үркілер б.з V-XIII ғасырлары аралығында өмір сүрген. Олардың алғашқы мекені Алтай аймағы болған. Қазақ даласындағы түркілер дәуірінен сақталған ескерткіштер балбал тастар болып табылады. Сол кезден бастап бәдіз деген ұғым пайда болды. Бәдіз дегеніміз-тастан шауып, қашалып жасалған тас мүсін. Ал тас мүсін жасаушы адамды бәдізші деп атаған. Сондықтан бәдіз сөзінің төркіні Түрік қағанатты кезінде туындаған деген болжам бар. Б.з VI-VIII ғасырларында Алтай өңірінде ең алғаш рет балбал тастардың бір түрі кемпір-тастар пайда болған. Кезінде Еуропа саяхатшысы В.Рубрук XI-XII ғасырларда пайда болған кемпіртастар қыпшақтар мұрасы деп дәлелдеді. Түрік қағандығы тұсындағы мүсіндер тобы VI-VIII ғасырларда пайда болған деп есептеледі. Тастан жасалған жұмыр мүсіндерді әскербасының алып денесі, бет-пішіні сомдалған. Бұл мүсіндер Арғанаты деп аталады. Түркі халықтары мен көшпелі қазақ халқының мүсін өнеріндегі бастауы әріректе жатыр. Түркі халықтары мәдениетінің ортақ мұрасына айналған Күлтегін ескерткіші – асыл қазынамыз. Күлтегін ескерткіші - әлемдік өркениет мойындаған түркі халықтарының символдық белгісі. Ал түркі халқына ортақ музыка өнерінің хас шебері Қорқытқа қойылған Қорқыт ата мазары шамамен IX-XI ғасырларда созылған. Бабаша Қатын кесенесі X-XI ғасырларда Күн тәрізді өрнектеліп, қызыл кірпіштен өрілген. Әулие Ата күмбезі XI ғасырда Тараз қаласының батысында тұрғызылған. Бұл күмбез сол замандағы сәулет өнерінің озық үлгісі болып табылады. Ал XII ғасырда күйдірілген кірпіштен әсем әшекейленген Аяққайыр күмбезінің құрылысы өзінше бір әңгіме. Арыстанбаб кесенесі XII ғасырда пайда болған. Қожа Ахмет Йасауидың ұстазы Арыстанбабтың кесенесі-күрделі әрі сәулетті құрылыс. Ол дәлізхана, мешіт, азан шақыратын орын, мұнара және жеке бөлмелерден тұрады. Ал Айша бибі кесенесін XII ғасырда Қарахан салдырған. XII-XV ғасырлар аралығында шаршыланып салынған Қарашаш ана күмбезі, ал XIV ғасырда Қожа Ахмет Йасауи кесенесі тұрғызылды. Әлемдік күмбезді құрылымдардың туындауына түрткі болған ұлттық тұрғын үйіміз-киіз үйдің алатын орны ерекше. Қозы Көрпеш – Баян сұлу ескерткіші Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөз өзенінің сол жағалауында орналасқан. VII ғасырда Қазақстан жерінде Қарахан мемлекетінің астанасы- Баласағұн өаласы бой көтерді. Ол түркі тілінде Беклік, Бекініс деп аталған. VIII ғасырда Тарбаид деп аталған Ежелгі Отырар өаласы IX-X ғасырларда мәдениет пен ғылымның ошағына айналды. Мұнда сол заманның өзінде сәулетті ғимараттар, медреселер, мешіттер, кесенелер, сауда сарайлары салынған. Орта ғасырларда іргетасы қаланған Талғар қаласы.- Іле алқабындағы Ұлы жібек жолы бойында орналасқан. Қазба жұмыстары кезінде Талғар қаласы- Іле алқабындағы Ұлы жібек жолы бойында орналасқан. Ал Бабата қаласының жұрты Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында. Түркістан қаласының ежелгі аты –Йасы.