+1 дауыс
13.5k көрілді
Мен жалпы орысша анда-санда ғана дұрыс сөйлесіп кетемін, ал кейде еш сөйлей алмайтын адамдай жүрем. Негізі орысша жақсы білем деп те айтпаймын. Кішкене ғана сөйлей аламын. Менің көп шатасатыным, сандарды орысша дұрыс айта алмаймын, әсіресе телефон номерлерді, сағатты... Мысалы мына номерді сөзбен жазып беріңіздерші орысша.. 87016457700 деген номерді. Және мысалы мына уақытта орысша сөзбен жазып беріңіздерші. 15:21 дегенді.
А сосын, 30 минут бұрын кетті деген сөйлемді.
Осы сұрақты қойып отырған,біз білетін  ~Zilola~ ма екен?
Тусiнбедiм?
Инетте ~Zilola~ деген атпен өте сауатты бір ханым бар, сізді сол кісі ма деп қалдым, кешіріңіз.

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Орысша таза сөйлеу міндетті емес, ең бастысы мағынасын білу. Мектеп бітіріп оқуға түскенімде мен де орысшаға шорқақ болатынмын. Мен туып өскен ауылда бір ғана орыс отбасы тұрды, олардың өзі қазақ тілінен олимпиадаға қатысып жүретін, қазіргі уақытта қазақ тілінің ғылым кандидаты ғалымдары. Орысша кітап оқып тіл сындырсаң оңайлау болады. Күніне кемінде 2-3 сағат оқысаң жетіп жатыр, одан көп оқысаң тіптен жақсы. Тілді көбірек білгенге не жетсін, бірақ білмедім, дұрыс айта алмадым деп қымсынбау керек, сонда барып үйренесің. Негізі Сіз жүректі адам екенсіз, мұндай сұрақты қоюға әркімнің батылы бара бермейді, намыстанады.
+1 дауыс
87016457700- восемь семьсот один, шестьсот сорок пять, семьдесят семь, ноль ноль.
15/21- двадцать один минут шестнадцатого.
Ол 30 минут бұрын кетті- Он вышел тридцать минут назад. Он ушел тридцать минут назад.
Ушел(ер адам)/ушла( әйел адам) тридцать минут назад.
15/21- двадцать один минут четвертого деуге де болатын шығар.
неге четвертого????)))
Орыс тілінде, жалпы көптеген тілдерде, минуттар  кеткенде, жарымда солай айтады.
дұрыс екен ғой,шатасып кетіппін
–1 дауыс
87016457700 -*восемь семьсот один шестьсот сорок пять семьдесят семь два ноля!*
15:21-*дватьцать минут четвертого* немесе шамамен *пол четвертого* дей сал
30 минут бұрын кетті-*ушел минут тридцать назад* дей маа))
ушел 30мин назад
қалай айтсан да бәрібір,орыстардың өздері осылай айтады
Жауаптарыңызға көп-көп рахмет))
...