+1 дауыс
828 көрілді
Android жүйесіне (планшетке) қазақша қаріп қоюға бола ма? Болса қалай қондырамын?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Нақты қандай Планшедке орнатқыңыз келіп жатқанын толығырақ жазсаңыз дұрыс болатын еді. Егер сіз Самсунгтің өнімдерін алған болсаңыз Қазақша әріптер құрамында бірге келеді. Тілдік баптауына кіріп Қазақша дегенді қоссаңыз ғана жеткілікті.
Мен Samsung Galaxy Ace S5830 телефонын алған болатынмын. Операциялық жүйесі Android 2.2 орнатулы тұр. Телефонның қазақша тілді мен қазақша әріптердің жиынтығы құрамында Самсунгтің өзіндің аудармасымен келген.  Яғни бұл телефонға ешқандай қосымша бағдарлама орнатпай-ақ қазақша әріптерді қолдайды. Тек Баптауға кіріп қазақша дегенді қосаңыз әріп тергенде Ц әріпін басып тұрсаңыз і әріпін таңдау шығады, Й басып тұрсаңыз ә әріпін таңдау шығады, Н басып тұрсаңыз Ң әріпі шығады, К басып тұрсаңыз Қ т.б. тауып алуға болады.
Егер сіздің планшед немесе андройд ОЖ қалданатын ұялы телефоныңызда қазақша әріптер жоқ болса ондай Google Play-ге кіріп Казахская клавиатура деген қосымшасын орнатамыз.
СанаСофт шығарған бұл қосымша қазақша әріптерді қосымша орнатуға мүмкіндік береді.  Ол қосымша [бағдарламаны мына жерден көрсеңіз][1] болады. Немесе ең қарапайым жолы Планшедті қосып бағдарламалар арасынан Play Маркет дегенді тауып алып ашамыз. Ары қарай іздеу мүмкіншілігі арқылы  Казахская клавиатура деп жазсаңыз тез тауып аласыз. Ары қарай жүктеп алып сонда көрсетілген баптауды орнатсаңыз жеткілікті.  Егер қиындықтар туып жатса осында пікір ретінде қалдырыңыз, сосын сіз орнатқалы жатқан планшед ненің өнімі, маркасын жаза кетсеңіз.


  [1]: https://play.google.com/store/apps/details?id=com.sanasoft.inputmethod.kazakhkeyboard&hl=ru
0 дауыс
Болады. Android markette  арнайы программа бар. Соны жүктеу керек.
нақтырақ болса, көмек?
...