емес.
Ескерту ешқашан адамзатты періштеге теңемеңіздер
Ал енді хиджапқа келсек ол арабтың ұлттық киімі емес мұсылманның киімі
Хижаб не үшін киіледі?
Әлемдердің Раббысы болған Аллаһ тағалаға мақтаулар, Пайғамбарлардың ең соңғысы болған Мұхаммедке Аллаһтың игілігі мен тыныштығы болсын.
Ия, хижаб деген ол не? Не үшін киіледі?
Алдымен осы сұрақтардың төңірегінде тоқталар болсақ.
Хижаб "حِجَابٌ" араб сөзі, "حَجَبَ" «хажаба» деген етістіктен шығады. Қазақ тілінде жасыру, көрсетпеу, жамылғымен жабу, қол сұқтырмау деген мағыналар береді. Шариғи жөнінен мұсылман әйелдің үстін толық жабатын жамылғы киімін айтады. Яғни, әйелдің беті мен саусақтардан басқа жерін міндетті түрде жауып тұратын киім; мойын, иық, сырға тағылған құлақ кісі көзінен таса болуы лазым. Сонымен бірге табанның да жабық болғанын дұрыс.
Алла тағала құран кәрімде былай дейді  :
(Мұхаммед Ғ.С.) Мүміндерге айт: (Бөгде әйелдерге қараудан) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Бұл олар үшін өте жақсы. Рас Алла, олардың не істегендерінен хабар алушы. (30)
Мүмін әйелдерге де айт: “(Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өзіндігінен көрінгендері басқа (беті, қол-аяқтары). Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін керсетпесін. Бірақ ерлеріне, әкелеріне, қайын аталарына, өз ұлдарына, өгей ұлдарына, аға-бауырларына, олардың ұлдарына, әпке-сіңлілерінің ұлдарына, Мұсылман әйелдерге, қолдарындағы күңдеріне, әйел керек қылмайтын қызметшілерге немесе әйелдердің ұятты жерлерін білмейтін балаларға көрсетулеріне болады. Және де көмескі зейнеттерін басқаларға білдіру үшін аяқтарын ұрып жүрмесін. Әй мүміндер, түгел Аллаға тәубе қылыңдар! Әрине құтыларсыңдар. (31)Нұр сүресі
Бізідің әжелеріміз келте юбка кимеген қазір сондай киімдердің кесірінен қыздығынан айырылып жатқандар көбеймесе азайған жоқ.Зере әжеден қазақты бүкіл әлемге танытқан Абай тәрбиеленіп өсті, еңкейсе арты көрінетіндерден қандай немере шығады хиджап арабтың киімі екен қысқа юбка кімнің киімі сонда
қазақта болмаған дегендерге
<a href="http://vfl.ru/fotos/69809273681314.html"><img src=" alt="VFL.RU - ваш фотохостинг" title="VFL.RU - ваш фотохостинг" border="0"></a>
<a href="http://vfl.ru/fotos/801920ee681315.html"><img src=" alt="VFL.RU - ваш фотохостинг" title="VFL.RU - ваш фотохостинг" border="0"></a>
ал мынау жеңіл әрі ықшам қимылға жақсы яғни замауй біз соңғы шыққан ұялы телефон соңғы үлгідегі мәшине мінеміз ғой сол сияқты, адамзат ақылды жіне тәжірибие жинады мына хиджаптар сол тәжірибенің жемісі
<a href="http://vfl.ru/fotos/3a0d444f681313.html"><img src=" alt="hidgab" title="hidgab" border="0"></a>
ал мынау екеуінің арасындағы айырмашылық малда ұятты жерін құйрығымен жауып жүреді мал құрлы жоқпызба сонда өз қолымызбен әпке қарындастарымызды өзгенің астына салып бердікпе мын киімді көрсе кез келген еркектің шахуаты қозбасына кім кепіл жүрегім таза дегендерге алтын сырға жүрегі тазалар Алладан қорқушылар олар Алланың парызын орындаушылар
<a href="http://vfl.ru/fotos/0d52aa30681296.html"><img src=" alt="VFL.RU - ваш фотохостинг" title="VFL.RU - ваш фотохостинг" border="0"></a>
мынау нихаб арабтардың қыздары сұлу келеді сол үшін бетінде көрсепеиді біздің кейбір адасқан қандастарымз осыны алып келді елге
<a href="http://vfl.ru/fotos/df452925681346.html"><img src=" alt="VFL.RU - ваш фотохостинг" title="VFL.RU - ваш фотохостинг" border="0"></a>
жаңағы қыздарға келсек шайтан бар екен адамзатты қияметке дейін адастыруда соны көрген екенсің қарындасың сондай болмағанына шүкір ет бұл біз үшін мысал


  [1]: http://%3Ca%20href=%22http://vfl.ru/fotos/801920ee681315.html%22%3E%3Cimg%20src=%22
  [2]: http://%3Ca%20href=%22http://vfl.ru/fotos/69809273681314.html%22%3E%3Cimg%20src=%22
  [3]: http://%3Ca%20href=%22http://vfl.ru/fotos/3a0d444f681313.html%22%3E%3Cimg%20src=%22
  [4]: http://%3Ca%20href=%22http://vfl.ru/fotos/0d52aa30681296.html%22%3E%3Cimg%20src=%22
  [5]: http://%3Ca%20href=%22http://vfl.ru/fotos/69809273681314.html%22%3E%3Cimg%20src=%22
Жақсы айттыңыз, Ясин. Сізден үйренерім көп секілді.
Yasin мырза, ...ресми сайтында админмінн,-деп айтып кетіпсіз сайтыңызды жаза кестеңіз, әлде де жақсы мақаллардан үлгі алып қалармыз!
Міне мұнда бәрі түсінікті айтылды.Ал Жәнібек  мынаны  оқы біздің байырғы апаларымыздың суретін көр.2 қыздың айырмашылығын қара Бәлкім ойыңның қате екенін түсініп ақылыңа ақыл қосарсың...
+1 дауыс
салем Али!ия ондай кунаһарларды менде коргенмін!менін тусінбейтінім сонда оларга НАМАЗ тек кана ойыншык болганыма?ондайлардын жер басып журуіне хакысы жок!бәрінде АЛЛАХ көріп турго!олардын жазаларын АЛЛАХ берсін,КАРАБЕТТЕРГЕ
Меніңше олар өздері  күнаһар бола тұра хиджап киіп судан таза сүттен ақ болып көрінгісі келетін секілді
Кешіріңіз, бірақ олардың жер басып жүруіне хақ беретін сіз емес)))
Ал қарабет деуіңіз (егер шынымен солай болса да) ғайбат болады.
+4 дауыс
Негізі олар екі жүзділер. Ондай қыздар хиджапты киуінің себебі тұрмысқа шығу үшін киеді. Әрине көпке топырақ шашпаймын. Мүмкін олар біткен қыздар шығар. Кезінде пендешілік жасаған шығар бірақ, пендемін деп оны қайталай беруге болмайды. Хиджап киген шын мұсылман қыз жігітпен сөйлесу былай тұрсын оның жүіне де көз салмайды. Адамдар періште емес пенде. Адам Алланың бұйрығын орындаса періштеден де үлкен дәрежені алады.
Дұрыс айтасын саған қосыламын!
+1 дауыс
Cәлем Али,намаз оқыған хиджап киетін қыздарға  жалпы қысқа киімді киюге болмайды,онда неліктен бостан-босқа намаз оқиды,бұлары дұрыс емес,сенің жағдайыңды түсінемін,сен ол қыздарды періштеге балағансың,бірақ бәрі керісінше болып шықты!!Не айтайын ол қыздарға Алланың айтатын сыны көп,әрине олар қанша дегенмен намаз оқып жүрген жоқпа?!Ойымды құп көр,мен қысқа киім киетін қыздарды мүлде ұнатпаймын,жалпы өзім кисемде ондай қысқа,ашық-шашықтан құдай сақтасын,аулақпын!Әрбір мұсылман қыздар осыны есте сақтасын,өз дінімізден асып кетпейік,достар!!!
Шынымды айтсам сол Алладан қорықпайтындардан мен қатты қорқамын.Ондай адамдардан барінде күтуге болады...
Ия солайғой,тек уайымдама бәрі жақсы болады!
+1 дауыс
Сұрағың өте орынды.  Мені де көптен бері мазалап жүрген сауал. Шынында ол қаздар қандай жолмен айналысатынын біліп тұрсыздар ғой. Негзі хиджаб киген дұрыс болар, ал түгелдей қап-қара тек көзін ашып қойғандарды түсінбеймін. Мен ондайлардан әрқашан аулақ жүрем.
Ал хиджаб негізі Арабияда киген дұрыс болар. Себебі Арабия ыстық, адамның бетін күйдіріп жіберетіндей. Сол үшін бетін қорғау үшін киетін болар деп ойлаймын. Ал Қазақстан неге киетінін түсінбеймін. Қақаған қыстада тастаймайды ғой сол қап-қара құрғұрды.
Енді қорыта айтсам сж-тағы қолданушылар осындай хиджаб киетіндер маған ренжімей-ақ қойсын. Ақиқат айтқан үшін маған ешкім кінә тақпас!!!
Жәнібек дұрыс айтасың!
Жәнібек хиджабты ыстықтағаннан кимейди ол парыз болып есептеледі.Ал сен айтып жатқан қара оранғандар олардың діні басқа ол хиджаб емес паранжа...тек айтарым қыздар хиджабты парызын өтеу үшін өзінің ұяты бар екенін білдіру үшін кисе екен деймін,арам жолға емес...
Сонда басқа киімдер қыздардың ұят жерлерін көрсетеді ме? Елестетші барлық қыздар сондай киім кисе не болмақ? Ұят нәрсе ғо. паранжа не хиджаб болсын олардың құндары мен үшін 5 тиынға тұрмайды.
1 спам
Оны киген кісі иманды болып кетеді деп айта алмаймын. Тек жүзінде иман, жүрегінде махаббаты бар адамдар ғана Аллахтың алдында ғана адал болмақ.
Адамның сырт келбеті ештене шепейтінің есінізде сақтаңыз!
1 спам
Мен саған басқа киімдер жайлы айтқаным жоқ, сен білмей тұрған затты түсіндіруге тырыстым.Барлық қыз  киіп жүрсе оте тамаша болар еді бірақ тек жақсы оймен.Араб  мемлекетінде барлық қыз киеді,біз елестетеиік деп жүргенде олар көздерімен көріп жүр.Барлық қыз ислам шарттарын орындаса бәлкім қазақ қыздары етегін көтеріп көшеде тұрмас еді,демалыс орындарында жабысып тұрған жастарды көрмес едік.Ұзын көйлек киген қыздың жамбасына қарамайсын,ал жабыстырып джинси киген қыздың жамбасына бір қарайсын.Мұны сенде қате дей алмайсың.Бірақ әргім әртүрлі ойлайды.Бұл жай ғана менің ойым...
Сенің ойынды жалпы түсіндім. Сенікінінде жөні бар. Келісем!
не дегенімен арабияда тәртіп қатал, бізге де сол керек шығар!
+2 дауыс
"Сиырдың аласы сыртында,Адамның аласы ішінде" ғо оны бір көргеннен білу мүмкін емес деп ойлаймын.
+2 дауыс
О, құдайым, өзің жар бола гөр!
*Ия,өкінішке орай сіз айтқандай адамдар,тіпті адам деуге келмейтіндер бар...
Олар тек хиджаб киіп, өздерін періште сияқты көрсеткісі келеді. Ал жан дүниесіне үңілсең... айтарға сөз жоқ.Құдайдан қорықса нетті. Сол хиджабты кимей-ақ жабық жүруге болады ғой. Ең бастысы арақ ішпей, темекі тартпай, жақсы ойлар ойлау. Ал, қалганы тек әшейін заттар. Мен хиджаб киу біздің салтымыз болсын, болмасын мен қарсымын. Ал шындығына келгенде хиджаб біздін салтымызда болмаған. Мен кыздарға жаланаштанып журіндер деп айтып жаткан жокпын. Бірак әр адамнын сана сезімі баска. Жалпы,айтарым қазіргі заманда ешкімге сенудің қажеті жоқ,оның өзі қорқынышты...*
Барлықтарыңызға алла жар болсын!
Ия осы еді менің айтарым. Али міне саған толық жауап!
ия қазақтың салтында хиджаб болмаған! оның орнына керемет ұзын көйлектер киген ғой!
Жоғардағы суреттерге қарасанызшы! Қазақтың салтында хиджаб болмаған дегендер! Дәлелі турғой!
+1 дауыс
Ия. Көптеген хиджаб киетін, намаз оқитын қыздар бар. Олардың барлығы демей ақ қояйын, осылай жасай жүре арақ ішіп, темекі тартып немесе жаман сөздер, қылықтар жасайтындары бар. Олар ойлайды. Ой біз хиджаб кисек болды ақпыз деп. Бірақ олар басқа қылықтарын ойлап көрді ме? Хиджабтың өзі үлкен мәселе. Мен ашық киін демеймін. Дұрыс жабық киіну керек.
Одан кейін, адамдардың ешқайсысы да періште емес, және болмайды да. Себебі Аллаһ тағаланың өз періштелері бар. Ал біз адамдар, Алланың құлдарымыз. Періштеге теңеудің қажеті жоқ. Олай болмайды.
Жаңағы екі қыздың жасағандары өте үлкен күнә деп ойлаймын.
+2 дауыс
Заманға сай, заманауи киініңдер деп осы мен неге шырылдаймын? Жеткізе алмай жүрген ойым осы еді ғой. Кезінде хиджап киюге қарсы шыққаным үшін кеудесін кергендер қайда кетті? Хиджап кимесе де, заман талабымен жабық киінуге болады.
Иә, өмірді көре береді екенсің, көре бересің де көне береді екенсің...
...