Психологиялық кеңес | 197 қаралды
197 қаралды
Ойламай шешім қабылдап өкінген уақытыңыз болды ма? Сонда не істедіңіз?

4 жауап

Сондай уақыт болды. Алғаш қалаға оқуға келген жылы. Автобус аялдамасында мынандай жарнамаға көзім түсті-: -Тез байып кеткіңіз келе ме ? ,-деген. Астында жазылған адрес бойынша бір офиске бардым. Болашақ деген компания екен. Сетевой маркетинг пе бір нарсе. Мені қарсы алған әйел қалай тез ақша табу жолдарын айтып жатыр. Артыңа екі адам жаздырасың.. бір айда мынандай айналым..70мың айлық 10күнде .... Әлгі апай сендіре сөйлегені соншалық. Не айтса да аузым ашылып, басымды изей беріппін.Қалтамда әжемнің берген 7мыңы бар еді, ойланбастан соны бердім. Тіркеді ме бір нарсе етті. Кейін бір аптадан соң барсам алгі офис жоқ. Алматыға ауысып кеттік дейді. Содан бері өздігімнен шешім қабылдамаймын. Ең жаман өкініш -қиямет күніндегі өкініш екен. Сондай өкініштен Алла сақтасын. Кеңесіп пішкен тон келте болмайды дейтін бар ғой. Отбасыңмен ақылдасып бастаған іс берекелі болады делінген . Ойланбай қадам жасамау керек.
Жақсы Жауап
Белгісіз
ойланбай шешімді бұрын көп жасайтын едім бірақ өзім сабақ алдым олай жасамау керек екен өкіндім бірақ егер сіз бәрі де артта қалады бұл да өтіп кетеді деп ойласаңыз бәрі де жақсы болады
Өмірде жаманы өткен іске өкіну. Ия, ойланбай шешім қабылдағанымның зардабын тарттым. Қанша уақыт ұмыта алмай жүрдім. Кейінірек "осылай болу керек болғаны да, бастысы барлығы өтіп кетті, енді мұндай болмайды, өкініш ешнәрсені өзгертпейді" деп өзімді жұбаттым. Ал қазір шешімді "жеті рет" ойлап барып қабылдаймын.
ойланбастан шешім қабылдаған сәттер  аз болған жоқ! Біреуіне де өкінген емеспін! Өйткені  һмірде болып жатқан әрбір іс  Алла Тағаланың бұйрығы ,солай керек болған және солай болды!
118,314 сұрақ
305,098 жауап
153,297 пікір
67,437 қолданушы