Орысша таза сөйлеу міндетті емес, ең бастысы мағынасын білу. Мектеп бітіріп оқуға түскенімде мен де орысшаға шорқақ болатынмын. Мен туып өскен ауылда бір ғана орыс отбасы тұрды, олардың өзі қазақ тілінен олимпиадаға қатысып жүретін, қазіргі уақытта қазақ тілінің ғылым кандидаты ғалымдары. Орысша кітап оқып тіл сындырсаң оңайлау болады. Күніне кемінде 2-3 сағат оқысаң жетіп жатыр, одан көп оқысаң тіптен жақсы. Тілді көбірек білгенге не жетсін, бірақ білмедім, дұрыс айта алмадым деп қымсынбау керек, сонда барып үйренесің. Негізі Сіз жүректі адам екенсіз, мұндай сұрақты қоюға әркімнің батылы бара бермейді, намыстанады.